"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 673 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мынадай мазмұндағы 407-1 және 407-2-баптармен толықтырылсын:

      "407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау

      1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездікпен қарау –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      407-2-бап. Жануарларға қарау саласындағы заңнаманы бұзу

      1. Үйде ұсталатын және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, өлтіру қағидаларын бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –

      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 685-баптың бірінші бөлігі "396 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "407-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 709-бапта:

      бірінші бөлік "396 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "407-1, 407-2 және 408," деген цифрлармен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      1) тармақша "396 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "407-1, 407-2 және 408," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2), 3) 4) тармақшалар "388" деген цифрлардан кейін ", 407-1, 407-2 және 408" деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 729-бапта:

      бірінші бөлік "405," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2 және 408" деген цифрлармен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "386," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады