"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 538 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп, мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесін әзірлеуге қатысу және бекіту;";

      91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "91) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және бақылау және қадағалау субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 14-1), 143-1), 143-2), 143-3), 143-4) және 143-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      143-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкіл жіберу;

      143-2) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      143-3) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификатты алу тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;

      143-4) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      143-5) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 405) тармақшамен толықтырылсын:

      "405) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындау;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 340-1), 341-1), 341-2) және 341-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "340-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі салаларында тексеру парақтарын әзірлеу;

      341-1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау;

      341-2) "аудитор" біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіби ұйымдарға жіберу және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;

      341-3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тарту;";

      355) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "355) бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін және олардың орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен өзара байланысын, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша тиімділігін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұнын бағалау, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеудің жаңа практикасын (халық қатысатын бюджет) пайдалануды бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады