"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 417 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы

      2019 жылғы 30 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады