"Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 701 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ) "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) серіктестіктің қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 1 қазандағы
№ 702 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-202-жолмен толықтырылсын:

      "21-202. "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-12-жолмен толықтырылсын:

      "222-39-12. "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын:

      "33. "Еуразиялық интеграция институты".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады