Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 940 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ТАВ Қазақстан (TAV Kazakhstan)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Еуропа Қайта құру және Даму банкінің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Еуразиялық Даму банкінің және DEG (Deutsche Investitions-und Entwicklungsgesellschaft mbH) қарызын қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) орналастырылған 100 % жай акцияларын құрайтын Қоғамның 78414 (жетпіс сегіз мың төрт жүз он төрт) жай акциясына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық caлу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады