Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 597 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары және "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 597 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген кіші бөлімде реттік нөмірлері 222-39-9, 222-39-10-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 295-11, 295-12-жолдармен толықтырылсын:

      "295-11. "Сейсмология институты" ЖШС

      295-12. "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлім алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:

      1. "Қызылорда теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      2. "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады