Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 630 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 24,79 гектар жер учаскесі елді мекендер шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты орман қорының жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 630 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


 
Жер пайдаланушының атауы
Жалпы ауданы,
гектар
оның ішінде:
орман
көмкерген
орман
көмкермеген
үй-жай
1 2 3 4 5

"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

24,79

3,9

11,39

9,5

Барлығы:

24,79

3,9

11,39

9,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады