"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 448 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) мазмұнында 424-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету";

      2) 3-баптың 29) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар – осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің
2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;";

      3) 189-бапта:

      үшінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      4) 190-бапта:

      үшінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 424-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жәрдем көрсету мақсатында өзі қызметкері болып табылатын адамның мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпаратты жария ету, егер бұл іс-әрекеттi аталған мәлiметтер оның қызметтiк жұмысына байланысты сенiп тапсырылған немесе белгiлi болған адам жасаса, –".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 35-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қылмыстық қудалау органдары мен соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде адамның әрекеттерінде әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін он тәулік ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жіберуге міндетті.";

      2) 97-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Куәгерлердiң, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету тәртiбi "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";

      4-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Қылмыстық қудалау органы "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қауiпсiздiк шараларының күші оларды қолдану қажеттiлігі жойылғанда қылмыстық процестi жүргізетін органның не қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не прокурордың немесе соттың уәжді қаулысымен, сондай-ақ үкіммен жойылады. Қорғалатын адамға оның қауiпсiздiгі шараларының күші жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердiң ашылғандығы туралы дереу хабарлануға тиiс. Қылмыстық процесті жүргізетін органның "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын тағайындау туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешіміне қорғалатын адамның сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалған шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.";

      3) 187-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған кезде төртінші бөлігінде), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған кезде төртінші бөлігінде), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364 – 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.";

      4) 288-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаулының қарар бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға негіз болған осы Кодекстің бабына (бөлігіне, тармағына) сілтеме жасала отырып, істі тоқтату туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау, мүлікке тыйым салу, лауазымынан уақытша шеттету, сөйлесулерді тыңдау мен жазу шарасының, процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін басқа да процестік мәжбүрлеу, тергеу және процестік әрекеттер шараларының күшін жою туралы нұсқау, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы, сондай-ақ қорғалатын адамға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оны одан әрі жүзеге асыру туралы шешім баяндалады.";

      5) 327-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату

      Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ басты сот талқылауында мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда тоқтату туралы қаулы шығарады. Судья істi тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып, бұлтартпау шарасын, азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының күшін жояды және заттай дәлелдемелер, егер олар қабылданған болса, қорғалатын адамның қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе жалғастыру туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi тоқтату туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға және жәбiрленушiге табыс етіледі. Қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешім қабылданған кезде шешімнің көшірмесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін органдарға жіберіледі.";

      6) 401-баптың 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың күшін жою, қолдану, өзгерту немесе жалғастыру туралы мәселені шешу;";

      7) 476-баптың 22) тармағындағы "туралы мәселелерді қарау жатады." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақпен толықтырылсын:

      "23) қорғалатын адамдардың қауіпсіздік іс-шараларын жүзеге асырудың күшін жою, қолдану, өзгерістер енгізу немесе жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.".

      3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 23-баптың 2-тармағының 28) тармақшасындағы "етуге міндетті." деген сөздер "етуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) жұмыскер еңбек қатынастарында тұрған ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе осы ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында жүгінген кезде осы жұмыскермен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.";

      2) 26-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өзінің кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты атқаратын лауазымынан шығарылған адамды;";

      3) 52-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасындағы "жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады." деген сөздер "жасаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамның шығыстары өзінің кірістеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстан шығаруға әкеп соғатын сәйкес келмейтін жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады.";

      4) 139-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымдарына:

      1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      2) азаматтық қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өзінің кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты атқаратын лауазымынан шығарылған адам қабылдана алмайды.";

      5) 159-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте өзі еңбек қатынастарында тұрған ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) жұмыскер тарапы болып табылатын жеке еңбек дауы осы ұйымның басшылығын хабардар ету жолымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен жұмыскердің өзі қызметкері болып табылатын ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына жүгінуі туралы ақпаратты жария етпеуді қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілін міндетті түрде шақыра отырып қаралады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы жұмыскердің хабарламасын қабылдаған күннен бастап немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл бойы қолданылады.

      Ұйым басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсеткен, оның ішінде бұрын осы ұйыммен еңбек қатынастарында болған қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек дауын қарау қажеттігі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның хабарламасы келіп түскен жағдайда, жұмыс беруші "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен осы дауды қарау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.".

      4. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      10-баптың 1-тармағының д) тармақшасындағы "қажеттігі негіздер болып табылады." деген сөздер "қажеттігі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:

      "е) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдардың жеке қауіпсіздік шараларын қолдануы туралы қаулылар шығарылған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі негіздер болып табылады.".

      5. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің күштерін, құралдарын, нысандарын, әдістерін және нәтижелерін ашатын мәліметтер, егер олар санамаланған мәліметтерді ашатын болса, осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер;".

      6. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету

      Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарын мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету оларға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері төнген кезде қолданылатын осы Заңда көзделген қауіпсіздік, құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларын (бұдан әрі – мемлекеттік қорғау шаралары) уәкілетті мемлекеттік органдардың жүзеге асыруынан тұрады.";

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар

      1. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін:

      1) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган;

      2) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қамтамасыз етеді.

      2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне жүктеледі.

      Бұл ретте жекелеген қауіпсіздік шаралары өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

      Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша бекітетін бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

      3. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес шешім қабылдаған жағдайда қауіпсіздік шараларын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған орган не судья айқындаған өзге де қылмыстық қудалау органы, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сот приставтары орындайды.";

      3) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) қылмыстың алдын алуға немесе оларды ашуға ықпал ететін адамдар;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) куәлер, қорғалуға құқығы бар куәлер;";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қорғалуға жататын тұлғаларға қатысты күш қолдану не қылмыстық заңға қарсы өзге де іс-әрекеттер қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар өз құзыреті шегінде осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қолдануға міндетті.";

      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қауiпсiздiк шараларының түрлерi

      1. Қорғалатын адамдардың жеке және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде немесе соттың iстi талқылауы барысында қылмыстық процестi жүргiзетін орган нақты мән-жайларды ескере отырып, мынадай қауiпсiздiк шараларын қолдануға құқылы:

      1) күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекет жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту;

      2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеу;

      3) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушы адамдарға күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алу;

      4) жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберу;

      5) соттың жабық отырысын өткiзу;

      6) соттың куәден – бүркеншiк атын пайдалана отырып, оның жеке басы туралы мәлiметтердi жарияламай;

      оны танып қоюды болдырмайтын жағдайларда;

      сот талқылауына басқа қатысушылардың оны сырттай шолып байқауынсыз;

      қажет болғанда бейне, дыбыс жазуға және жауап алу барысын түсiрiп алудың өзге де тәсiлдерiне тыйым сала отырып жауап алуы;

      7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жақындауға тыйым салу;

      8) қорғалатын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғалатын адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулысының негізінде бір мезгілде жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мынадай шараларының бірнешеуін не біреуін таңдайды және қолданады:

      1) жеке күзет, тұрғын үйiн және өзге де мүлкiн күзету;

      2) жеке қорғану және өзін өзі қөрғау құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету;

      3) қауiпсiз орынға уақытша орналастыру;

      4) қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету;

      5) басқа тұрғылықты жерге көшiру, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыру, жұмысқа орналасуына көмектесу;

      6) құжаттарды ауыстыру;

      7) сырт пішінін өзгерту.

      Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру және сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің ерекше шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігін басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады.

      3. Осы бапта көзделген қауіпсіздік шараларын іске асыру мақсатында "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуі мүмкін.";

      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту жасау

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қорғалатын адамдарға қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған күш қолдану немесе өзге де әрекеттер қаупі туралы жеткелікті деректер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту жасайды. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган жасаған ескерту адамға қолхат алынып хабарланады.";

      7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Жақындауға тыйым салу

      Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жақындауға тыйым салынады.";

      8) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Жеке күзет, тұрғын үй мен өзге де мүлiктi күзету

      Қауiпсiздiк іс-шараларын жүзеге асыратын органдар қорғалатын адамдардың келiсiмiмен сол адамдарды жеке күзетудi, олардың тұрғын үйлерi мен мүлiктерiнiң күзетiлуiн жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда өртке қарсы және күзеттiк дабылдатқыш құралдары, қорғалатын адамның келісімімен бақылаудың техникалық құралдары орнатылады, телефон нөмiрлерi мен пайдалануындағы көлiк құралдарының мемлекеттiк нөмірлік белгiлерi өзгертiлуi мүмкiн.";

      9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Жеке қорғану, өзін өзі қорғау құралдарымен, техникалық құралдармен және қарумен қамтамасыз ету

      Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар қорғалатын адамдарға жеке қорғану, өзін өзі қорғау, байланыс құралдарын, сондай-ақ оларға қатысты болуы мүмкін құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды тіркеу және қауіп туралы хабарлау үшін техникалық құралдарды бере алады.

      Осы Заңның 3-бабының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға қару, оның ішінде қызметтік, жауынгерлік немесе өзін өзі қорғау қаруы да берілуі мүмкін. Қорғалатын адамдардың өздеріне берілген қаруды сақтауы, алып жүруі және қолдануы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жеке қорғану, өзін өзі қорғау, байланыс және қауіп туралы хабарлау құралдарын беру тәртібі, түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады.";

      10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету

      Қауiпсiздiктi жүзеге асыратын органның шешiмi бойынша сол орган айқындайтын мерзiмге қорғалатын адамдардың жеке басы, олардың тұрғылықты жерi туралы деректердiң және мекенжай бюроларынан, төлқұжат қызметтерiнен, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнен, автоматты телефон байланысының анықтама қызметтерiнен және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, басқа да ақпараттық-анықтамалық қорлардан олар жөнiнде өзге де мәлiметтердiң, мұндай мәлiметтер басқа қылмыстық iс жүргiзуге байланысты белгiленген тәртiппен анықталатын жағдайларды қоспағанда, берiлуiне тыйым салынуы мүмкiн.";

      11) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану мен жүзеге асыру

      Осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді:

      1) 1-тармақтың 1), 2), 3), 7) тармақшалары бойынша – қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан органдар;

      2) 1-тармақтың 4) 5) және 6) тармақшалары бойынша – соттар;

      3) 2-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары бойынша – қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан органдар;

      4) 2-тармақтың 5) тармақшасы бойынша – жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып, қауіпсіздік іс-шараларын жүзеге асыратын органдар;

      5) 2-тармақтың 6) тармақшасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;

      6) 2-тармақтың 7) тармақшасы бойынша денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар жүзеге асырады.

      Әскери соттардың судьяларына, прокурорларға, әскери полицияның, әскери-тергеу бөлiмшелерiнiң әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты қауiпсiздiк шараларын тиiстi әскери бөлiмнiң қолбасшылығы немесе тиiстi әскери мекеменiң бастығы да жүзеге асыра алады.

      Мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар, өз құзыреттерi шегiнде қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылдаушы және қауiпсiздiк шараларын жүзеге асырушы органдарға осы Заңның нормаларын орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.

      Қылмыстық істі одан әрі тергеу үшін басқа қылмыстық қудалау органына берген кезде қорғалатын адамның қауіпсіздігі шараларын іске асыруды істі өзінің іс жүргізуіне қабылдаған орган жүзеге асырады.";

      12) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1-бап. Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      1. Қорғалатын адам болып табылатын әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдары қызметкерінің, сондай-ақ әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтың қауіпсіздігі Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      2. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарынан қорғалатын адамға қатысты тиісті мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып:

      1) әскери қызмет өткеріп жатқан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери қызметшіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның әскери құралымдарының басқа әскери бөліміне;

      2) шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан, қорғалатын адамға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қаупі туындауы мүмкін әскери қызметшіні Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқа әскери бөліміне;

      3) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін өзі қызмет өткеріп жатқан орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге арнаулы мемлекеттік органға;

      4) құқық қорғау органының қызметкерін өзі қызмет өткер орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқық қорғау органына, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөліміне ауыстыру (іссапарға жіберу) қолданылуы мүмкін.

      3. Ауысу кезінде әскери қызметші, қызметкер негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдаланылуы қамтамасыз етіле отырып, тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалады.

      4. Қорғалатын адамды ауыстыру (іссапарға жіберу) оның жазбаша нысанда білдірген келісімімен жүзеге асырылады.";

      13) 21-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-2-бап. Күзетпен ұстаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Күзетпен ұстаудағы немесе қамауға алу не бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігі оған қатысты осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында не Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ:

      1) қорғалатын адамды немесе қорғалатын адамға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қаупі төндірген адамды күзетпен ұстаудың және жазаны өтеудің бір орнынан екіншісіне ауыстыру;

      2) қорғалатын адамды және қорғалатын адамға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қаупі төндірген адамды бөлек ұстау қолданылуы мүмкін.";

      14) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап Қауіпсіздік шараларын қолдану негіздері

      Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғалатын адамға қатысты қүш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қаупі туралы жеткілікті деректер болған кезде қорғалатын адамның ауызша (жазбаша) өтінішінің негізінде немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қорғау шараларын қабылдайды.";

      15) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi

      1. Қылмыстық процесті жүргізетін Орган мемлекеттік қорғалуға жататын адамнан өзіне қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері туралы арызды (хабарды) алып не қылмыстық процеске қатысушыға қатысты көрсетілген қатердің нақтылығы туралы жеткілікті деректер келіп түскен кезде осы арызды (хабарды) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеруге және бір тәулік ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану не оларды қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.

      Кiдiртуге болмайтын жағдайларда дереу қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылданады.

      2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мемлекеттік қорғалуға жататын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы шығарып, оған қаулының көшірмесін тапсырады. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік қорғауға жататын адамның өтініші (хабарламасы) бойынша оған тиісті хабарлама жіберіледі.

      3. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартуға не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы қаулыға сотқа немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Шағым дереу қаралуға тиіс.

      4. Судья немесе прокурор қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартқан не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, шағымды жоғары тұрған судья немесе прокурор дереу қарауы тиіс.

      5. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулыны алып, осы Заңда көзделген жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті шараларын таңдайды, оларды қолдану мерзімдері мен тәсілдерін айқындайды, бұл туралы тиісті қаулы шығарады.

      6. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган таңдап алынған қауіпсіздік шаралары, олардың өзгеруі, толықтырылуы және көрсетілген шараларды қолдану нәтижелері туралы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органды хабардар етеді.

      7. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) – 8) тармақшаларында көзделген жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адаммен осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қауіпсіздік шараларын қолдану шарттары, тараптардың өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. Қолданылатын қауіпсіздік шаралары қорғалатын және басқа да адамдардың тұрғын үй, еңбек, зейнетақы және өзге де құқықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс.

      8. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамды ішкі орнықтылықтың бұзылуын болдырмауға, қауіпсіздік шараларын қолдануға байланысты жайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға, қылмыстық процеске қатысуға байланысты әлеуметтік зиянды салдарды барынша азайтуға бағытталған психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

      9. Қылмыстық процесті жүргізетін соттан басқа орган қауіпсіздік шараларының қолданылуына қарамастан, оған негіздер болған кезде қылмыстық процеске қатысатын адамға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттің жасау қаупi анықталғанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге міндетті.

      10. Кәмелетке толмағандарға немесе өздерінің дене немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтары мен мүдделерін өз бетінше іске асыру мүмкіндігінен айырылған адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану олардың заңды өкілдерін тарта отырып жүзеге асырылады. Заңды өкілдердің осы Заңда көзделген шектерде өздері өкілдік ететін жеке тұлғалар сияқты құқықтары болады.";

      16) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiмдердi орындаудың мiндеттiлiгi

      1. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн органдардың өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн, бұл шешiмдер өз аттарына жiберiлген атқарушы органдардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдары мiндеттi түрде орындауға тиiс.

      2. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың лауазымды адамдары мен басқа да жұмыскерлері өздеріне осы Заңмен жүктелген міндеттерді шешуде мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдарға жәрдем көрсетуге міндетті және аталған органдар мен олардың өкілдеріне өз құзыреті шегінде қызметін жүзеге асыруға кедергі жасауға құқылы емес.

      3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың заңды шешімдерін және олардың өкілдерінің талаптарын орындамау, сол сияқты олардың қызметіне кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      17) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Қорғалатын адамдардың құқықтары

      Қорғалатын адамдардың:

      1) өздерiне, өздерінің отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы бiлуге;

      2) осы Заңның 7-бабында аталған нақты қауiпсiздiк шараларын өздерiне қатысты қолдану немесе қолданбау не олардың күшін толық жою туралы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдарға өтiнуге;

      3) қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуші лауазымды адамдардың заңсыз шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi жоғары тұрған органға, прокурорға не сотқа шағымдануға;

      4) осы Заңда көзделген қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану не олардың күшін жою туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.";

      18) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Қорғалатын адамдардың мiндеттерi

      Мемлекеттiк қорғалуға жататын адамдар:

      1) өздерiне қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану шарттарын және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның заңды талаптарын орындауға;

      2) өздерiне қатысты қорқыту немесе құқыққа қарсы iс-әрекеттердiң әрбiр оқиға дерегі туралы қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi органға дереу хабарлауға;

      3) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн өздерiне берiлген мүлiктi сақтауға міндетті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға берілген мүлікті сатқан, басқа адамға берген немесе бүлдірген жағдайда, қорғалатын адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады;

      4) өздерiне қатысты қолданылып жатқан қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария етпеуге;

      5) қажет болған жағдайда қаруды, жеке қорғану құралдарын және арнаулы техниканы пайдалануды оқып-үйренуге мiндетті.";

      19) 26-1-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылданатын адамдарға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға сұрау салуға және олардан қажетті мәліметтерді алуға;";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қорғалатын адамға қатысты іс жүргізу іс-әрекеттерін қоспағанда, қажетті қауіпсіздік шараларын таңдап алуға, оларды қолдану тәсілдері және мерзімдерін белгілеуге, қолданылатын қауіпсіздік шараларын қажет болғанда өзгертуге және толықтыруға;";

      5) тармақшадағы "жүргізуге құқығы бар." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) осы Заңмен қарастырылған жағдайларда қорғалатын тұлғаларға қатысты қауіпсіздік іс-шараларын жоюға құқығы бар.";

      20) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдануды тоқтату

      1. Қауіпсіздік шараларының күші қорғалатын адамның зорлық жасау не қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекетті жасау қатері қатері жойылған, қорғалатын адам шартты орындаудан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда не қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган объективті деп таныған өзге де негіздердің туындауына байланысты қауіпсіздік шараларын одан әрі қолдану мүмкін болмаса, жойылады.

      2. Қауіпсіздік шараларының күші уәкілетті лауазымды адамның дәлелді қаулысымен немесе үкіммен жойылады.

      3. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларын жалғастыру туралы мәселені шеше отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатқан кезде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдардың уәкілетті лауазымды адамдары қауіпсіздік шараларының күшін жою үшін кейіннен негіздер туындаған жағдайларда, кейіннен прокурорға хабарлай отырып, өз қаулысымен қауіпсіздік шараларының күшін жоюға құқылы. Қорғалатын адамның қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға берген өтініші үш тәулікке дейінгі мерзімде қаралады. Оны қарау нәтижелері туралы тиісті қаулы шығарылады, ол кейіннен прокурорға хабарлана отырып, өтініш берушіге жіберіледі.

      4. Қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы қаулыға қылмыстық іс жүргізу кодексінде және осы Заңның 23-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органға жазбаша өтініш немесе қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органның олардың күшін жою туралы өтінішхаты үш тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады. Қабылданған шешім туралы қаулы шығарылады, ол шығарылған күні қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органға, сондай-ақ өзіне қатысты көрсетілген қаулы шығарылған адамға жіберіледі.";

      21) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      2. Қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты шығындарды қорғалатын адамдарға жүктеуге болмайды.

      Тұрғылықты жерi мен жұмыс орнын ауыстыруға, сондай-ақ сырт пiшiнiн өзгертуге байланысты жәрдемақы төлеу мен шығындарды өтеу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орган Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.";

      22) 30-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтiк қамсыздандырылуы арнаулы заңдармен реттелетiн адамдардан басқа қорғалатын адамдарға, олардың қылмыстық процеске қатысуына байланысты өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қорғалатын адамға залал келтіргені үшін кінәлі адамнан осы қаражатты кейіннен өндіріп алу арқылы мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк кепiлдiктер қамтамасыз етiледi.".

      7. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамдарды не оған теңестiрiлген адамдарды немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды не лауазымды адамдарды;".

      8. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) соттылығы бар немесе болған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өзінің кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң құқық қорғау қызметке кіруге құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.";

      2) 80-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстан шығаруға әкеп соғатын қызметкердің шығыстарының өзінің табыстарына сәйкес келмеуі";".

      9. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      38-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өзінің кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам босатылады;".

      10. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;";

      2) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық және өзгеде актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;";

      3) 11-бапта:

      4-тармақ:

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарының олардың кірістеріне сәйкестігін бақылауды, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияларда көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

      Осы баптың 3-тармағында аталған адамдар шығыстарының олардың табыстарына сәйкес келмеуі, атап айтқанда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар есептік күнтізбелік жыл ішінде сатып алған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстардың көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық жабу көздерінің сомасынан асып кетуі аталған адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады.

      Бұл ретте, егер мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың шығыстарының олардың табыстарына сәйкес келмеуі, атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар есептік күнтізбелік жыл ішінде сатып алған Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алуға арналған шығыстар құнының асып кетуі, бір мың айлық есептік көрсеткіш шегеріле отырып, аталған адамдардың есептік күнтізбелік жыл ішіндегі кірісінің мөлшерінен асатын көрсетілген мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасынан артық болған жағдайда, аталған адамдар лауазымынан шығарылуға немесе лауазымнан теріс себептер бойынша босатылуға жатады.

      Шығыстардың осы баптың үшінші бөлігінде көзделген кірістерге сәйкессіздігі анықталған адамдар туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган шығыстардың кірістерге сәйкессіздігі анықталған адамдарды лауазымнан босату құқығы бар тиісті лауазымды адамдарды (органдарды, ұйымдарды) аталған адамдарды жұмыстан шығару немесе лауазымнан өзге де босату жөнінде шаралар қолдану қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Шығыстардың кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты, мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатқан адамдар келесі үш жыл ішінде мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналаса алмайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: Осы тармақтың мақсаттары үшін осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстарын өтеу көздері салық декларацияларында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органдардың, екінші деңгейлі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, шет мемлекеттердің құзырлы органдарының үшінші тұлғаларының мәліметтерін және басқа дереккөздерден алынған ақпаратты және бір жылда және осының алдындағы күнтізбелік жылдар ішінде алынған, көрсетілген шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған растау кірістерін білдіреді.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      4) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.";

      5) 13-баптың 7-тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      6) 24-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған, заңға сәйкес жауаптылыққа жататын адамдарға қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің көтермелеу бөлігіндегі ережелері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен құпия негізде ынтымақтасатын адамға;

      2) ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен адамға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

      3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы кейін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуді қамтиды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы бар (маңызды болған) өзге де жолмен жәрдем көрсету мақсатында өзі қызметкері болып табылатын адамның мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жарияламау туралы келісім жасалған жағдайда құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылады.

      Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      7) мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3 және 24-4-баптармен толықтырылсын:

      "24-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап немесе оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету мақсатында адамның жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді қамтиды.

      24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) қызметкер тарабы болып табылатын жеке еңбек дауы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылатын келісу комиссиясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілін міндетті түрде шақыра отырып қаралады.

      Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, келісу комиссиялары жоқ мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам тәртіптік комиссияның немесе аталған адамның тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау сондай-ақ адамды жұмыстан шығарудың немесе басқа лауазымға ауыстырудың негізділігін белгілеу үшін құрылатын мемлекеттік органның немесе ұйымның өзгеде алқалы органының (бұдан әрі – алқалы орган) ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартыла алмайды немесе лауазымынан босатыла алмайды (лауазымнан босатылмайды) немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қаралатын алқалы органның отырысына қатысуға міндетті түрде шақырылады.

      Осы тармақтың ережелері жұмыскерлері тиісті мемлекеттік органда немесе ұйымда өз басшылығын хабардар ету жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға қолданылады.

      2. Осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік орган немесе басқа ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдарды келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде бес жұмыс күн бұрын жібереді.

      Көрсетілген отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі қатыса алады.

      3. Келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан оның мүшелерінің қолы қойылады және отырыс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не прокуратураға жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілген хабарламаны жіберу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның сотқа жүгінуіне кедергі болып табылмайды.

      24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы бар (маңызды болған) өзге де жолмен жәрдем көрсету мақсатында жоғары тұрған басшысына және (немесе) адамның өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығы тиісті мемлекеттік органда не ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетілген жағдайда жоғары тұрған басшысымен және (немесе) осы адам жұмыс істейтін мемлекеттік органның не ұйымның басшылығымен, алқалы органның мүшелерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен құпиялылықты жарияламау туралы келісім болған кезде қамтамасыз етіледі.

      2. Осы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе осы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында жоғары тұрған басшысына және (немесе) адамның өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына жүгінген кезде, мемлекеттік органның не ұйымның басшысы көрсетілген адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.

      3. Қызметкермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасқан, қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарламасы бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген осы баптың 2-тармағында көрсетілген басшымен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалады.

      4. Осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін адам осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін және оның нысанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен айқындалады.

      24-4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың құқықтары

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қарау қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат алуға;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзінің хабарламасын қараған уәкілетті мемлекеттік органның осы өтінішке байланысты қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы немесе қылмыстық-процесстік заңнамасына сәйкес шағым жасауға;

      3) осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуге;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламаны қабылдаған күннен бастап немесе оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап, үш жыл ішінде өзін тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлауына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуіне байланысты деп пайымдаған жағдайда, келісу комиссиясы немесе алқалы орган осы мәселелерді осы Заңның 24-2-бабында көзделген тәртіппен бұрын қарамаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негізде адам өтініш жасаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның өтінішінің негізділігі анықталған жағдайда өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына осы Заңның 24-2 және 24-3-баптарында көзделген тәртіппен осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелерді қайта қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте хабарламада мыналар болуы тиіс:

      1) хабарлама жіберілетін мемлекеттік орган не ұйым басшысының тегі мен аты-жөні;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы;

      4) адамның осы тармақшада көрсетілген келісім жасасу ниеті болған кезде мемлекеттік орган не ұйым басшысы бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жәрдем көрсеткен адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндеті, сондай-ақ осы адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария еткені үшін жауаптылығы қамтылуы тиіс.

      Бұл ретте мемлекеттік органның не ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде алқалы органның отырысын өткізуге және қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға міндетті.".

      11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жұмыста (қызметте) дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан көп сағат бойы болмауы негізінде немесе "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адамның шығыстарының өзінің кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң мемлекеттік қызметке кіруге құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған азаматты;";

      2) 52-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақта көзделген міндетті орындаған жағдайда, мемлекет мемлекеттік қызметшіге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қорғау шараларына кепілдік береді.".

      2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының төртінші абзацын, 7, 8 және 9-тармақтарын, 10-тармағының 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын және 11-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады