"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 384 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есеп бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентiне ақпарат тәртібімен ұсынсын;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2020 жылғы
ЕСЕП

      Мазмұны:

      1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есеп.

      2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2020 жылғы есеп.

      3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі
2020 жылғы өзге де деректер.

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2020 жылғы есеп


Р/с №

Қаржылық есептілік баптарының атауы

Сомасы
(мың теңге)




1

2

3

1.

Есепті кезеңнiң басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ

27469965290*

2.

Түсімдер, БАРЛЫҒЫ:
оның ішінде:
- мұнай секторының ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
экспортқа салынатын рента салығы;
жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;

5528656609
 
1400987515

 
429775716
95521555
2683641
265166921
160310544
422475727
 


мұнай секторының ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық;
- мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда), оның ішінде:
мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;
- республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- инвестициялық кірістер;
- республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер

25053411
 
 
 
 
-752391

 
 
-8763500
 
 
 
1734433
 
 
 
6275009
 
 
1667
 
2114409
19731
275744
4105388739
20622862
 
 
 

3

Пайдалану, БАРЛЫҒЫ:

4785134448


- кепілдендірілген трансферттер;
- нысаналы трансферттер;
- Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу

4770000000
 
15134448

4

Ұлттық қордың есепті кезеңнің соңындағы қаражаты, БАРЛЫҒЫ:

28213487451**


      Ескертпе:

      * 2020 жылдың басындағы сальдо 9692180 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2353312883 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;

      ** 2020 жылдың соңындағы сальдо 12660508 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2312182845 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.

      2020 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қордың қаражаты 27469965290 мың теңгені (25106960178 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2020 жылғы 31 желтоқсанға 28213487451 мың теңгені (25888644049 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.

      2020 жылы Ұлттық қорға 1423267870 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторының ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) – 1400987515 мың теңге, оның ішінде 781070661 мың теңгесі (1882103 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Ұлттық қордың теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – (-) 752391 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 275744 мың теңге және республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер – 2114409 мың теңге, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер – 19731 мың теңге.

      Сондай-ақ 2020 жылы Ұлттық қорға жалпы сомасы 20622862 мың теңге ерікті түрде ақша аудару жүргізілді, оның ішінде:

      19678390 мың теңге – "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-дан;

      944472 мың теңге – "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ның еншілес ұйымы "Estate Management Company" АҚ-дан.

      Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс түсімдерінің бағамдық түзетуді ескере отырып есептелген сомасы 4105388739 мың теңгені құрады.

      2020 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:


Салықтық /салықтық емес түсімдердің түрлері

Сомасы
(мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі, (%)



1

2

3

Мұнай секторының ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

429775716

30,69

Үстеме пайдаға салынатын салық

95521555

6,82

Бонустар

2683641

0,19

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

265166921

18,94

Экспортқа салынатын рента салығы

160310544

11,45

Мұнай секторы ұйымынан өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі

422475727

30,17

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық

25053411

1,79

Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

-8763500

-0,62

Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

1734433

0,12
 

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

6275009

0,45

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

1667

0

БАРЛЫҒЫ:

1400235124

100


      Мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы сомасының 60,86 %-ы заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығына (30,69 %) және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесіне (30,17 %) тиесілі; пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 18,94 %, экспортқа рента салығы – 11,45 %, үстеме пайдаға салынатын салық – 6,82 %, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және мұнай секторы ұйымдарынан жер қойнауын пайдалануға баламалы салық – 1,79 % құрайды.

      Бұдан басқа 2020 жылға арналған мұнай секторы ұйымдарының бекітілген тізбесіндегі (155 ұйым) 111 ұйым ғана Ұлттық қорға тікелей салықтарды төлеуді жүргізгенін атап өткен жөн.

      "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 4770000000 мың теңге жоспарланып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға кепілдік берілген трансферт түрінде 4770000000 мың теңге аударылды, бұл жылдық жоспардың 100 % құрайды.

      Есепті жылы теңгемен номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 20667410 мың теңге купондық сыйақылар алынды, оның ішінде:

      19800314 мың теңге – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигациялары бойынша;

      843095 мың теңге – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигациялары бойынша;

      24000 мың теңге – "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ облигациялары бойынша.

      Сондай-ақ 2020 жылы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ эмитенті жалпы сомасы 88803913 мың теңгеге ISIN KZ2C00004612 облигацияларын мерзімінен бұрын өтеді.

      Облигациялық қарыздар түрінде бөлінетін қаражатты есепке алмағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуы (миллиард теңге)


      и

      Ұлттық қордың валютасы АҚШ доллары болып табылатынын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдер (1402645008 мың теңге) 2019 жылмен салыстырғанда (2859193338 мың теңге) 1456548330 мың теңге сомаға немесе 49 %-ға азайды. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтардың азаюы негізінен әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.

      Инвестициялық кірісті есепке алмағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер (миллиард теңге)


      р

      Мәселен, есепті кезеңде Ұлттық қордың жиынтық активтері 2019 жылмен салыстырғанда 6,18 % немесе 4044 миллион АҚШ долларына азайған.






      Ұлттық қордың ағымдағы шотында теңгедегі ақша қалдығы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 441555267 мың теңгені құрады.

2-тарау. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі туралы есеп

      "Делойт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Ұлттық қор аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Ұлттық қордың қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

      2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 85051474 мың теңгені құрады, оның ішінде:

      1) 33747504 мың теңге – инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасымен кредиторлық берешегі;

      2) 38643462 мың теңге – 2021 жылғы 5 қаңтар мәмілелерді валюталау күні Қордың тұрақтандыру портфелінен АҚШ долларын теңгеге қайта айырбастау операциялары бойынша кредиторлық берешек;

      3) 12660508 мың теңге – Қорға көрсетілген қызмет үшін теңгемен кредиторлық берешек, оның ішінде:

      а) 11603186 мың теңге – активтерді басқарғаны үшін комиссия, оның ішінде:

      2064104 мың теңге – Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;

      9539082 мың теңге – Қордың сыртқы басқарушыларының қызметі үшін;

      б) 1057321 мың теңге – өзге де есептелген шығыстар, оның ішінде:

      1014821 мың теңге – Қор кастодиандарының қызметтері үшін;

      42500 мың теңге – Қордың аудиті бойынша қызметтер үшін.

  1-нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен міндеттемелері туралы есеп (мың теңге)

Баптардың атауы

2020 жылғы
31 желтоқсан

2019 жылғы
31 желтоқсан

1

2

3

Активтер



Ақша қаражаты және оның баламалары

1195369950

1365310110

Пайдалануға қолжетімсіз ақша қаражаты

265885158

234894972

Алтын

1010522092

389696712

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары:



- Қордың меншігіндегі

22718468724

22421262694

- РЕПО мәмілелері бойынша кепілмен ауыртпалық салынған


-

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздар

695563977

705074904

Туынды қаржы құралдары

15408425

2634646

Дебиторлық берешек

84378027

97653352

Активтердің жиыны

25985596353

25216527390




Міндеттемелер



Туынды қаржы құралдары

11900830

753009

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек


-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

85051474

108814203

Міндеттемелердің жиынтығы

96952304

109567212




Таза активтер

25888644049

25106960178


      2020 жылғы 31 желтоқсанға Ұлттық қордың дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 84378027 мың теңгені құрады, оның ішінде:

      1) 45735083 мың теңге – инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешек;

      2) 38642944 мың теңге – 2021 жылғы 5 қаңтарда мәмілелерді валюталау күні Қордың тұрақтандыру қоржынынан АҚШ долларын теңгеге айырбастау операциялары бойынша дебиторлық берешек.


  2-нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жиынтық кірісі туралы есеп (мың теңге)


Баптардың атауы

2020 жыл

2019 жыл


1

2

3

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

312643140

317633383

Дивидендтер түріндегі кірістер

82 266 530

104877456

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түскен таза кіріс/(зиян)

1139472592

1023340123

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түскен таза кіріс/(зиян)

1393627

(105484)

Шетел валютасымен операциялардан түскен таза кіріс/(зиян)

173760319

249617384

Кірістердің жиынтығы

1709536208

1695362862

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

(16430018)

(13001322)

Кастодиандық қызметтер үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

(1630252)

(1309276)

Аудиторлық қызметтер үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

(42500)

(42500)

Кәсіби қызметтер үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

-

-

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорларды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

(5)

(81)

Шығыстардың жиынтығы

(18102775)

(14353179)

Таза пайда/ (залал)

1691433433

1681009683

Басқа да жиынтық кіріс/ (залал)



Қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырма

2395852531

(86882496)

Басқа да жиынтық кіріс/ (залал)

2395852531

(86882496)

Кезеңдегі жиынтық кірістің/ (залалдың) барлығы

4087285964

1594127187


      Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша 2020 жылғы негізгі көрсеткіштер:

      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер 1709536208 мың теңгені;

      2) басқарудан болатын шығыстар 18102775 мың теңгені;

      3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма 2395852531 мың теңгені құрады.

      Осылайша, 2020 жылы таза кіріс 1691433433 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергенге дейінгі жалпы жиынтық кіріс 4105388739 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 4087285964 мың теңгені құрады.

      Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша 2020 жылғы 1 қаңтар – 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде базалық
валюта АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) пайда болды, ол 4157430 мың АҚШ долларын құрады.

      Ұлттық қордың шотынан 2020 жылдың ішінде Ұлттық қорды басқаруға байланысты жалпы сомасы 15134448 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:

      1) 10418477 мың теңге – Ұлттық қорды сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2020 жылы көрсетілген қызметтер үшін 6668816 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 3749661 мың теңге;

      2) 3245095 мың теңге – Ұлттық қорды сенімгерлік басқару бойынша сыртқы басқарушылардың комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2020 жылы көрсетілген қызметтер үшін 765994 мың теңге және өткен жылдары көрсетілген қызметтер үшін 2479101 мың теңге;

      3) 1428371 мың теңге – Ұлттық қордың кастодиандары көрсететін қызметтер үшін, оның ішінде 2020 жылы көрсетілген қызметтер үшін 1052066 мың теңге және өткен жылдары көрсетілген қызметтер үшін 376305 мың теңге;

      4) 42500 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізу бойынша өткен жылдары көрсетілген қызметтер үшін;

      5) 5 мың теңге – теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2020 жылы көрсеткен қызметі үшін.

      2020 жылғы 31 желтоқсанда Ұлттық қорды басқару бойынша есептелген шығыстардың жалпы сомасы 18102775 мың теңгені құрады, ол мынадай сомалардан тұрады:

      1) 85317801 мың теңге – Ұлттық Банктің Қор активтерін сенімгерлік басқару бойынша комиссиялық сыйақысы;

      2) 7898237 мың теңге – Қордың сыртқы басқарушыларының қызметтері үшін;

      3) 1630252 мың теңге – Қор кастодиандарының қызметтері үшін;

      4) 42500 мың теңге – Қордың аудиті бойынша қызметтер үшін;

      5) 5 мың теңге – "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша қызметтері үшін.


  3-нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)


Баптардың атауы

2020 жыл

2019 жыл


1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Таза пайда / (шығын)

1691433 433

1681009683

Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша (дисконттың)/сыйлықтың амортизациясы

(38633266)

(36319814)

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

-

-

іске асырылған кіріске түзетулер



Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кірісі)/шығын

(1410921890)

(853990129)

Операциялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы

241878277

790699740

Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы:



Пайдалану үшін қолжетімсіз ақша қаражатын бұғаттау әсері

(30990186)

2790208

Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары

3509568392

(924083308)


1

2

3

Алтын

(620825380)

(389696712)

Туынды қаржы құралдары

(12773779)

5932940

Дебиторлық берешек

13275325

(96969318)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы / (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

11147821

(7046707)

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

-

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

(23762729)

98048596

Операциялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

3087517741

(520324561)

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын (сатып алу) / сату немесе өтеу

48144192

28172904

Инвестициялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

48144192

28172904

Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

1402645008

2877611645

Республикалық бюджетке аударымдар

(4770000000)

(3070000000)

Бұрын алынған қаражатты қайтару

41130037

25557992

Өзге де түсімдер

20622862

5822494

Қаржы қызметінен (қызметіне) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

(3305602093)

(161007869)

Ақша қаражаты және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

(169940160)

(653159526)

Кезең басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1365310110

2018469636

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1195369950

1365310110


      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

      (мың теңге)

  4-нысан


Түсімдер Аударымдар Таза пайда / (шығын) Валютаны қайта бағалау бойынша резерв Барлығы
1 2 3 4 5 6

2018 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

30067598521

(24378172695)

1705798332

16278616702

23673840860

Таза пайда / (шығын)



1681009683


1681009683

Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайда немесе шығын құрамына қайта жіктелуі мүмкін емес баптар:






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері




(99205840)

(99205840)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/(шығынға) әсері және басқа да қозғалыстар




12323344

12323344

Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелуі мүмкін емес баптардың барлығы:




(86882496)

(86882496)

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы



1681009683

(86882496)

1594127187

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен жасалған операциялар






Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

2877611645




2877611645

Республикалық бюджетке аударымдар


(3070000000)



(3070000000)

Бұрын алынған қаражатты қайтару

25557992




25557992

Өзге де түсімдер

5822494




5822494

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

2908992131

(3070000000)



(161007869)

2019 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

32976590652

(27448172695)

3386808015

16191734206

25106960178



Түсімдер Аударымдар Таза пайда (шығын) Валютаны қайта бағалау бойынша резерв Барлығы
1 2 3 4 5 6

2019 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

32976590652

(27448172695)

3386808015

16191734206

25106960178

Таза пайда / (шығын)



1691433433


1691433433

Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелуі мүмкін емес баптар:






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері




2514699062

2514699062

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/(шығынға) әсері және басқа да қозғалыстар




(118846531)

(118846531)

Пайда немесе шығын құрамына кейіннен қайта жіктелуі мүмкін емес баптардың барлығы




2395852531

2395852531

1

2

3

4

5

6

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы



1691433433

2395852531

4087285964

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялар






Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

1402645008




1402645008

Республикалық бюджетке аударымдар


(4770000000)



(4770000000)

Бұрын алынған қаражатты қайтару

41130037




41130037

Өзге де түсімдер

20622862




20622862

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

1464397907

(4770000000)



(3305602093)







2020 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық

34440988559

(32218172695)

5078241448

18587586737

25888644049


      Ұлттық қордың таза активтері 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 25888644049 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 3,11 %-ға өсу байқалады.

3-тарау. Ұлттық қорды басқару жөніндегі 2020 жылғы өзге де деректер

      Ұлттық қордың валюталық портфелінің және қазақстандық эмитенттер облигацияларының теңгелік портфелінің жиынтық нарықтық құны, сондай-ақ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы теңгелік шоттағы қалдық 61444635703 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюталық портфель – 58743062340 АҚШ доллары (95,60 %), облигациялардың теңгелік портфелі – 1652524239 АҚШ долларына баламалы (2,69 %), теңгелік шоттағы қалдық – 1049049125 АҚШ доллары (1,71 %). Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақтау портфелінің нарықтық құны тиісінше 4255992623 АҚШ долларын (7,25 %) және 54487069716 АҚШ долларын (92,75 %) құрады.

      Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны жаһандық кастодиан деректеріне негізделеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтерін бөлу құрылымы


Мандаттың түрі Барлығы
Нарықтық құны USD-мен %

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары

33368260212

56,80 %

Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары

1684646458

2,87 %

Корпоративтік облигациялар

1534843885

2,61 %

Ақша нарығы

4255992623

7,25 %

Акциялар

14566162987

24,80 %

Жаһандық тактикалық бөлу

932352933

1,59 %

Алтын портфелі

2400803242

4,09 %

БАРЛЫҒЫ

58743062340

100,00 %


      Тұрақтандыру портфелінің активтерін бөлу серпіні


Активтер сыныбы

2017

2018

2019

2020

Ақша және ақша нарығының құралдары

77,58 %

87,11 %

88,48 %

67,03 %

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар

22,42 %

12,89 %

11,52 %

32,97 %

Тұрақтандыру портфелінің барлығы

100,00 %

100, 00%

100,00 %

100,00 %


      Есепті кезеңнің соңында эталондық индекске кіретін елдердің қолма-қол валютасы мен МБҚ үлесі тұрақтандыру портфелінің құрамындағы тұрақтандыру портфелі көлемінің шамамен 85,07 %-на тең болды.

      Жинақтау портфелінің активтерін бөлу серпіні


Активтер сыныбы

2017

2018

2019

2020

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

75,06 %

71,79 %

70,54 %

65,14 %

Акциялар

23,49 %

20,96 %

24,29 %

26,91 %

Ақша және ақша нарығының құралдары

1,45 %

7,24 %

3,24 %

3,55 %

Алтын

0 %

0 %

1,93 %

4,41 %

Жинақтау портфелі

100,00 %

100,00 %

100,00 %

100,00 %


      2020 жылғы 31 желтоқсанға елдік қатынаста Ұлттық қордың жинақтау портфелінің активтерін бөлуде ең көп үлес мыналарға тиесілі: АҚШ (48,83 %), Еуроаймақ елдері (12,55 %), Жапония (7,42 %), Ұлыбритания (6,39 %), Канада (3,99 %), Аустралия (3,73 %), халықаралық қаржы ұйымдары (3,36 %), Қытай (2,27 %), Оңтүстік Корея (5,53 %), Швейцария (1,03 %) және басқа елдер (4,45 %).

      2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірістілігі 7,57 % құрады.

      2020 жылы Ұлттық қордың валюталық активтерімен инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған инвестициялық кіріс 4157 миллион АҚШ долларын құрады.

      Құрылғаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кірістілігі 103,44 % құрады, бұл жылдық мәнде 3,69 % құрайды.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи кірістілігі (АҚШ доллары)





      Ұлттық қордың таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық портфель түрлері) бойынша жіктелген:

      1) тұрақтандыру портфелі;

      2) жинақтау портфелі:

      дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі;

      дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі;

      инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар портфелі;

      акциялар портфелі;

      алтын портфелі;

      активтерді тактикалық бөлу портфелі.

      Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 2020 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығында 0,95 % құрады, осы кезеңде эталондық портфельдің (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 1,05 % құрады. Осылайша, тұрақтандыру портфелінің активтерін басқару нәтижесінде 2020 жылы теріс үстеме кірістілік алынды, ол (-) 0,10 % құрады.

      Жинақтау портфелінің кірістілігі 2020 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығында 8,02 % құрады.

      "Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары" мандатын басқару кірістілігі 2020 жылдың басынан бастап 31 желтоқсан аралығында эталондық портфельдің жаңа құрамын қолдану үшін құрылған өтпелі кезеңді қоспағанда 4,18 % құрады. Бенчмарктің кірістілігі 4,12 % болды. Тиісінше мандаттың үстеме кірісі 0,06 % құрады. Сонымен бірге жыл ішінде сыртқы басқарушылардың басқаруын қалпына келтірудің әртүрлі мерзімдерін назарға ала отырып, әр басқарушының жеке басқаруы басталған кезден бастап есептелген портфельдің орташа алынған кірістілігі 0,10 % құрады. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мандаттың осы түрі бойынша басқаруды алты сыртқы басқарушы және Ұлттық Банк жүзеге асырды.

      "Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары" мандаты бойынша портфель:

      1) дамушы елдердің екі сыртқы басқарушы басқаратын мемлекеттік облигациялар портфелінен (активтерді басқару нәтижелері бойынша кірістілік 5,85 % құрады, ал бенчмарк бойынша кірістілік 5,71 % құрады. Мандаттың үстеме кірістілігі 0,13 % құрады);

      2) Ұлттық Банк дербес басқаратын Қытай юаніндегі портфельден (қытай юаніндегі портфелінің құрылған кезден (2020 жылғы тамыз айынан) бастап 2020 жылдың соңына дейін кірістілік 6,02 % құрады, бұл портфель үшін бенчмарк көзделмеген) тұрады.

      "Инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқаруды 3 сыртқы басқарушы жүзеге асырады. Мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқарудан түсетін кірістілік 13,04 % құрады, ал бенчмарктің кірістілігі 8,82 % болды. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік 4,21 % болды. Мандаттың осы түрі бойынша басқарушылар активтерді басқаруды есепті кезеңнің мамыр, қазан және желтоқсан айларында кезек-кезегімен бастады. Әрбір жеке басқарушы басқара бастағаннан бері есептелген портфельдің орташа алынған кірістілігі 0,78 % құрады.

      "Жаһандық акциялар" мандатын басқару нәтижелері бойынша кірістілік 13,67 %, ал бенчмарктің кірістілігі 16,42 % құрады. Актив мандат басқарушы және екі пассив мандат басқарушысы 2020 жылдың мамырында нақты басқаруды кастодианның жаңа моделіне ішкі жүйелерді дайындау рәсімдері аяқталғаннан кейін бастағандықтан, эталондық портфельдің кірістілігі портфельдің кірістілігінен 2,75 % асып түсті. Бұл ретте басқару қалпына келтірілген кезден бастап 2020 жылдың соңына дейін сыртқы басқарушылардың орташа алынған үстеме кірістілігі 1,32 % құрады.

      Қазіргі уақытта "Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" мандатының түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқаруды бір сыртқы басқарушы жүзеге асырады. Мандаттың осы түрі бойынша басқарудан түскен кірістілік 7,36 % болды.

      2020 жылғы алтын портфелі бойынша басқарудан түскен кірістілік 24,20 % болды.


      2020 жылғы жинақтау портфелінің кірістілігі





      2020 жылғы тұрақтандыру портфелінің кірістілігі





      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша 2020 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылы Ұлттық қордың активтерін басқару процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырды.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысымен сыртқы басқарушыларды таңдау және мониторингтеу процесін жетілдіру, сондай-ақ оларды бағалау үшін ең үздік әлемдік практикаларды қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді.

      Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 56 қаулысымен Қордың жинақтау портфеліндегі "Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары" мандатына арналған эталондық портфельдің жаңа құрамы бекітілді. Осылайша, 2020 жылдың мамыр айынан бастап АҚШ долларының үлесі 62,50 %-ға дейін өсті және корей вонасында облигациялардың үлесі 0 %-ға, еурода 12,50 %-ға дейін төмендеді.

      2020 жылғы тамызда теңгерімді бөлуге көшуге сәйкес қытай юанімен портфель қалыптастырылды, оның нарықтық құны 2020 жылдың соңында шамамен 416 миллион АҚШ доллары немесе жинақтау портфелінің 0,76 % сомасына баламалы болды.

      Сондай-ақ, нарықтағы белгісіздік жағдайларында Қордың тәуекелі төмен активтерінің үлесін сақтау мақсатында "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына бес миллиард АҚШ доллары сомасындағы тұрақтандыру портфелінің төмендетілмейтін көлемін белгілеуге қатысты өзгерістер енгізілді ("Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21282 болып тіркелді).

      Covid-19 пандемиясынан туындаған жаппай карантинге байланысты әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір баяулауы аясында қолайсыз сәтте инвестициялау тәуекелін барынша азайту мақсатында Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында жаңа стратегиялық бөлуге көшуді іске асыру мерзімін 2022 жылдың соңына дейін 1 жылға ұзарту бекітілді.

      Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есеп және сыртқы аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2020 жылғы 18 маусымда "Казахстанская правда" газетінің № 116 санында жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) орналастырылды.

      Ұлттық қордың қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Ұлттық қордың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады