Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
97-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспорттың әрбір парағын заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары дәйектейді және қол қояды;";
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортта:
мына:
"
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты |
Т.А.Ә.: |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты |
Т.А.Ә. (бар болса): |
"; |
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Т.А.Ә._____________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |