Сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке берілетін "ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының үлесін қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 636 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ) "ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдау туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 636 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-157-жолмен толықтырылсын:

      "123-157. "ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-11-жолмен толықтырылсын:

      "222-39-11. "ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" ЖШС".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын:

      "32. "ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады