Қызылорда облысының білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 978 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы
№ 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сейілбек Шаухамановтың есімі берілсін.

      2. "Қызылорда облысы білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 170 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қызылорда облысы білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Мұстафа Матаев атындағы № 170 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады