Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 328 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне:

      "2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      D санаттарының тобы:

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттарына (хатшылықтарына) жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдары тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа кіші топпен толықтырылсын:

      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарға есеп беретін және олардың бақылауындағы аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары

      D-R-1 санаты

      Бөлім басшысы

      D-R-2 санаты

      Бөлім басшысының орынбасары

      D-R-3 санаты

      Сектор меңгерушісі

      D-R-4 санаты

      Бас маман

      D-R-5 санаты

      Жетекші маман";

      2) "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні ротация жүзеге асырылған алдыңғы лауазымға, оның ішінде конкурстың қорытындылары бойынша тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін жол беріледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімі тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша мемлекеттік саяси қызметшіге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты қабылдануы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады