Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 620 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 903 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2023 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.11.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бір бірлік үшін 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады