"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 421 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А.Мамин

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы

      2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      3. Қазақстан      Республикасының Үкіметі 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.

      4. Мемлекеттік комиссия:

      1) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекітсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, хатшы

      Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары

      "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысты үйлестіретін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

      "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

      "Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

      "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

      "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы - "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

      Ісмақова Айгүл Серікқызы - "М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

      Ермұхамед Маралбек - "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, PhD доктор (келісім бойынша)

      Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы - "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Айтылған тарих" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

      Қамзабекұлы Дихан - "Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

      Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы - "Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Отырар" кітапханасы" ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

      Тілешов Ербол Ерденбекұлы - "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл- Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

      Имаханбет Райхан Сахыбекқызы - "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Тіл құрал" оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады