"Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 969 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 3-баптың 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер – 198 және 199-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 202 және 269-1-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал; 214-бапта – құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 233-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 325, 326, 328, 335, 337 және 342-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; 340-бапта - экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың елу айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері; 366 және 367-баптарда – елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;

      3) аса ірі залал және аса ірі мөлшер – 188, 188-1, 191, 192 және 295-1-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 189, 190, 194, 197, 202, 204 және 425-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен төрт мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 214-бапта – сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 216-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен бес мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта – сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 229, 230-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомадағы залал; 234-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны; 245-бапта – тексерілетін кезеңнің күнтізбелік бір жылы үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеуші осы күнтізбелік жыл үшін есептеген барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының он пайызынан асатын жағдайда, тексерілген кезең үшін жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 307-бапта – сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337, 339, 342 және 343-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; 365-бапта – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен төрт мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;";

      38) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) iрi залал және ірі мөлшер – 185, 186 және 458-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал; 188, 188-1, 191 және 192-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 189, 190, 194, 195, 196, 197, 200, 202, 204, 269-1, 295-1 және 425-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 198 және 199-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 214-бапта – сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 214, 221, 237, 238 (бірінші бөлігі), 239 (бірінші және екінші бөліктері), 242, 243 және 250 (екінші бөлігі)-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 216-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен жиырма мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 218-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік; 219, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 және 241-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал; 220, 229, 230-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомадағы залал; 221-бапта – сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 231-бапта – қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валютасының айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын құны; 234-бапта – алып өткізілген тауарлардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 235-бапта – қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы; 236-бапта – төленбеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 238 (екінші бөлігі)-баптарда – орта кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомада не ірі кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен қырық мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 244-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 245-бапта – тексерілетін кезеңнің күнтізбелік бір жылы үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеуші осы күнтізбелік жыл үшін есептеген барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының он пайызынан асатын жағдайда, тексерілген кезең үшін елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 247-бапта – үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны; 253-бапта – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 258-бапта – бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, мүліктің, мүліктік сипаттағы пайданың, көрсетілген қызметтердің құны; 274-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 292-бапта – жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштен бір мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 307-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 323-бапта – жалған жасалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341, 342 және 343-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; 340-бапта - экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; 344-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын залал мөлшері; 350, 354, 355 және 356-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мөлшерде келтірілген залал; 365-бапта – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда – үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 399-бапта – арнайы техникалық құралдардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;";

      2) 324-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында және екінші бөлігінің бірінші абзацында, 325-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында, екінші бөлігінің бірінші абзацында және үшінші бөлігінің бірінші абзацында, 326-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында, екінші бөлігінің бірінші абзацында және үшінші бөлігінің бірінші абзацында, 328-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында, екінші бөлігінің бірінші абзацында және үшінші бөлігінің бірінші абзацында, 329-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында және екінші бөлігінің бірінші абзацында, 330-баптың бірінші бөлігінің бірінші 333-баптағы "экологиялық залал" деген сөздер "залал" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 332-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      " 332-бап Жерді бүлдіру

      1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты пестицидтерді, улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе –

        белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мынадай:

      1) аса ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан экологиялық залал;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе төтенше экологиялық жағдайы бар аумақта не экологиялық зілзала аймағында ірі залал келтіруге алып келген іс-әрекеттер жағдайларда –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта аса ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      4) 334-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "334-бап Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

      1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал келтірсе –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) ірі залал келтірумен;

      2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

      3) аса ірі залал келтірумен жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп не онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 340-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау –

      мүлкі тәркіленіп не онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) бірнеше рет жасалған;

      3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      4) iрi залал келтiре отырып;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      6) 342-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз мүлкі тәркіленіп екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, егер олар:

      1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

      3) бірнеше рет;

      4) iрi залал келтiре отырып жасалған іс-әрекеттер болса –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген және аса ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 187-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128, 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 188-1, 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 293 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (үшінші бөлігінде), 335, 337, 338, 339, 340 ( төртінші бөлігінде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 342 (төртінші бөлігінде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 380-1, 380-2, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде), 428 (үшiншi бөлiгiнде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.";

      2) 191-баптың екінші және он алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде),341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi және үшінші бөлiктерінде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.";

      "16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса, үшiншi бөлiгiнде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бiрiншi бөлiгінде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады