"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 846 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мынадай деп белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету жағдайларына қолданылмайды;

      2) осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады