Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 908 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.     

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 908 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Банк)

      бұдан бұрын Тараптар жасасқан 2020 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-бөлімнің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасына қол қоюға уәкілетті ресми тұлға (Үкімет атынан) ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрін тағайындайды.";

      3-бөлімде:

      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) Үкімет тиісті жұмыс кезеңіне арналған тиісті Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасының ережелері мен оның шарттарында және Банк форматы бойынша ақы төлеуге сұрау салуға сәйкес (инвойс) Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасын орындағаны үшін Банкке сыйақы төлейді. Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасында көрсетілетін бюджеттік бағдарламада көзделген қаражаттан тиісті сыйақылар/төлемдер жүргізетін болады.";

      а) тармақшасына ескертпе алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама оған барлық Тараптар қол қойғаннан кейін оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Үкіметтің орындағаны туралы Банкке жазбаша түрде хабарланған кезден бастап күшіне енеді.

      Келісімнің осы Хаттамаға қайшы келмейтін барлық қалған ережелері күшінде қалады.

      2021 жылғы "__" _________ Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Халықаралық Қайта Құружәне Даму Банкі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады