2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 478 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа 2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 шілдедегі
№ 478 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді уақытша қолдану туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі

      2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің уақытша қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында

      тәжік-ауған шекарасының іргелес ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті күшейту үшін

      1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 25-бабы 1-тармағының b) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:

      Осы Хаттамаға қол қойылған күнінен Тараптар 2021 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім күшіне енгенге дейін оны уақытша қолданады.

      2021 жылғы "___" __________Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада қол қойылды.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады