"Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 771 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады