Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 520 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 31 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың Кешенді жоспарда белгіленген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша (25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 520 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК) 15 жыл ішінде оларды құру және одан әрі дамыту кезінде бастапқыда пайымдалғандай тиімді өңірлік даму институттарына айналған жоқ. Бұған ӘКК жүйесіндегі бірқатар жүйелі проблемалар мен қайшылықтар себеп болды:

      1) өңірлік даму институтының бірыңғай анықтамасының болмауы және олардың немен айналысуы тиіс екендігі туралы түсіністіктің болмауы (кейде өзара қарама-қайшы ұғымдар: әлеуметтік (кейде шығынды) жобаларды қолдайтын әлеуметтік бағдарланған құрылым ретіндегі ӘКК мен барынша пайда алуға бағытталған бизнеске бағдарланған құрылым ретіндегі ӘКК араласып жатады);

      2) қазіргі Тұжырымдамадағы мақсаттардағы, міндеттердегі және күтілетін нәтижелердегі қайшылықтар бастапқыда қойылған міндеттердің толық көлемде іске асырылмауына алып келді (соның салдарынан Тұжырымдамада жоспарланған күтілетін нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізілген жоқ);

      3) ӘКК дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында алдыңғы 2006 жылғы Тұжырымдаманың проблемалары мен сәтсіздіктері дұрыс ескерілген жоқ, соның салдарынан олардың көпшілігі шешілмей, бүгінгі күнге ауысты;

      4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен және басқа да үкіметтік құжаттармен нашар үндестіру (мысалы, ИИДМБ сәйкес ӘКК технологиялық даму жөніндегі ұлттық институттар ретінде айқындалды, алайда іс жүзінде ӘКК бұл бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асырмайды, өйткені ӘКК функционалдарында бұл шаралар бекітілмеген);

      5) ӘКК қызметінің қаржылық моделі орнықты емес, соның салдарынан көптеген ӘКК қызметі үнемі бюджеттік салымдарды талап ететін, шығынды болып келеді;

      6) Тұжырымдамада негізі қаланған бизнеске бәсекелестік жасамау туралы негізгі қағидаттың бұзылуы (іс жүзінде ӘКК қызметі нарықтардағы бұрмалануларға және ӘКК-ге қатысты мемлекет тарапынан фаворитизмді көрсетуіне алып келеді).

      ӘКК қызметінде олардың инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіруде, кәсіпкерлік ортаны дамытуда және жаңа жұмыс орындарын құруда белсенділіктің жеткіліксіздігі байқалады;

      7) мүдделі тараптардың жаңылыс сенімі ӘКК қызметіндегі шоғырлануды әлсіретеді ("орталықтың" күтетіні: ӘКК – түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырмалардың орындаушысы; жергілікті жердің күтетіні: ӘКК – ірі, кейде имидждік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін құрылым; бизнестің күтетіні: ӘКК – өңірде артықшылықтары бар және кейде дұрыс бәсекелестікке кедергі келтіретін құрылым, халықтың күтетіні: ӘКК – әлеуметтік маңызы бар өнімдерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізушілер);

      8) жоғары кәсіби кадрлардың тапшылығы, бизнес тарапынан сенімсіздік, қосылған құны жоғары түпкілікті қайта өңдеу өнімдері үлесінің төмендігі, жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеу мерзімдерінің ұзақтығы, барынша жол берілетін мерзімдерді, ӘКК қатысу түрлерін және басқа да проблемаларды көрсете отырып, мәмілелерді құрылымдау әдіснамасының болмауы жөніндегі жүйелі кемшіліктер;

      9) ӘКК қызметінің ашықтығын және жұртшылықтың бақылауында болуын, оның ішінде: ӘКК-нің қойылған міндеттерді орындауының қорытындысы және әкімдердің халық алдындағы есептік кездесуі кезінде ҚШҚ-ның қол жеткізген нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп беруі; қоғамдық кеңестердің отырыстарында ӘКК қызметінің түйінді мәселелерін қарау (ӘКК-нің даму жоспарлары, мақсаттар мен міндеттерге, қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді және ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қамтитын даму жоспарларын іске асырылуын мониторингтеудің нәтижелері туралы есептер) арқылы қамтамасыз ету қажеттігі.

      Сондай-ақ ақпаратты (мысалы, компанияның қаржылық және операциялық нәтижелері, оның ішінде аудит нәтижелері, ӘКК басқару органдарына, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне сыйақы беру саясаты, мәмілелер және т.б.) ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жариялау қажеттілігі регламенттелетін болады;

      10) ӘКК-нің қаржылық тәртібі мәселелерін пысықтау, сондай-ақ олардың қызметін мониторингтеудің тиімділігін арттыру қажеттігі.

      ӘКК-нің қаржылық жай-күйіне, сондай-ақ корпорацияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жауапты адамдар тобын (мысалы, атқарушы органның бірінші басшылары, әкімдерге жетекшілік ететін директорлар кеңесінің мүшелері) нақты айқындау қажет.

      Тағы бір маңызды аспект ӘКК қызметіне мониторинг жүргізудің тиімділігін арттыру қажеттігі болып табылады. Осыған байланысты ҚР-ның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес орталықсыздандыру бойынша жүргізіліп жатқан саясатты ескере отырып, ӘКК-ні үйлестіруде ҰЭМ-нің құзыретін қайта қарау мәселесі пысықталатын болады.

      Орталық деңгейде Ұлттық экономика министрлігі өңірлік даму институттарының қызметі үшін қағидаттар мен тәсілдерді белгілейді және тұрақты негізде тәжірибе алмасу үшін барлық өңірлік даму институттарының коллаборациясы үшін алаңды қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.

      Осылайша ӘКК жүйесі өңірлерді дамытуда мемлекеттік саясатты іске асыру құралы ретінде қайта саралауды және оны тиімді өңірлік даму институтына трансформациялауды талап етеді.

      Кешенді жоспарда ӘКК-ні өңірлік даму институттарына трансформациялауға, ӘКК-нің қызметін өңірлер экономикасының орнықты жұмыс істеуіне қолдау көрсетуге бағдарлануына, ӘКК басқаруына берілген активтерді тиімді басқаруға, ӘКК жұмысының транспаренттілігі және есеп беруіне бағытталған 16 іс-шараны іске асыру көзделген.



Р/с

Атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

1 2 3 4 5 6 7

Күтілетін нәтижелер:
1) ӘКК-ні өңірлік даму институттарына трансформациялау;
2) ӘКК қызметінің өңірлер экономикасының тұрақты жұмыс істеуін қолдауға бағытталуы;
3) ӘКК басқаруына берілген активтерді тиімді басқару;
4) тиімділік, оның ішінде негізгі капиталға салынатын жеке инвестициялардың, өңірдің жалпы өңірлік өніміне шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің артуы;
5) ӘКК қызметінің транспаренттілігі мен есептілігі, ӘКК құзыретін күшейту.

1.      "ӘКК трансформациясына дайындық кезеңі" бағыты

2.      1.

ӘКК қызметін талдау, оның ішінде:

ӘКК қаржылық жай-күйі және ӘКК жүзеге асыратын қызмет түрлері;

ӘКК ұйымдық құрылымы;

ӘКК қызметінің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізу;

стейкхолдерлер болжамдарын айқындау

ҰЭМ-ге

ақпарат

2021 жылғы қыркүйек

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3.      2.

ӘКК қызметінің жүйелі проблемаларын айқындау

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қыркүйек

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

4.      3.

Кәсіпкерлік пен өңір экономикасын дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін ӘКК мақсаттарының, міндеттері мен функцияларының тізбесін айқындау, өңірлік даму институттарының жаңа моделін әзірлеу

Үкіметке ақпарат

2021 жылғы қыркүйек

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

Өңірлік даму институттарын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу

Үкіметке ақпарат

2021 жылғы

қазан

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

5.

ӘКК трансформациясының жол картасын әзірлеу

жол картасы

2022 жылғы қараша

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.      "ӘКК бейінді емес және тиімсіз активтерін олардың билігінен шығару" бағыты

6.

ӘКК активтерін түгендеу, пайдаланылмайтын мүлікті анықтау

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қазан

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

7.

Мүлікті, жер учаскелерін, оның ішінде инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілгендерін басқару тиімділігін айқындау

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қазан

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

8.

Мыналар:

бейінді емес және тиімсіз активтерді ӘКК билігінен шығару;

активтердің іскерлік айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қазан

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

Сыртқы инвесторларды тарту және бейінді емес және әлеуметтік активтерді активтер портфелінен шығару арқылы активтерді иелену құрылымын оңайлату

2021 – 2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына активтерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

2021 жылғы қазан

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3. "Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл" бағыты

10.

Әкімдіктердің, орталық мемлекеттік органдар мен ӘКК, ӘКК мен бизнестің, ӘКК мен қаржылық және қаржылық емес даму институттарының өзара іс-қимылын зерделеу

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қараша

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

11.

Өңірлік даму институтын дамытудың жаңа моделіне сәйкес өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді өзгерту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру

ҰЭМ- ге

ақпарат

2021 жылғы қараша

ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

4. "Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу" бағыты

12.

Өңірлік институттың жаңа моделіне көшу үшін, оның ішінде ӘКК есептілігі мен бақылауда болу тетігін енгізу жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы маусым

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

5.      "Өңірлік даму институттарының функционалын қайта қарау" бағыты

13.

ӘКК құрылымын өңірлік даму институттарын дамыту мен басқарудың жаңа моделіне сәйкестендіру, оның ішінде функцияларды, ұйымдастыру нысандарын қайта қарау

ҰЭМ- ге

ақпарат

2023 жылғы наурыз

ЖАО, ӘКК (келісім бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

14.

ӘКК даму жоспарларын стратегиялық мақсаттардың жаңартылған жиынтығына сәйкес келтіру/әзірлеу

даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2023 жылғы маусым

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

15.

ӘКК қызметіне корпоративтік басқарудың озық стандарттарын енгізу

корпоративтік басқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2023 жылғы қыркүйек

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

16.

ӘКК трансформациясына жыл сайын мониторинг жүргізу

Үкіметке ақпарат

2023-2025 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады