Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы арасындағы "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Нұралықызы Жайылғановаға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы арасындағы "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 490 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы арасындағы "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасын қаржыландыру туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) Жобалық құжаты осы келісімге А қосымшасында қоса беріліп отырған "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру шеңберінде ынтымақтасуға ниет білдіргенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет жобаның бюджетін ұлғайту үшін қаржыландыру негізінде өзінің БҰҰДБ-ға қаржылық салым (бұдан әрі – салым) беру ниеті туралы БҰҰДБ-ға хабарлағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ОСЫ АРҚЫЛЫ Үкімет және БҰҰДБ төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Үкімет осы баптың 2-тармағында айтылған тәртіпке сәйкес 2021 – 2023 жылдары БҰҰДБ иелігіне 008 "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" бюджеттік бағдарламасы, 006 "Республикалық бюджеттен грантты қоса қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламасы бойынша 3600000 (үш миллион алты жүз мың) АҚШ доллары және 018 "Грант есебінен" кіші бағдарламасы бойынша 360000 (үш жүз алпыс мың) АҚШ доллары мөлшерінде салым береді.
2. Егер бірлесіп қаржыландыру АҚШ долларынан өзге валютада жүргізілсе, ол бойынша төлем құны төлем күні қолданыстағы БҰҰ айырбас бағамы қолданылып айқындалады. БҰҰДБ осы төлемді толық пайдаланғанға дейін БҰҰ бағамы өзгерген жағдайда, сол сәттегі қаражат қалдығының құны тиісінше қайта есептелетін болады. Егер бұл ретте бағамдық айырма нәтижесінде қаражат қалдығы құнының шығыны тіркелген жағдайда, БҰҰДБ Үкіметтің қосымша қаржыландыру бере алатын-алмайтынын айқындау мақсатында ресми хат жіберу жолымен Үкіметке хабарлайды. Мұндай қосымша қаржыландыру болмаған жағдайда, жобаға көмек БҰҰДБ тарапынан қысқартылуы, тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкін.
3. Үкімет төменде айтылған төлемдер графигіне сәйкес салымды БҰҰДБ-ның мынадай банктік шотына аударады:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы |
БСН 010950002133
Сити Банк Казахстан АҚ
БСК CITIKZKA
IBAN KZ2483201D0500006013
КБЕ 21
Қаражат аударылатын жыл | сомасы, АҚШ долл. |
Республикалық бюджет | |
2021, шілде |
1 200 000 |
4. Үкімет БҰҰДБ-ға төлемді жүзеге асырғаны туралы электрондық пошта арқылы contributions@undp.org мекенжайына төлемнің мақсаты туралы ақпаратпен хабарлап, мынадай ақпаратты ұсынады: Үкімет, БҰҰДБ елдік кеңсесі, жобаның атауы мен нөмірі. Бұл ақпарат қаражатты БҰҰДБ-ға аудару кезінде банктік төлемнің мақсатында көрсетілуге тиіс.
5. Жоғарыда келтірілген төлем тәртібі жоспарланған қызметті орындау басталғанға дейін әрбір қаржы жылы үшін салымдарды 100 % алдын ала төлеуді көздейді. Төлем тәртібі жобаның іске асырылу барысына сәйкес өзгертілуі мүмкін. БҰҰДБ жобаның (валюталық ауытқулармен байланысты, бірақ онымен шектелмейтін) шығындарын өтемейді. Тараптар барлық шығындар жобадан алынатынын қабылдайды және онымен келіседі.
6. Барлық қаржылық есептілік АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс.
7. БҰҰДБ салымды АҚШ долларынан өзге валютада, егер ол толығымен айырбасталатын валюта болса және БҰҰДБ-да қолданылса, сондай-ақ 6-тармақ ережелерінің сақталуы шартымен алуға келісуі мүмкін. Салым бойынша валютадағы кез келген өзгеріс БҰҰДБ-ның келісімімен жасалуы мүмкін.
8. "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Үкіметтен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі БҰҰДБ өзінің саясатына, рәсімдеріне, қағидалары мен ережелеріне сәйкес жоба бойынша атқарушы әріптес ретінде айқындаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып табылады.
1. Шығындарды басқа ресурстардан өтеу туралы қағидаларда көрсетілген БҰҰДБ Атқарушы кеңесінің шешімдері мен директиваларына сәйкес Жалпы басқаруды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге (ЖБҚ) БҰҰДБ штаб-пәтері мен елдегі өкілдік құрылымдары шеккен жанама шығындар салым сомасынан алынатын болады. ЖБҚ бойынша шығындарды өтеу үшін салым сомасының 8 %-ы мөлшерінде төлем алынады. Бұдан басқа, егер мұндай шығындар белгілі бір жобаға тікелей қатысты болса, атқарушы әріптестің шығындарын қоса алғанда, жобаны орындау жөніндегі барлық тікелей шығындар тиісті бюджет желісі бойынша жоба бюджетінде көрсетілетін болады және жоба бюджетінен жабылады.
2. Тиісті әкімшілік қызметтерді өтеуге арналған болжамды шығыстарды қоса алғанда, жобаның жалпы бюджеті осы келісім шеңберінде жоба үшін қолжетімді салымның жалпы сомасынан, сондай-ақ жобаның шығыстарына және әкімшілік шығыстарға басқа қаржыландыру көздерінен берілуі мүмкін қаражаттан аспауға тиіс.
1. Салымды әкімшілендіруді БҰҰДБ жобаларды орындау үшін көзделген әдеттегі рәсімдерді қолдана отырып, БҰҰДБ қағидаларына, нормаларына, директиваларына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
2. Жобаны басқару және жобалық шығыстар БҰҰДБ қағидаларына, нормаларына, директивалары мен рәсімдеріне және көзделген жағдайларда – атқарушы әріптестің қағидаларына, нормаларына, директиваларына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
1. Осы келісімде және осы келісімге А қосымшасындағы Жобалық құжатта негізделген БҰҰДБ мен атқарушы әріптестің міндеттемелерін орындау осы келісімнің 1-бабының жоғарыдағы 3-тармағында айтылған салымды БҰҰДБ-ның алуына байланысты болады. Салым алынғанға дейін БҰҰДБ іске асыруды бастамауға тиіс.
2. Шығыстар немесе міндеттемелер күтпеген жерден ұлғайған жағдайда (инфляцияға, айырбас бағамының ауытқуларына немесе болжанбаған мән-жайларға байланысты), БҰҰДБ Үкіметке одан әрі қажетті қаржыландыруды айқындайтын қосымша сметаны уақтылы ұсынады. Үкімет қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
3. Төлем графигіне сәйкес осы келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес салым бойынша төлемдер түспеген жағдайда немесе жоғарыда көрсетілген 2-тармағына сәйкес Үкіметтен немесе өзге де көздерден қосымша қаражат түспеген жағдайда, БҰҰДБ осы келісімге сәйкес жобаны қысқарта, тоқтата тұра немесе көмек көрсетуді тоқтата алады.
Салымнан қаржыландырылатын жабдыққа, материалдарға және өзге де мүлікке меншік құқығы БҰҰДБ-ға тиесілі. БҰҰДБ-дан меншік құқығының өтуіне қатысты мәселелерді Жобаны басқару комитеті БҰҰДБ қағидаларына, директиваларына және рәсімдеріне сәйкес шешеді.
Салым БҰҰДБ-ның қаржы ережелерінде, қағидаларында, директиваларында және рәсімдерінде көзделген ішкі және сыртқы аудит рәсімдерінен өтеді.
БҰҰДБ Үкіметтің сұрау салуы бойынша БҰҰДБ есептілігінің рәсімдеріне сәйкес дайындалған қаржылық және басқа да есептерді ұсынады.
1. БҰҰДБ осы келісімге А қосымшасындағы Жобалық құжатқа сәйкес жобаға байланысты барлық қызметтің аяқталғаны туралы Үкіметті хабардар етуге міндеттенеді.
2. Жобаға байланысты барлық қызметтің аяқталуына қарамастан, БҰҰДБ қаржыландыру салым есебінен жүзеге асырылатын қызмет процесінде алынған барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғанға және жоғарыда аталған барлық қызмет аяқталғанға дейін салымның пайдаланылмаған сомасын сақтауды жалғастырады.
3. Егер салымның пайдаланылмаған сомасы осындай міндеттер мен міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болып шықса, БҰҰДБ бұл туралы Үкіметті хабардар етеді және Үкіметпен міндеттер мен міндеттемелерді қандай тәсілмен орындауға болатынын талқылайды.
4. Жоба аяқталғаннан кейін осы келісімге А қосымшасындағы Жобалық құжатқа сәйкес салымның барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғаннан кейін қалған пайдаланылмаған 5 000 АҚШ долларынан аз кез келген сомасын БҰҰДБ қайта бөлетін болады. Салымның барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғаннан кейін пайдаланылмай қалған 5 000 АҚШ долларынан асатын сомасын БҰҰДБ Үкіметпен келіскеннен кейін қайта бөлетін болады.
Тараптар сыбайлас жемқорлық практикасына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын мойындайды. БҰҰДБ өз тарапынан Персонал туралы Ережелерде және БҰҰ қағидаларында, БҰҰДБ Қаржылық ережелері мен қағидаларында, сонымен қатар БҰҰДБ сатып алулар бойынша нұсқаулығында көзделген тәртіппен шарттарды, гранттарды немесе басқа да төлемдерді тағайындауға және жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық практикасын ескере отырып, персоналды басқару кезінде тәртіп нормаларын сақтайтын болады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген қарарларына, соның ішінде s/RES/1269 (1999), S/RES 1368 (2001), and S/RES/1373 (2001) қарарларына сәйкес, Үкімет пен БҰҰДБ терроризмге және, әсіресе, терроризмді қаржыландыруға қарсы халықаралық күресті айрықша қолдайды. Өз саясатына сәйкес БҰҰДБ терроризммен байланысты жеке тұлғаларды немесе ұйымдарды тікелей немесе жанама қаржылық қолдаудың кез келген жағдайларынан аулақ болады. Осы саясатқа сәйкес БҰҰДБ осы келісім шеңберінде алынған Үкіметтің ешбір қаржы қаражатының терроризмге байланысты жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қолдау көрсету үшін пайдаланылмауы үшін тиісті шаралар қабылдайды.
1. Осы келісімнің тараптары арасында консультациялар жүргізілгеннен кейін және жобаны жүргізу үшін берілген басқа да құралдармен бірге алынған салым сомасы жобаны іске асыру кезінде алынған міндеттер мен міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті болып табылған жағдайда, осы келісімнің қолданысын БҰҰДБ немесе Үкімет тоқтатуы мүмкін. Осы келісім Тараптардың бірі екінші Тарапқа өзінің осы келісімнің қолданысын тоқтату туралы шешімі туралы жазбаша хабарлама жібергеннен кейін отыз күн өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
2. Егер салымның пайдаланылмаған сомасы жоба үшін қолжетімді өзге де қаражатпен бірге міндеттер мен міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болса, БҰҰДБ Үкіметке бұл туралы хабарлауға және Үкіметпен осындай міндеттер және міндеттемелер қандай жолмен орындалуы мүмкін екенін талқылауға міндеттенеді.
3. Осы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылғанына қарамастан, БҰҰДБ қаржыландыру салым есебінен жүзеге асырылатын қызмет процесінде алынған барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғанға және жоғарыда аталған барлық қызмет аяқталғанға дейін салымның пайдаланылмаған сомасын сақтауды жалғастырады.
4. Осы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін жоба аяқталғанға дейін салымның барлық міндеттер мен міндеттемелерді орындағаннан кейін қалған кез келген пайдаланылмаған 5 000 АҚШ долларынан (бес мың АҚШ доллары) аз сомасын БҰҰДБ қайта бөлетін болады. Салымның барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғаннан кейін пайдаланылмай қалған 5 000 АҚШ долларынан (бес мың АҚШ доллары) асатын сомасын БҰҰДБ Үкіметпен келіскеннен кейін қайта бөлетін болады.
1. Үкімет пен БҰҰДБ арасындағы кез келген хабарлама немесе хат-хабар мына тәсілдердің кез келгенімен: пошта, курьер және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Мекенжай:
(а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі:
Бақтыгереев Базаралы Сырымұлы, Аппарат басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
adgs@kyzmet.gov.kz
010000, Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы 33а
Мекенжай:
(b) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы:
Виталий Времиш, Тұрақты Өкілдің Орынбасары;
registry.astana.kz@undp.org
010000, Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 14
2. Қаражат алынғаннан кейін БҰҰДБ ұсынылған қаражатты БҰҰДБ-ның алғанын растау ретінде Агенттіктің төменде көрсетілген электрондық поштасына электрондық хабарлама жолдайды: adgs@kyzmet.gov.kz
Осы келісім оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және
2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ РЕТІНДЕ тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы келісімге қол қойды.
Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы "___" _________ қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі әрқайсысының күші бірдей. Осы келісімнің мәтіндері арасында алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Үкімет тарапынан _____________________________ |
БҰҰДБ тарапынан |
Якуп Бериш _____________________________ |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы
010000, Нұр-Сұлтан, Ә.Мәмбетов к-сі, 14
БСН 010950002133
Сити Банк Казахстан АҚ
БСК CITIKZKA
IBAN KZ2483201D0500006013
КБЕ 21