Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01. 2022 ж. қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 971 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы төмендейтін деңгейлер бойынша мынадай критерийлерге сәйкес айқындалады:
1) құрылыс және реконструкциялау жобаларын жоспарлау кезінде:
елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы ауызша немесе жазбаша жолдаулар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған жобалар;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған жобалар;
техникалық санаты іс жүзіндегі қозғалыс қарқындылығына сәйкес келмеген жағдайда, аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 15 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
бойында 100 адамнан асатын жұмысшы персоналы бар кемінде екі өндірістік (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы) немесе астық қабылдау кәсіпорындары бар автомобиль жолдары;
2) күрделі жөндеу жобаларын жоспарлау кезінде:
аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 10 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
бойында 50 адамнан асатын жұмысшы персоналы бар өндірістік (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы) немесе астық қабылдау кәсіпорындары бар автомобиль жолдары;
жолдың жөндеуаралық қызмет ету мерзімі 15 жылдан асатын автомобиль жолдары;
3) орташа жөндеу жобаларын жоспарлау кезінде:
аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 5 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
жамылғысының төсемінің жөндеуаралық қызмет ету мерзімі 5 жылдан асатын автомобиль жолдары.".
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |