7)
|
Республикалық ұйымдарда:
басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:
театрларда, концерттік ұйымдарда:
шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды іске асыруға байланысты жұмыстар үшін;
музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында):
тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;
кітапханаларда, кітап палатасында:
кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;
мемлекеттік архивтерде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін
|
|
ЛА-дан 50 %
|
|
8)
|
Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында:
басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:
театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде:
шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін;
музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), реставрациялау орталықтарында және т. б.):
тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;
кітапханаларда:
кітап қорының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;
мәдени-демалыс ұйымдарында
(клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде) және т.б.):
халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін;
кинематографиялық ұйымдарда:
фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін;
мемлекеттік архивтерде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін
|
|
ЛА-дан 35 %
|
|