"Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыруқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 575 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы бұрын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды толықтыратын еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгертуді жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, зейнетақы мөлшерін қайта қарау туралы өтінішті берген күннен бастап уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімше осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдай отырып және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалатын тізбеге сәйкес құжаттарды талап ете отырып, оларды келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға қағазда немесе электрондық форматта жолдайды.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-ИУ, 1-ВС нысандары бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған үзінділерді (оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын тіркеген адамдар бойынша) бір данада қағазда немесе электрондық түрде береді, үзінділерді қағазда жолдайтын жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса беріледі.

      12. Заңда көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 1-BC-арттыру, 1-BC/1-арттыру нысандары бойынша қағазда немесе электрондық форматта зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері туралы үзінділерді дайындайды және Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бір данада жолдайды, ол осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса береді.

      Қызмет өтілінің, ақшалай қамтылым мөлшерінің өзгеруіне байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-ИУ, 1-BC нысандары бойынша қағазда немесе электрондық форматта еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері туралы үзінділерді дайындайды, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса береді.

      Мүгедектік белгіленген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде мүгедектік белгіленген күннен бастап осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-BC нысаны бойынша қағазда немесе электрондық форматта үзінділерді дайындайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бір данада жолдайды.

      Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса), банктік шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушы бөлімшеге тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өзгерістер туралы өтініш береді.

      Жаңа деректемелері бар үзіндіні уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолдайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Алушыны төлемнен алуды Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша қағазда немесе электрондық форматта уәкілетті мемлекеттік орган не оның бөлімшесі ұсынатын хабарламалар негізінде жүргізеді, ол туралы ОДҚ-да тиісті белгі жасалады.";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша қағазда немесе электрондық форматта хабарламаларды, қайтыс болған адамдарды жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді (өтемақыны) және олардың отбасыларына берілетін біржолғы жәрдемақыларды төлеуге өтінімдерді Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 6-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2021 жылғы 24 тамыздағы
№ 575 қаулысына
1-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы
  мемлекеттік және құқық қорғау
  органдарының, мемлекеттік
  фельдъегерлік қызмет
  қызметкерлеріне, сондай-ақ
  арнаулы атақтар, сыныптық
  шендер алу және нысанды киiм
  киiп жүру құқықтары 2012
  жылғы 1 қаңтардан бастап
  жойылған адамдарға зейнетақы
  төлемдерiн тағайындау және
  жүзеге асыру қағидаларына
  1-қосымша

      ________________________________________________________________________

      (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын мемлекеттік органның атауы)

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау (қайта бастау) туралы өтініш

      кімнен _________________________________________________________

      (өтініш берушінің әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы,

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      тұратын мекенжайы: индексі _____ __________ облысы/қаласы _______ қаласы

      (ауданы) __________ ауылы ____ көшесі (шағын ауданы) ____ үй ____ пәтер ___ телефоны _________

      Банктің атауы ___________ Банктік (карта) шоты _________________

      Байланыс бөлімшесi ____________________________________________

      Менің жеке сәйкестендіру нөмірім (ЖСН) _________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № ____________________________

      Қашан және кім бердi ______ жылғы "___"___________ _____________

      Маған еңбек сіңірген жылдарым үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды/қайта бастауды/1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын тіркеген адам ретінде қайта бастауды (қажеттінің асты сызылады) сұраймын.

      Бұдан бұрын (қазіргі уақытта аламын немесе енді тағайындалды)

      _________ зейнетақы төлемдерін/жәрдемақы (иә, жоқ) алдым

      ______________________________________ (қай мемлекеттік органнан және зейнетақы төлемдерінің/жәрдемақының мөлшері қандай, ал егер төлем тоқтатылған болса, онда қай уақыттан бастап)

      Өтінішке мыналарды қоса беремін:___________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы __________ 20______ жылғы "__"___________

      Өтініш 20_____ жылғы "__"___________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы: ___________________________________________

      ______________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметке әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, біліктілік сыныбы беріліп қабылданған кезде, сондай-ақ тіркелген мекенжайым өзгерген кезде ол туралы зейнетақы төлемдерін тағайындаған мемлекеттік органды бес күн мерзімде, ал Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде дереу хабардар етуге міндетті екенім туралы хабардармын. Төлем тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы __________ 20______ жылғы "___"___________

      --------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

      1.______________________________________________________________

      2.______________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      (құжаттардың атаулары көрсетіледі)

      Құжаттар қабылданған күн 20 ______ жылғы "___"___________

      ________________________________________________________________

      (уәкілетті органның не оның бөлімшесінің атауы)

      _______________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 24 тамыздағы
  № 575 қаулысына
  2-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына
  3-қосымша

      1-ВС нысаны

Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердiң зейнеткерлік iсiнен үзiндi

      № ______ зейнеткерлік іс

      Тегi _________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) __________________________________

      Туған күні ______ жылғы "___"___________ _______________________

      Қазақстан Республикасы Заңының ___-бабы ___-тармағының ____тармақшасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған (оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын тіркеген адамдар бойынша қайта басталған) күн _____ жылғы "__"_________

      (негіздеме көрсетіледі)

      Тұрғылықты мекенжайы (нақты) __________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № ____________________________

      Кім және қашан бердi ____________ _____ жылғы "_"___________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі_____________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ________ жылғы

      "___"___________ бастап жүргізілсін.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерi _________________________________________________ теңге. (сомасы жазбаша)

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейінгі қосымша ақы _____________________ теңге. (сомасы жазбаша)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейінгі еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақының жиынтық мөлшері___________________теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Қосымша ақы (артық төлем) сомасы ______________________ теңге.

      ______ жылғы "___"___________–________ жылғы "___"______ кезең үшін

      Негіз (әскери қызмет өтілінің, ақшалай ризықтың өзгеруі)

      _________________________________________________________

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері:____________________________ теңге.
(сомасы жазбаша)

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн төлеу ________ жылғы "___"_________бастап жүргізілсін. _____ жылғы "__"___________ – ________ жылғы "___"___________ кезең үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қосымша ақы (артық төлем) сомасы

      ___________________________________________________________ теңге.

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы мөлшері

      ___________________________________________ теңге. (сомасы жазбаша)

      Банк деректемелері мен банктік шоттың нөмірі:

      _______________________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

      БСК_______________________________________________________

      Банк БСН __________________________________________________

      Банктік шоттың нөмірі _______________________________________

      М.О.

      Басшы ________________ ________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман __________________ _______________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 24 тамыздағы
  № 575 қаулысына
  3-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына
  6-1-қосымша

Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты, банктік шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген кезде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға өтініш

      кімнен ___________________________________________________________ (өтініш берушінің әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сізден менің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімді, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақыны, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуді тұрақты тұру орным бойынша мынадай мекенжай бойынша:

      (қажеттінің асты сызылады) индексі _____________

      ________________________ облысы/қаласы _______________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы ______________ көшесі (шағын ауданы) ___ үй ____ пәтер телефоны ________ не ____________банкінің ___________ банктік шотына (банктің атауы) жүзеге асыруыңызды сұраймын.

      Өтінішке мыналарды қоса беремін:

      1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

      2. Шоттың бар екені туралы банктен хабарлама

      Өтініш берушінің қолы ___________ _____ жылғы "__" ________

      Өтініш _____ жылғы "__" ______________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _____________________________

      Төлемді жүзеге асыру үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Өтініш берушінің қолы ________ ____ жылғы "__" ____________

      --------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы) Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

      1. Өтініш

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

      3. Шоттың бар екені туралы банктен хабарлама

      Құжаттар қабылданған күн ______ жылғы "__"_________________________

      (уәкілетті органның не оның бөлімшесінің атауы)

      ______________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 24 тамыздағы
  № 575 қаулысына
  4-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына
  9-қосымша

      _______________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

Төлемдерді тоқтатуға (тоқтата тұруға), жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді (өтемақыны) және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды жүзеге асыруға арналған хабарлама

      № ______ іс

      Тегі _______________________________________________________

      Аты _______________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)__________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі_____________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы (нақты)________________________________

      __________________________________________ бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақыларды, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тоқтатылсын (тоқтатыла тұрсын) (қажеттінің асты сызылады).

      Төлемді тоқтату (тоқтата тұру) себебі

      _____________________________________________________________

      (Қазақстанның басқа өңірлеріне, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшу, қайтыс болуына байланысты, туындаған мән-жайларды анықтағанға дейін)

      Негіз: Қайтыс болғаны туралы 20__ жылғы "___" ______ № ____ анықтама _______________________ берілді

      Тұрғылықты жерінен есептен шығарылғаны туралы белгісі бар 20___жылғы "__"_______ № ____мекенжайлық кету парағы. ____________________________

      (өзге де негіз) 20 __ жылғы "___" __________ жерлеуге арналған біржолғы төлемнің (өтемақының) мөлшері__________________________ теңге 20 __ жылғы "___" __________ қайтыс болғанның отбасына біржолғы жәрдемақының мөлшері_________________ теңге

      Жерлеуге арналған төлемді (өтемақыны), отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:

      № __________________________

      Қашан және кім берді _____ жылғы "_"__________

      Алушының ЖСН ______________________________________

      Мекенжайы __________________________________________

      Банк деректемелері және алушының банктік шотының нөмірі

      ХҚЕ___________________________________________________

      Кор. шот _______________________________________________

      Банктің БСН____________________________________________

      Шот___________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

      М.О. Басшы ________________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман________________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады