Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 43-баптың 1-1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан, оның ішінде осы Кодекстің 43-1, 44, 44-1, 45, 119-2-баптарына сәйкес берілетін жер учаскелерiн беру, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жер учаскелеріне құқықтарды алу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
2) 117-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"117-бап. Әуе көлiгiнiң жерi
Жер учаскесінің иесімен (меншік иесімен) шарт жасасқан кезде бір жыл ішінде 3 айдан аспайтын шектеулі кезеңде пайдаланылатын қону алаңдарын қоспағанда, әуе көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу-қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, құрылысжайларын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.
Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.";
3) 121-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әуеайлақ маңындағы аумақ;".
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
141-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"141-бап. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметкерлерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларының еңбегін реттеу
Азаматтық және эксперименттік авиация қызметкерлерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларының еңбегі шектеулерді, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі ұзақтығының, жауапкершілікке тартудың ерекше нормаларын белгілейтін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен осы Кодексте реттеледі. Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналы қатарындағы азаматтық және эксперименттік авиация қызметкерлерін жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі ұзақтығының ерекше нормалары азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленуі мүмкін.".
3. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-баптың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы рейстер он және одан да көп сағатқа кешіктірілген кезде жолаушыларға, оның ішінде мүгедектердің мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақ үйден орын және тамақ беруге міндетті.";
2) 25-баптың 30) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық рельсті көлікті ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін және қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.".
4. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
68-баптың 15-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдардың өмірі мен денсаулығына зиянды әсерді болдырмау үшін әуеайлақ маңы аумағындағы құрылыстар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.".
5. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін, арнайы сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары, аспаптар мен жабдықтар кешенінен тұратын зияткерлік көлік жүйесінің құрамбөлігі;";
2) 5-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
патрульдік полицияның;
әскери техниканың;
көліктік бақылау органдарының арнаулы автокөлік құралдары босатылады;";
3) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, автоматтандырылған өлшеу станцияларын қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар тартуға тыйым салынады.";
4) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-12) және 6-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-12) жол органымен келісу бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
6-13) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;";
5) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) жол органымен келісу бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
7-2) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;";
9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;".
6. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 43-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"43-4) оқиға – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ авария және апат салдары жоқ жағдайлары;";
2) 14-баптың 2-тармағында:
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеп-тексеру;";
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
"31-1) Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан теміржол көлігіндегі оқиғаларды тергеп-тексеру;";
3) 66-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"66-1-бап. Жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу тәртібі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүретін жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды уәкілетті орган жүргізеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Лауазымды адамның (адамдардың) жолаушылар поездарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылау жүргізуі кезінде:";
4) 88-4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiржол желiсiнiң, темiржолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде пайдалануды тоқтата тұруға, тоқтатуға және жаңартуға құқылы.";
5) 88-7-бапта:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады. Осы комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, оның құрылымдық бөлімшелері, таымалдаушы процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығуына әкеп соққан оқиғаларды қоспағанда оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді.
4. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл апаттар мен аварияларды, сондай-ақ жолаушылар тасымалдарының қатысуымен жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын апаттар, авариялар және Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғалар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.";
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар апаттар мен аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттаманы беруге міндетті.
8. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкем соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеруді жеке және басқа мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен тәуелсіз жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде, тергеп-тексеру жүргізу кезінде апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.";
6) 88-8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"88-8-бап. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) апат және авария, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғалар болған жерге, жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және апаттың және аварияның, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғалардың туындауына себепші болған немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) жылжымалы құрамдағы объективті бақылау аспаптарының немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдардың жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және апатқа және аварияға, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, апаттың және аварияның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың апатты және аварияны, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) жылжымалы құрамның меншік иесімен келісу арқылы апаттың және аварияның, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғалардың болған жеріне жүретін жолындағы жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.
2. Апаттарды және аварияларды, сондай-ақ жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеп соққан оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.".
7. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-44), 55-45) және 55-46) тармақшалармен толықтырылсын:
"55-44) Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту;
55-45) суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидаларын және оның нысанын бекіту;
55-46) суға батқан кемелерді көтеріп шығару қағидаларын бекіту;";
2) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "тәуекелі жатады." деген сөздер "тәуекелі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) батып кеткен мүлікті аластағаны үшін кеме иесінің жауапкершілік тәуекелі жатады.";
3) 44-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықаралық және аумақтық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің авариялық жағдайлары кемелердің авариялық жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.
Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді.";
4) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
"49-1-бап. Суға батқан мүлік туралы хабарлау, суға батқан мүлік жатқан жерді анықтау және оны белгілеу
1. Авариялық жағдайдың нәтижесі болып табылатын суға батқан мүлікке:
1) суға батқан немесе қайраңға отырған кеме;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объектіні қоса алғанда, суға батқан немесе қайраңға отырған кеменің кез келген бөлігі;
3) теңізде кемеден жоғалған және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объект;
4) егер кемеге немесе басқа мүлікке көмек көрсету жөніндегі шаралар енді қабылданбайтын болса, суға батқан немесе қайраңға отырған дерлік немесе суға бататын немесе қайраңға отыратын кеме жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында авариялық жағдайда суға батқан кеме иесі мен кеме капитаны уәкілетті орган көздеген тәртіппен суға батқан мүлік туралы мәліметтерді порттың теңіз әкімшілігіне дереу хабарлауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі суға батқан мүліктің нақты жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.";
5) 50-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Суға батқан мүліктің меншік иесі:
1) әскери әрекет, дұшпандық әрекет, азаматтық соғыс, көтеріліс немесе болмай қалмайтын және еңсерілмейтін дүлей құбылыс нәтижесінде;
2) зиян келтіру ниетімен үшінші тұлғалардың қасақана әрекетімен (әрекетсіздігімен);
3) кеме шегінен тыс оттарды немесе басқа да навигациялық құралдарды күтіп-ұстауға жауапты мемлекеттік органның ұқыпсыздығынан немесе өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен туындап, олардың тиісінше жұмыс істемеуінің нәтижесінде залал келтірілген жағдайларды қоспағанда, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау, оны белгілеу және аластау жөніндегі шығыстар үшін жауапты болады.
Ескертпе: осы тараудың мақсаттары үшін кеме иесі не Қазақстан Республикасының аумақтық суларында суға батқан мүліктің меншік иесі суға батқан кеменің меншік иесі болып табылады.";
6) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
"51-1-бап. Суға батқан мүліктің меншік иесінің жауапкершілігі
1. Жалпы сыйымдылығы 300 тіркелімдік тонна және одан көп кеменің меншік иесі суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыруға не суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілікті осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде өзгеше қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
2. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, оны белгілеуге және аластауға байланысты суға батқан мүліктің меншік иесінің дәл сол авариялық жағдайдан туындаған жауапкершілік мөлшері мынадай тәртіппен есептелетін жалпы сомамен шектеледі:
сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннадан аспайтын кеме үшін – 1,51 миллион есептік бірлік;
сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннадан асатын кеме үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген сомаға мынадай сома:
2001-ден 30000 тоннаға дейін әрбір тоннаға – 604 есептік бірлік;
30001-ден 70000 тоннаға дейін әрбір тоннаға – 453 есептік бірлік; және
70000 тоннадан жоғары әрбір тоннаға – 302 есептік бірлік қосылады.
3. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіретін кеменің бортында суға батып кеткен кемелерді аластау үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлігі болуға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерге суға батқан кемелерді аластау үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті порттың теңіз әкімшілігі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша береді.";
7) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауды, оны белгілеуді, көтеруді, аластауды немесе жоюды не сақтауды порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің:
1) суға батқан мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны сатудан түскен соманың есебінен оның жатқан жерін анықтауға, оны белгілеуге, көтеруге, аластауға немесе жоюға байланысты шеккен шығыстардың орнын толтыртуға құқығы бар. Суға батқан мүлікті сатудан түскен сома, одан шығыстар шегеріле отырып, меншік иесіне, ал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңның 50-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бойынша меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан кезде мемлекет кірісіне беріледі;
2) суға батқан мүліктің иесінен суға батқан мүлікті сатудан түскен сомадан асып түсетін шығыстардың орнын толтыруға құқығы бар.";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы бапта көзделген шығыстардың орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімі суға батқан кемелерді көтеріп шығару қағидаларында белгіленген тәртіппен суға батқан мүліктің қауіптілігі анықталған күннен бастап үш жылды және нәтижесінде кеме суға батқан авариялық жағдай болған күннен бастап алты жылдан кешіктірмейтін мерзімді құрайды.
Теңіз авариясы бірқатар оқиғалардан тұрған жағдайда, онда алты жылдық мерзім осы оқиғалардың алғашқысы болған күннен бастап есептеледі.".
8. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және көлемдік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін, арнайы сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары, аспаптар мен жабдықтар кешенінен тұратын зияткерлік көлік жүйесінің құрамбөлігі;";
2) 13-бапта:
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 23-22) тармақшамен толықтырылсын:
"23-22) Қазақстан Республикасының аумағындағы автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізбесін бекітеді;";
3) 19-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін көліктік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ автокөлік құралдары автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.";
4) 19-5-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалана отырып жүргізіледі.";
5) 19-17-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға әкеп соғады.";
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектердің тегін жол жүру құқығы, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың әлеуметтік маңызы бар қатынаста, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру құжатының (билеттің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетті) сатып алуға құқығы бар.";
7) 22-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
8) 37-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
9) 38-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған станциялар қолданылатын аймақ арқылы өткен кезде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерінің өлшенуін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескертпе: Заңның осы бабында көлік құралдарының иелері деп: көлік құралдарының меншік иелері, көлік құралдарын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында иеленетін тұлғалар, сондай-ақ көлік құралын экипажымен жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қозғалыста болса – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар танылады.".
9. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 1-тармағында:
26-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26-11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 26-33) және 26-34) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-33) уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен қызметтердің көлемі мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
26-34) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар ішкі су көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін бекіту;";
2) 15-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерін) кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырмаға сәйкес ішкi су жолдарын күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.
Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;";
3) 17-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру арқылы жүзеге асырады.".
10. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік – пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген құжат;";
6-1) тармақша алып тасталсын;
10-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10-3) авиациялық медициналық сарапшы – авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар, авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар, куәліктерді немесе біліктілік белгілерін алуға кандидаттарды медициналық куәландыруды жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын дәрігер;";
мынадай мазмұндағы 10-5) тармақшамен толықтырылсын:
"10-5) авиациялық оқиға – әуе кемесін пайдаланумен байланысты авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға;";
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуларды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина бөлімі;
15-2) авиациялық медициналық инспектор – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын, авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті авиация инспекторы;
15-3) азаматтық авиация саласындағы қауіп – авиациялық оқыс оқиғаны немесе авиациялық оқиғаны тудыруы немесе оның туындауына ықпал етуі мүмкін жай-күй немесе объект;";
мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:
"29-2) әділ мәдениет – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, авиация персоналы және азаматтық авиация саласындағы басқа да жұмыскерлер қателіктер немесе теріс қылықтар туралы хабарлайтын және азаматтық авиация саласында жасалған теріс қылықтар немесе қателіктер үшін жауапты болмайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениеті (қағидаты);";
31) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"31) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;";
"38) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;";
мынадай мазмұндағы 53-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"53-3) даярлау және бағалау біліктілік жүйесі – нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар тән болатын дайындық және бағалау жүйесі, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 54-2) тармақшамен толықтырылсын:
"54-2) жерде қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қызмет көрсету;";
мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
"61-1) азаматтық авиация саласындағы қауіпті жүктер – адамның денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;";
65-1) тармақшадағы "санаттарға" деген сөз "деңгейлерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
66-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"66-1) пилотсыз әуе кемесі – дербес жұмыс істеу немесе бортында пилотсыз қашықтан басқару үшін пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;";
мынадай мазмұндағы 66-2), 66-3), 66-4), 66-5) 66-6) және 66-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"66-2) пилотсыз авиациялық жүйе – пилотсыз әуе кемесі және онымен байланысты пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті элементтер (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамбөліктерін қоса алғанда);
66-3) қашықтан сәйкестендіру жүйесі – ұшуды орындау процесінде пилотсыз әуе кемесі туралы ақпаратты жергілікті трансляциялауды қамтамасыз ететін жүйе;
66-4) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуын шектеу аймағы – Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі әуе кеңістігінің шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшулары шектелген белгіленген мөлшердегі бір бөлігі;
66-5) сертификат ұстаушы – өзіне қатысты куәлік берілген, сертификаттау жүргізілген, рұқсат ресімделген және (немесе) авиациялық қызметті жүзеге асыруға рұқсат алынған, біліктілік, сертификаттау және (немесе) рұқсат беру талаптарына сай келетін жеке тұлға немесе заңды тұлға;
66-6) сараптамалық медициналық қорытынды – ұшуды жүргізу жөніндегі мамандарды немесе авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып, даулы жағдайлар бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бір немесе бірнеше авиациялық медициналық инспекторлары берген қорытынды;
66-7) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай – пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай;";
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"78) ұшу қауіпсіздігі – адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне нұқсан келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетілетін және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осы не одан да төмен деңгейде ұсталатын жай-күй;";
мынадай мазмұндағы 78-2), 78-3) және 78-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"78-2) ұшуды орындау үшін жарамды әуе кемесі – қозғалтқышты, әуе бұрандаларын немесе олардың бекітілген конструкциясына және оларды қауіпсіз пайдалану шарттарына сәйкес келетін құрамдас бөліктерді қоса алғанда, әуе көлігінің жай-күйі;
78-3) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама – ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралар кешені;
78-4) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (ҰҚБЖ) – ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерді, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқарудың жүйелі тәсілі;";
81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"81) үлгі сертификаты – әуе кемесі, қозғалтқыш немесе әуе бұрандасы үлгісінің конструкциясын айқындау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;";
2) 6-баптың 3-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз жетпіс бес килограмнан кем тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация болып танылады.";
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынатын практикасы қолданылады.";
4) 10-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша не өз бастамасы бойынша тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытынды құжаттарының күшін жоя, кері қайтарып ала, тоқтата тұра немесе өзгерте алады.";
5) 10-2-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету, аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеу және аэронавигациялық карталарды жасау;";
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) жерде қызмет көрсету;";
17) тармақшадағы "қамтамасыз ету жатады." деген сөздер "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жатады.";
6) 11-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және азаматтық авиацияның авиация инспекторы куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс еткен кезі тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.";
6-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағымдануға құқылы.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары өз міндеттерін орындау кезінде осы Заңның 16-6-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген құқықтарға ие болады.";
7) 12-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Инспекторлық нұсқаманың орындамалмауы азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған сертификаттың (куәліктің) қолданысын тоқтата тұру немесе оны кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.";
8) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1 бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама.
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынатын практикасына сәйкес азаматтық авиация жүйесінің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іске асырады, ол:
1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;
2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;
3) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің жалпы мемлекеттік көрсеткіштерін қолдайды және жақсартады.
2. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама:
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, мақсаттар мен ресурстарды;
2) мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқаруды;
3) мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
4) мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігі мәселелерін танымал етуді қамтиды.
3. Азаматтық авиацияда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтің түйінді басымдығы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің міндеттемесі болып табылады.";
9) 12-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бағдарламаның негізгі бағыттары мен осы іске асыру тетігін, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерін, іске асырудан күтілетін нәтижені және бағдарламаның индикаторларын қамтиды.";
10) 14-баптың 1-тармағында:
2-1) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) әуежайларда, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметі қызметтер көрсету барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді.";
25) тармақша алып тасталсын;
41-46), 41-53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен жабайы жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
"41-53) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлейді және бекітеді;";
41-60) тармақша алып тасталсын;
41-72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"41-72) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 41-81) және 41-82) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-81) әуе кемесін жерде мұздануға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
41-82) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
11) 15-1-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31) тармақшалары алып тасталсын;
12) 16-баптың 1, 6, 7, 8, 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, пилотсыз авиациялық жүйелердің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.";
"6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей болып үш деңгейге бөлінеді.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жою немесе шектеулер енгізу шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
7. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
8. 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға табыс етеді;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш берушінің оны өзгерту қажетігі туралы негіздеме беруі шартымен ұзартады.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары арқылы бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын табыс етпесе немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
3-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.";
13) 16-3-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірінші деңгейдегі бұзушылыққа:
1) авиация инспекторын құжаттамаға, азаматтық авиация пайдаланушысының және (немесе) ұйымдарының объектілеріне (әуе кемелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, әуеайлақтарды, аэронавигациялық қызмет көрсету объектілерін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарды, ұшуға жарамдылық ұйымдарын, шеберханаларды, перрондарды, жүктерді өңдеу аймақтарын, авиациялық оқу орталықтарын, ангарларды, отын сақтау қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда) кіргізуден бас тарту;
2) табыс етілген құжаттарды бұрмалау арқылы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) алуы, сертификаттау талаптарына сәйкестікте ұстауы;
3) азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының заңға қайшы іс-қимылдар жасауы немесе сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) заңсыз пайдалануы;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекітуіне жататын құжаттамаға осындай ұйымның тиісті бекітуінсіз өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
5) екінші деңгейдегі бұзушылық кезінде азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын оған бағалау жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген мерзімде табыс етпеуі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіскен немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамауы;
6) азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеуі;
7) осы Заңға сәйкес сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) қолданысын тоқтата тұруға не сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік кері қайтарып алуға негіз болатын өзге де жағдайлар кіреді.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) кері қайтарып алады.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі.
Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тексеру нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқаманы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға табыс етеді;
2) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді азматтық авиация салсындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме беруі шартымен ұзартады.";
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын табыс етуін және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу немесе бақылау мен қадағалаудың басқа да нысандары арқылы бақылайды.
Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын табыс етпесе немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.";
14) 16-4-баптың 2-тармағындағы ", сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу" деген сөздер алып тасталсын;
15) 16-6-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) авиация персоналының біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарынан ақпарат, құжаттар сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсініктемелер мен материалдарды талап етуге, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әлеуетті кемшіліктерді анықтау мақсатында авиация персоналына сауалнама жүргізуге;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтық авиацияның пайдаланушысы немесе ұйымы, тексеруге жататын объектілер, құралдар әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында болған кезде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы оларға авиация инспекторының ол көрсететін азаматтық авиацияның авиация инспекторы куәлігі негізінде кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Авиация инспекторлары талап етілетін кәсіптік даярлық деңгейін ұстап тұру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бюджетінің қаражаты есебінен кезең-кезеңмен:
1) кәсіптік деңгейді ұстау жөніндегі курстарда оқытудан өтуге;
2) авиациялық техниканы пайдалана отырып және (немесе) авиациялық тренажерлерде жаттығулардан өтуге;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларында белгіленген көлемде және деңгейде азаматтық авиация ұйымдарында және пайдаланушыларда кәсіптік даярлықты (біліктілікті) ұстап тұруға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"8. Авиация инспекторлары өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
9. Авиация инспекторларының:
1) өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануына;
2) шешімдер дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық беруіне;
3) кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болса да Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуіне;
4) осы Заңға сәйкес жүктелген функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалануына;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке немесе заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуіне қатаң тыйым салынады.
Авиация инспекторының осы тармақтың талаптарын бұзуы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, заңда белгіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға не еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға әкеп соғады.";
16) 16-9-баптың 2-тармағында:
4), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқаулық материалдарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ұшу жарамдығы жөніндегі директивалар мен өзге де директивалар шығарады;";
"6) Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің және пилотсыз әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;";
7) тармақша алып тасталсын;
9), 10), 13), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, тренажердің сәйкестік сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, пилотсыз әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатын, әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын, азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін беруді жүзеге асырады;
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не уәкілетті ұйым берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге), қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарға, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді), қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды беруден бас тартады, иелері белгіленген талаптарды сақтамаған кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді), қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;";
"13) авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының бағдарламаларын және әуежайдың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі авиация персоналын, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды, аэронавигациялық көрсетілетін қызмет берушіні кәсіптік даярлау бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;";
"15) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемесін пайдалануға шектеулер белгілейді (тыйым салады) немесе әуе кемесін жерде ұстайды;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін, аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді, аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеуді және аэронавигациялық карталар жасауды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметті және көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-1) қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып ұшуды орындауға рұқсат береді;
30-2) пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат береді;
30-3) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады;
30-4) авиация персоналының куәліктерін берумен байланысты авиация персоналын даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесін іске асыруды жүзеге асырады;
30-5) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша шет мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, тәжірибе және ақпарат алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асырады;";
17) 16-11-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 16-13-баппен толықтырылсын:
"16-13-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға сәйкес ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.";
19) 17-бапта:
2-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы ", жергілікті әуе желілерінде" және жергілікті әуе желілерінен" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы ", сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігінде, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын шектес мемлекеттердің табысталған әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.";
8-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "уәкілетті ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын";
20) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар" деген сөздерден кейін ", пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 20-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшiн әуе кемелерi, сондай-ақ сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін шетелдік әуе кемелері;";
22) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді беруші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
23) 24-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоспарланған ұшуға немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жіберілуге жататын ұшу бөлігіне қатысты ақпарат осы Заңда көзделген әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаттар болған кезде және мыналарды:
1) ұшу жоспары берілетін жағдайларды;
2) ұшу жоспарын беру, ұшу жоспарына өзгерістер енгізу және оны жабу тәртібін, сондай-ақ ұшу жоспарының мазмұнын;
3) бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшулар туралы хабарлау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшу жоспары нысанында беріледі.";
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
24) 27-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс жерде ұшуды орындауға рұқсат беру жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршруттар осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының құзыретті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес шетелдік әуе кемесінің бортында экспорттық бақылауға жататын мәлімделмеген өнімнің бар екендігі туралы ақпарат болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарап тексеру үшін оны Қазақстан Республикасының әуайлағына қонуға мәжбүрлеуге құқығы бар.";
25) 30-баптың 5-тармағындағы "радиоалмасу фразеологиясының" деген сөздер "фразеология және радиоалмасу" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 31-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әуе кемелерінің және пилотсыз әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшуының тұрақты схемаларын (маршруттарын) белгілеуді қоса алғанда, олардың үстінен ұшуды келісу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және пилотсыз әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.";
27) 33-бапта:
тақырыбындағы "ұшу аппараттарының" деген сөздер "әуе кемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "ұшу аппаратының", "пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында" деген сөздер тиісінше "әуе кемесінің" "пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "ұшу аппаратының", "пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында" деген сөздер тиісінше "әуе кемесінің", "пилотсыз әуе кемелерін пайдалану қағидаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "ұшу аппараттарының" деген сөздер "әуе кемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі "ұшу аппараттары", "ұшу аппараттарының" деген сөздер тиісінше "әуе кемелері", "әуе кемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "ұшу аппараттарының" деген сөздер "әуе кемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Қашықтықтан сәйкестендіру жүйесі жоқ немесе қашықтықтан сәйкестендіру жүйесі жұмыс істемейтін пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуға тыйым салынады.
6. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады.
7. Сериялық өндіріске арналған жаңа конструкцияның (жаңа үлгідегі) пилотсыз авиациялық жүйесінде зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік сертификаты болуға тиіс.
8. Пилотсыз авиациялық жүйенің сәйкестік сертификатын беруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
9. Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ пилотсыз авиациялық жүйенің әрбір данасында оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкестігі туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген куәлігі болуға тиіс.";
28) 41-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі "орындаған кезде" деген сөздерден кейін "әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс ұшуды орындауға рұқсат берген жағдайларды қоспағанда ," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 42-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Пилотсыз авиациялық жүйелердің сыныптамасы пилотсыз әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамалары мен деректеріне байланысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалады.";
30) 43-бапта:
тақырыбындағы "Азаматтық әуе кемесінің үлгісін" деген сөздер "Үлгіні" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ "азаматтық әуе кемесі" деген сөздерден кейін ", қозғалтқыш және әуе винті" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "Азаматтық әуе кемесінің" деген сөздерден кейін ", қозғалтқыштың және әуе винтінің" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтық әуе кемесінің бекітілген үлгі конструкциясының немесе оның ұшу жарамдылығына әсер ететін пайдалану-техникалық құжаттамасының барлық өзгерістері үлгі сертификатына толықтыру алу үшін немесе Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында айқындалатын жағдайларда модификацияны немесе жөндеуді бекітуді алу үшін уәкілетті ұйымның конструкциядағы өзгерістерді бағалауына уәкілетті ұйымның қосымша сертификаттауына жатады.";
31) 45-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Пилотсыз авиациялық жүйелер пайдалану мақсатында меншік құқықтарын сатып алған кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда есепке алынуға немесе тіркелуге жатады.
Есепке алуға немесе тіркеуге жататын пилотсыз авиациялық жүйелердің санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мақсатында сатып алатын тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою немесе тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.";
32) 46-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы "бір" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
33) 47-бапта:
2-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтық әуе кемесі ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.
Азаматтық әуе кемесі, егер ол құрастырылса, дайындалса, жарақтандырылса, ұшуға жарамдылықта ұсталса және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өтсе, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес ұшу сапасы болса, ұшуды орындау үшін жарамды деп танылады.";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Пилотсыз әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттауды тиісті санаттар үшін пилотсыз әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Пилотсыз әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес пайдалануға жіберіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Азаматтық әуе кемесін және оның құрамбөліктерін ұшуға жарамдылықта ұстау Қазақстан Республикасы азаматтық авиация кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Коммерциялық әуе тасымалына қатысатын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерін пайдалануға жіберу жеңіл және аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Пилотсыз әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әуе кемесін ұшу алдында қарап-тексеру (дайындау) орындалмаған;";
4) тармақшадағы "(регламентке)" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) жабдықтың ең аз тізбесін және уәкілетті ұйым бекіткен конфигурацияның ауытқу тізбесін ескере отырып, қауіпсіз пайдалануға әсер ететін ақаулар мен зақымданулар жойылмаған;
6) әуе кемесі авиациялық техниканы техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі талаптарды бұза отырып пайдалануға жіберілген;
7) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының және сенімділік бағдарламасының тиімділігін жыл сайынғы бағалау орындалмаған;
8) уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламасын қоса алғанда, әуе кемесіне, оның бөлшектері мен құрамбөліктеріне қатысты ұшуға жарамдылығы жөніндегі міндетті директива мерзімінде орындалмаған;
9) әуе кемесінің массасы мен орталықтануы бойынша деректер әуе кемесінің ағымдағы конфигурациясына сәйкес келмеген жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.";
8-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау:
1) әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасын, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі есепке алу деректерін тексеруді;
2) әуе кемесін қарап-тексеруді;
3) қажет болған кезде уәкілетті ұйымның бақылауымен әуе кемесінің ұшу сынақтарын жүргізуді қамтиды.";
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
8-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1. Арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) осы Заңның 43-1, 44-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген, қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ әуе кемесіне немесе әуе кемесі ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін сертификаттау талаптарына сәйкес келмейтін, бірақ пайдаланушы мен уәкілетті ұйымның бағалауы негізінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай:";
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулер белгілеуге міндетті. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жататын азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын береді.
Бұл құжат ұшуларды орындау мақсаты үшін жарамды болып табылмайды және экспорттаушы мемлекеттің әуе кемесінің ұшу жарамдылығының жай-күйін соңғы тексерудің оң нәтижелерін растауы болып табылады.";
34) 48-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық авиацияға тартылған азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар;
2) осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе жалпы мақсаттағы авиацияның жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы жүргізеді.
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесін тіркеу мемлекеті бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, олар егер ол тіркеу мемлекеті болып табылмаса, пайдаланушының мемлекетімен келісіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым рұқсат еткен ұйымдар бекітеді.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес жүзеге асырады.";
5-тармақтағы "авиация саласындағы уәкілетті ұйым" деген сөздерден кейін "толық немесе ішінара" деген сөздермен толықтырылсын;
35) 49-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу және есепке алу кезінде оларға мемлекеттік және тіркеу танылым белгілері беріледі, олар азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелетін танылым және қосымша белгілерді салу қағидаларына сәйкес пилотсыз әуе кемелеріне салынады.";
36) 54-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметі әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның сертификатталған авиациялық оқу орталығы өз қызметтерін ұсыну барысында ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.";
2-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұшуды имитациялаудың шетелдік тренажерлік құрылғыларын Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым олардың сертификаттарын танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау мақсатында қолдануға рұқсат етіледі.";
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында айқындалатын тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлiгi, осындай қызметті жүзеге асыру құқығына қолданыстағы біліктілік белгілері және/немесе тиісті сыныптағы медициналық сертификат болған кезде жіберіледі.
Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік және арнайы белгілерді енгізу және қолданылу мерзімін ұзарту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында белгіленеді.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым шет мемлекеттердің авиациялық билік орындарының куәліктермен берілетін құқықтарды және біліктілік белгілерімен арнайы белгілердің қолданылу мерзімін оңай анықтай алуын қамтамасыз етеді.";
6-4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жоғалған, ұрланған, бүлінген немесе тегін, атын, әкесінің атын ауыстырған (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);";
4) тармақша алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Тікелей әуе қозғалысына қызмет көрсетумен байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшелігі әуе қозғалысын ұйымдастыру және қолдау жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Психобелсенді заттарды қолданатын куәліктердің барлық иелері анықталады және ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін функцияларды орындаудан босатылады.";
37) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
"54-1-бап. Азаматтық авиация саласындағы медициналық қамтамасыз ету
1. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгіленеді.
2. Авиация персоналын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық орталықтарда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық медициналық сарапшылар жүргізеді. Жеңіл және аса жеңіл авиация пилоттарын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық сарапшы жүргізуі мүмкін, оған қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында белгіленеді.
Медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін авиациялық медициналық сарапшылар жауапкершілікте болады.
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым іс-қимылдарды мынадай тәртіппен қабылдайды:
1) авиациялық медициналық орталық сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) егер сертификаттау талаптарының бұзылуы түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімдерде жойылмаса, авиациялық медициналық орталықтың осындай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданылу саласын толық не ішінара тоқтата тұрады;
3) егер авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттау талаптарының бұзылуы жойылмаса, оны кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданылуы авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толық не ішінара шектелуі мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым іс-қимылдарды мынадай тәртіппен жасайды:
1) авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарының бұзылуы жойылғанға дейін үш айға дейінгі мерзімге авиациялық медициналық сарапшының осындай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданылу саласын толық не ішінара тоқтата тұрады;
2) егер авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, оны кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы мынадай:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының медициналық куәландыру және сертификаттау талаптары бөлігіндегі талаптары бұзылған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтінішті үш айдан аспайтын мерзімге берген жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификаты мынадай:
1) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздік жойылмаған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алынады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында айқындалады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толық не ішінара шектелуі мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыға қатысты азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимыл жасайды:
1) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді;
2) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған кезде материалдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтадан береді және авиациялық медициналық сарапшының сертификатын кері қайтарып алады.
3. Медициналық куәландырудан өту кезінде медициналық куәландырудан өтуге өтініш беруші авиациялық медициналық сарапшыға өзіне белгілі болған және ұшуды орындауға қауіп төндіретін ауруларының бар-жоғы туралы ақпаратты хабарлауға міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адам медициналық куәландырудан өту кезінде онда өзіне белгілі болған және ұшуларды орындау үшін қауіп төндіретін аурулардың болуы туралы ақпаратты жасырғаны анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиация персоналына қатысты іс-қимылдарды мынадай тәртіппен жасайды:
1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді және бұзушылықтар жойылғанға дейін авиация персоналы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады;
2) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайтадан жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтадан береді және авиация персоналының куәлігін кері қайтарып алады.";
38) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлері
1. Ұшу қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция басшысы, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі басшы, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын пайдаланушыларды қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлері болып танылады.
Азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға, ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегі ұйымдарға және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарымен белгіленеді.
2. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін дербес жауапкершілік пайдаланушының, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына жүктеледі.
Пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес құжатпен расталатын азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі курсты кейіннен өту шартымен басқа салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл) жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.";
39) 59-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Пайдаланушы ұшуды қауіпсіз жүргізу және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау үшін жауапкершілікте болады.";
40) 60-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бастапқы сертификаттау кезінде өтініш беруші жоспарланған қызметті жүзеге асыру және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін авиация персоналын кәсіптік даярлауға, әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдауға, жабдықтар, құралдар сатып алуға, жалақы қорына қаржы ресурстарын бөлуді және өзге де шығыстарды қамтитын қызметтің кеңейтілген қаржы-экономикалық жоспарын (шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) ұсынады. Қызметтің қаржы-экономикалық жоспарын заңды тұлғаның меншік иесі (қатысушылары, акционерлері) немесе пайдаланушы сертификатын (авиациялық жұмыстарға арналған куәлікті) алуға үміткер жеке тұлға бекітеді. Жеткілікті қаржы ресурстарының болуы өтініш берушінің банктік шотынан соңғы үш айдағы тиісті үзінді көшірмемен расталады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы Заңның 16-3-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне және 39-бабы 5-1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
2) егер өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса;
3) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда авиациялық жұмыстарды орындауға арналған пайдаланушы сертификатын және (немесе) куәлікті кері қайтарып алады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алу тәртібі тиісінше Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын беру қағидаларында және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.";
41) 61-баптың 2-тармағындағы "жүз сексен" деген сөздер "жүз жетпіс бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сертификатталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын), азаматтық авиация әуежайын пайдаланушы жүзеге асырылатын әуежай қызметінің көлемі мен күрделілігіне сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.";
43) 65-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктегі "әуежайды пайдаланушы", "әуежайды пайдаланушымен" "әуежай аумағында жүзеге асыра алады" деген сөздер тиісінше "әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы", "әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушымен" "әуежай (әуеайлақ) аумағында жүзеге асыра алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктердегі "әуежайды пайдаланушы" деген сөздер "әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы" деген сөздермен аустырылсын;
2-тармақта "әуежайды пайдаланушы", "әуежай аумағына" және "әуежай аумағында" деген сөздер тиісінше "әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы", "әуежай (әуеайлақ) аумағына" және "әуежай (әуеайлақ) аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде көрсетілетін қызметтерді берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес инфрақұрылым алымын, әуежайдың (әуеайлақтың) инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.";
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері "әуежайды" деген сөзден кейін тиісінше "(әуеайлақты)" деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақ "әуежайды" деген сөзден кейін "(әуеайлақты)" деген сөзбен толықтырылсын;
44) 66-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарын қоспағанда, бірлесіп пайдалану және орналастыру әуеайлақтары азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына және сертификаттау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Азаматтық авиация пайдаланатын уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарын пайдалануға жарамдылығы қағидаларына сәйкес келуге тиіс.";
2, 3 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналасатын әуеайлақтар сертификаттауға жатады, оларда:
1) халықаралық ұшулар;
2) әуе кемелерінің кез келген түріндегі тұрақты жолаушылар рейстері;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, жолаушылар орындарының саны 20-дан асатын жолаушылар әуе кемелерінің ұшуы;
4) ең жоғары ұшу массасы 5700 кг асатын әуе кемелерінің коммерциялық ұшуы;
5) жолаушылар әуе кемелерінің түнгі уақытта ұшуы;
6) жолаушыларды ашық теңізде жылжымайтын немесе қалқымалы объектілерге (теңіз кемелеріне, қондырғыларға) тасымалдауға арналған әуе кемелерінің ұшулары орындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ұшулар орындалмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) сертификаттауды талап етпейді. Алайда мұндай әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша сертификаттауға жол беріледі.
3. Cертификатталатын әуеайлақ (тікұшақ айлағы) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификат алғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.
Сертификатталмаған әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға олардың ашылғаны туралы хабарлағаннан және азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының немесе уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын пайдалануға жарамдылығы актісін ұсынғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.";
"11. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатының барлық қолданылу кезеңі немесе сертификатталмаған әуеайлақтар үшін пайдаланудың барлық кезеңі ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сертификаттау талаптарына сәйкестігі үшін жауапкершілік әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға жүктеледі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдаланудың барлық кезеңі ішінде уақытша әуеайлақ пен қону алаңын пайдалануға жарамдылығының сәйкестігі үшін жауапкершілік пайдаланушыға немесе меншік иесіне жүктеледі.";
45) 67-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарынан басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) тізілімінде есепке алынуға жатады.";
"3. Уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын пайдаланушылар азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіппен есепке алынуға жатады.";
46) 68-бапта:
2-тармақ "жағдайлар бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған және төтенше жағдай енгізілген кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
47) 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу немесе дүлей зілзалалар кезінде халыққа көмек көрсету, сондай-ақ сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін;";
48) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Халықаралық әуежайдың әуежай инфрақұрылымын дамытудың егжей-тегжейлі кезеңдерін және іске асыру жоспарын қоса алғанда, басым міндеттер тізбесін қамтитын бас жоспары болуға тиіс. Бас жоспарды әуежайды пайдаланушы экономикалық орындылығы туралы ақпараттың, тасымалдар болжамдарының, атап айтқанда, әуе кемелерін пайдаланушылар қоятын ағымдағы және болашақ талаптардың негізінде әзірлейді, сондай-ақ ол әуеайлақтағы әуе қозғалысының көлемін ескере отырып, кезең-кезеңімен қайта қарайды.
Бас жоспарды жасау кезінде әуеайлақ қызметіне қатысушы тараптармен, атап айтқанда, әуе кемелерін пайдаланушылармен консультациялар жүргізу қажет. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуежайды дамытудың бас жоспарын жасауға жәрдемдесу мақсатында әуежайды пайдаланушыға пайдалануға енгізу болжанып отырған әуе кемелерінің түрлері, сипаттамалары мен саны, әуе кемелері операцияларының болжамды ұлғаюы және жолаушылар мен жүк тасымалдарының болжамды көлемі туралы ақпарат беруге тиіс.";
49) 74-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
50) 76-бапта 5-тармақтың төртінші бөлігіндегі "тасымалдау қағидаларында" деген сөздер "тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын";
51) 78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұрын тасымалдаушының бастамасы бойынша әуе тасымалы шарты тоқтатылған жолаушының іс-әрекеті үшін, сондай-ақ егер жолаушы осы Заңның 78-1-бабына сәйкес авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген тұлғаларының тізіліміне енгізілмеген болса, авиакомпанияның бастамасы бойынша әуе тасымалы шартын қайта тоқтатуға жол берілмейді.";
52) мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:
"78-1-бап. Тасымалдаушының әуе тасымалы шектелген адамдарының тізілімі
1. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы немесе жолаушының әуе тасымалы шартын жасасуға тасымалдаушы уәкілеттік берген тұлға, егер осы тасымалдаушы оны тасымалдаушының әуе тасымалы шектелген адамдарының тізіліміне енгізсе, жолаушыға мұндай шарт жасасудан бас тартуға, сондай-ақ шартты тоқтатуға құқылы.
2. Жолаушының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 144-бабының 1-2 бөлігінде, 566-бабында және 564-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне не әуе кемесінің бортында жасалған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 4-тармақшасында көзделген қылмысқа жатқызылуы ықтимал әрекеттер жасау фактісі туралы әуе кемесінің командирі не аға бортсерік тасымалдаушының басшысын немесе басшысының міндетін атқарушыны жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Жолаушыны тасымалдаушы әуе тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 144-бабының 1-2 бөлігінде, 566-бабында және 564-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамға әкімшілік жаза тағайындау туралы заңды күшіне енген қаулының не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, әуе кемесінің бортында қылмыс жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы заңды күшіне енген сот үкімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың жаңа айыптау үкімінің негізінде тасымалдаушының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы қабылдайды. Мұндай шешім тасымалдаушы осы тармақта көрсетілген қаулыны алған немесе осы тармақта көрсетілген сот үкімін немесе апелляциялық соттың жаңа айыптау үкімін интернет-ресурсқа орналастырған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде қабылданады.
4. Тасымалдаушы әуе тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне жолаушыны енгізу туралы шешімге жолаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
5. Тасымалдаушы жолаушыны осы тасымалдаушы әуе тасымалын шектеген адамдардың тізілімінен осы бапта көрсетілген қаулы не сот үкімдері заңды күшіне енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң алып тастауға міндетті.
Жолаушы тасымалдаушы әуе тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне қайта енгізілген кезде тасымалдаушы шектеу мерзімін:
1) екінші рет – 2 жылдан аспайтын мерзімге;
2) үшінші рет – 5 жылдан аспайтын мерзімге;
3) төртінші рет – 10 жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтуға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзімдер өткенге дейін осы бапта көзделген қаулының және сот актілерінің күші жойылған жағдайда тасымалдаушы күші жойылған кезден бастап бір айдан кешіктірмей жолаушыны тасымалдаушы тасымалын шектеген адамдардың тізілімінен шығаруға міндетті.
6. Егер осы жолаушы Қазақстан Республикасымен көлік қатынасының жалғыз тәсілі әуе тасымалы болып табылатын жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасына қайтып келген жағдайда, әуе тасымалы шектелген адамдардың тізіліміне тасымалдаушы енгізген жолаушымен жолаушыны әуемен тасымалдау шартын жасасудан бас тартуға не онымен шартты тоқтатуға болмайды не ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілуге жатады, Қазақстан Республикасы мен жөнелту пункті немесе межелі пункт арасындағы көлік қатынасының жалғыз тәсілі әуемен тасымалдау болып табылатын не емделу орнына немесе кері қайтатын, не мүгедектер қатарындағы жолаушыны емдеу орнына немесе кері қайтатын жерге ертіп баратын, не отбасы мүшесін немесе жақын туысын жерлеуге немесе кері қайтатын жағдайда, депортациялау немесе реадмиссиялау (Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасына беру немесе қабылдау) туралы құжатпен расталатын, не осы жолаушы осы баптың 7-тармағына сәйкес тиісті түрде Тізілімге енгізілгені туралы хабардар етілмеген немесе хабардар етілген.
7. Тасымалдаушы жолаушыға оны өзінің әуе тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне енгізілгені туралы, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген жолаушыны әуе тасымалы шартын жасасудан бас тартуға болмайтын жағдайлар туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етуге міндетті.
Хабарлама:
1) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе адам өзі растаған электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
2) адамға жеке өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің біріне тапсыру туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабарламаға қол қойғызып, тапсырыстық хатпен табыс етілетін жеделхатпен хабарландырылған;
3) хабарламаны тиісінше жеткізу фактісін тіркеуге мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жіберілген жағдайларда тиісті түрде жеткізілген болып саналады.
8. Тасымалдаушының әуе тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне енгізілген адамдардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9. Тасымалдаушы тасымалын шектеген адамдардың тізіліміне енгізілген жолаушымен әуе тасымалы шартын тоқтатқан жағдайда жолаушыға сатып алынған билеттің толық құны өтеледі.";
53) 82-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындау үшін оларды пайдаланушы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға міндетті.";
54) мынадай мазмұндағы 86-1-баппен толықтырылсын:
"86-1-бап. Талап қою мерзімдері
1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан жағдайда не наразылық жіберілген кезден бастап 15 күн өткен соң тасымалдаушыдан қойылған наразылықты жауап алынбаған жағдайларда қойылуы мүмкін.
2. Жүкті, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзімі – бір жыл, жолаушыны, багажды тасымалдау шарты бойынша – алты ай.
3. Талап қою мерзімі талап қою үшін негіз болған оқиға басталғаннан кейінгі келесі күннен бастап есептеледі.";
55) 90-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қызметке әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде орналасқан объектiлердiң құрылысы, электр беру желiлерiнің орнатылуы, басқа да бөгеттердiң орналасуы; оның салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқынды, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстар; құстардың топталып жиналуына немесе ұшу көрiнiсiнiң нашарлауына әкеп соғатын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет жатады.
Мұндай қызмет Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсатпен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
2-тармақта:
бірінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) авиациялық радиотехникалық құралдардың және жарық беретін сигнал жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіруі, пилоттардың көрмей қалуына себеп болуы мүмкін байланыс, электр беру желілерін, сондай-ақ басқа да радиотолқынды және көрінетін электромагниттік сәулелену объектілерін;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) аң фермаларын, қасапханаларды және басқа да объектілерді салу, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру үшін талап етіледі. Әуеайлақтың бақылау нүктесінен 15 км радиуста ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, егер мұндай қызмет құстардың топталып жиналуына жағдай жасамаса және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе ғана мүмкін болады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етіледі, ол ТКТ-дан 15 км радиуста құстардың тартылуымен және топталып жиналуымен ерекшеленуі мүмкін.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген объектілерді орналастыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Әуеайлақтың бақылау нүктесінен он бес километр қашықтықта тұрмыстық қалдықтарды шығару орындарын орналастыруға тыйым салынады.
Аң фермаларын, қасапханаларды және басқа да объектілерді салу, әуеайлақтың бақылау нүктесінен 15 км радиуста ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, егер мұндай қызмет құстардың топталып жиналуына жағдай жасамаса және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес рұқсат алған кезде ғана мүмкін болады.";
56) мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2 және 92-3-баптармен толықтырылсын:
"92-1-бап. Азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі
1. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсынудың мақсаты авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау үшін ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру болып табылады.
2. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін енгізу әділ мәдениет қағидатына негізделуге тиіс.
3. Авиациялық персонал және пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының басқа да қызметкерлері ұшу қауіпсіздігінің елеулі тәуекелін тудыруы мүмкін және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлау авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар санатына жататын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы хабардар етуге міндетті.
Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну олар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың санаттары, сондай-ақ осы санаттағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсынатын адамдардың тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар деректерін ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларында белгіленеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбеде көзделмеген тұлғалар хабардар етілуге міндетті санатқа кірмейтін авиациялық оқыс оқиғалар туралы, егер олар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа жататын болса, сондай-ақ егер мұндай ақпаратты авиация персоналы немесе пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының басқа да қызметкерлері ұшу қауіпсіздігіне нақты немесе ықтимал қатер төндіреді деп қабылдай алатын болса, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлайды.
5. Авиациялық оқиға туралы ұсынылған деректерді алғаннан кейін пайдаланушы мен азаматтық авиация ұйымы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тиісті авиациялық оқиға туралы белгілі болғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жиналған оқиғалардың толық мән-жайын хабарлайды.
6. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын деректерде авиациялық оқиғаның санатына байланысты оған қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар деректерін ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес белгіленетін ең аз ақпарат болуға тиіс.
7. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар және деректерді ұсыну тәртібі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар деректерін ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларында және пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтарда белгіленеді.
8. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқауды қабылдау арқылы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін енгізеді және қолдайды.
9. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ақпаратты электрондық дерекқорларда сақтауға тиіс, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды дерекқорымен үйлесімді болуға тиіс.
10. Сертификатталған ең жоғары массасы екі мың екі жүз елу килограмнан асатын әуе кемелерімен және (немесе) турбореактивті қозғалтқышы бар ұшақтармен болған авиациялық оқиғалар туралы ақпараттық есептер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) жіберіледі.
11. Уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес алынған деректерді тәуелсіз жинау, бағалау, өңдеу, талдау және сақтау үшін тетік құрады. Ұсынылған деректерді өңдеу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен арттырудан басқа, ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануды болғызбау ниетімен жүзеге асырылуға тиіс және әділ мәдениетті іске асыру мақсатында хабарлаушы адамның және авиациялық оқиғалар туралы есептерде аталған адамдардың жеке басының құпиялылығын тиісінше қамтамасыз етуге тиіс.
12. Азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалардың немесе инциденттердің санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді тергеу және ұсыну қағидаларында айқындалады.
92-2-бап. Құпиялылық, ақпаратты тиісінше пайдалану және ақпарат көзін қорғау
1. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректер тиісті түрде қорғалуға тиіс және оларды жинау олардың құпиялылығына кепілдік беру, есептерде көрсетілген адамдардың дербес деректерін қорғау және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің сенімділігіне авиация персоналы мен басқа да қызметкерлердің сенімділігін қамтамасыз ету жолымен қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлайтын немесе есептерде айтылатын азаматтық авиация саласындағы авиация персоналы мен өзге де қызметкерлер өздері берген ақпарат негізінде жұмыс беруші тарапынан тәртіптік жазаға және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартылмауға тиіс.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары оқиғалар және (немесе) оқыс оқиғалар туралы ақпаратты:
1) кінәні немесе жауапкершілікті жүктеу үшін;
2) ұшу қауіпсіздігін қолдаудан немесе арттырудан басқа кез келген өзге де мақсаттар үшін ұсынбауға немесе пайдаланбауға тиіс.
4. Егер азаматтық авиация саласының қызметкері авиациялық оқиға туралы есепте аталған болса және өзі сол оқиға туралы хабарлауға міндетті болса және өзіне белгілі болған кезден бастап жұмыс берушінің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде ол туралы әдейі хабарламаса, онда бұл адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
5. Егер тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалса, оқиғалар және (немесе) оқыс оқиғалар туралы есептердегі ақпаратты авиациялық оқиға туралы хабардар еткен азаматтық авиация саласындағы қызметкерге немесе авиациялық оқиға туралы есепте аталған адамға қарсы пайдалануға болмайды.
6. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары персоналмен консультациядан кейін әділ мәдениет саясатын іске асыру тәртібін белгілейтін ішкі қағидаларды қабылдайды. Әділ мәдениет қағидатын іске асыру осы Заңның 92-1, 92-2, 92-3-баптарының ережелеріне, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар деректерін ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
7. Оқиғалар туралы хабарлайтын немесе есептерде айтылатын авиация персоналы мен азаматтық авиация саласының қызметкерлері туралы ақпаратқа, олардың дербес деректеріне авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы есептерді жинауға, өңдеуді бағалауға, талдауға және сақтауға тікелей қатысатын ұйым персоналы ғана қол жеткізе алады.
8. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру талаптарына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын немесе оның заңды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін дербес деректер мен жеке өмірі туралы мәліметтер жария етілмейді, дерекқорға енгізілмейді және қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.
9. Авиация персоналы және өзге де қызметкерлер азаматтық авиация саласындағы қызметкерлер осы бап ережелерінің бұзылғаны туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға хабарлауға құқылы және бұл үшін жұмыс беруші жауапкершілікке тартпауға тиіс.
92-3-бап. Авиациялық оқиғаларды талдау және тиісті (түзету) шараларды қабылдау
1. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары анықталған авиациялық оқиғаларға байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерді анықтау мақсатында авиациялық оқиғаларды талдау процесін әзірлейді.
2. Талдау нәтижелері бойынша пайдаланушы мен азаматтық авиация ұйымдары азаматтық авиация саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті кез келген тиісті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын:
1) осы іс-қимылдарды уақтылы орындай отырып;
2) іс-қимылдардың іске асырылуы мен тиімділігінің мониторингі процесін белгілей отырып айқындайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары авиация персоналы мен басқа да қызметкерлерге оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесі шеңберінде талдау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде беруге тиіс.
4. Пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары өз талдауларының алдын ала нәтижелерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және уәкілетті органға жіберуге, сондай-ақ оларға түпкілікті нәтижелерді, егер бұл нәтижелер ұшу қауіпсіздігі үшін нақты немесе ықтимал тәуекелді сәйкестендірсе, жіберуге тиіс.
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұйымдар жүргізетін талдау бойынша жұмыстардың мониторингін және кез келген қолданылатын түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын жүзеге асырады.";
57) 93-бапта:
2, 3 және 5-тармақтарда "авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында" деген сөздер "деректерді ұсыну және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 93-1-баптың 4-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған жерге келуге, азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру және деректерін ұсыну қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға;
4) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар деректерін ұсыну және тергеп-тексеру жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттіктер беретін куәлігінің болуы міндетті.";
59) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"94-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу
1. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптауды және есепке алуды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
3. Авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды есепке алу үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы ақпарат жинауға жәрдемдесу мақсатында авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құрады.
Осы жүйені құру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.";
60) 105-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар, авиациялық жұмыстарды орындайтын пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігінің бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.";
екінші бөлікте:
екінші абзацындағы "әуе кемесін" деген сөздерден кейін "немесе пилотсыз авиациялық жүйені" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"әуе кемесінің немесе пилотсыз әуе кемесінің бортында (немесе бортының сыртқы жағында) немесе әуежайда қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыны немесе материалды орналастыру;
пайдаланудағы немесе сақтау орнындағы әуе кемесін немесе пилотсыз авиациялық жүйені кісі өлтіру, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;";
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) авиациялық жұмыстарды орындау кезінде пилотсыз авиациялық жүйеге бөгде адамдардың кіруін болғызбау арқылы қамтамасыз етіледі;";
"2-1) пилотсыз әуе кемесін сақтау орнына заңсыз кіру және бағдарламалық қамтылымның және (немесе) жабдықтың конфигурациясын өзгерту мүмкіндігін болғызбайтын пилотсыз авиациялық жүйені тиісті түрде сақтау арқылы қамтамасыз етіледі;";
3) тармақша "әуе кемелерінде" деген сөздерден кейін ", пилотсыз авиациялық жүйелерде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "әуе кемелерін" деген сөздерден кейін ", пилотсыз авиациялық жүйелерді" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-3) азаматтық авиация мақсаттары үшін пайдаланылатын ақпараттық және байланысты технологиялар мен деректердің маңызды жүйелерін қорғау;
6-4) пилотсыз авиациялық жүйелерді құқыққа қарсы пайдалануды болғызбайтын бағдарламалық-техникалық құралдармен пилотсыз авиациялық жүйелерді жарақтандыру;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуе кемесінің бортында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулықтан үзінді көшірменің болуын қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
"3-3. Пилотсыз авиациялық жүйені пайдалану және сақтау кезінде оны бөгде адамға заңсыз беруге тыйым салынады.";
4-1-тармақтағы ", сынақтар мен шолулар" деген сөздер "және сынақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
1) тармақша "әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар деген сөздерден кейін ", авиациялық жұмыстарды орындайтын пилотсыз авиациялық жүйелерді" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау;";
7) тармақша "7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асырылады." деп жазылып, 8) тармақша алып тасталсын;
10-тармақтағы "және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды" деген сөздер алып тасталсын;
61) 106-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "(аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыға жүктеледі.";
62) 107-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Авиациялық қауіпсіздік қызметі жоқ, уақытша әуеайлақта, қону алаңында ұшу алдындағы қарап тексеруді жүргізу әуе кемесінің экипажына жүктеледі.".
11. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13-тармағы 4) тармақшасының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы өту тәртібі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.";
2) 3-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |