Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 740 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті Целиноград ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті Қосшы қаласының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджетінде және Ақмола облысының бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:

      "39-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті Қосшы қаласының полиция бөлімі.".

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады