"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 994 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1. Атыс, ракета ұшыруды, жарылыс жұмыстарын, басқарылмайтын аэростаттарды (осы Қағиданың 22-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген басқарылмайтын зондтарды немесе аэростаттарды қоспағанда) жүргізумен байланысты жұмыстар жүргізілетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де қызмет жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима) үшін меншік иесі немесе объектіні пайдалануға жауапты орган ӘҚБ орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді әзірлейді, онда ӘҚБ орталығы мен ӘҚҚ органы арасындағы жұмысты бастау және тоқтату уақыты, тік және көлденең шекараларды белгілеу бойынша үйлестіру шаралары және өзара іс-қимыл бойынша шаралар көрсетіледі. Өзара іс-қимыл жөніндегі келісім жауапкершілік ауданында объект орналасқан ӘҚБ орталығымен және ӘҚҚ органымен келісіледі және объектінің жауапты тұлғасы (басшысы) бекітеді.

      Өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді келісу кезінде ӘҚҚ органы ұшуды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тік және көлденең шекараларды, сондай-ақ қолданылу кезеңін өзгертуге бастама жасай алады.";

      мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

      "17-2. Осы Қағиданың 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын орындау кезінде пайдаланушы немесе пилотсыз ұшу аппаратының иесі жауапкершілік аймағында ұшуларды орындау жоспарланған ӘҚБ орталығына және ӘҚҚ органына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында айқындалатын нысан бойынша келісу үшін пилотсыз ұшу аппаратының ұшуын жүргізу жөнінде ақпарат береді.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қауіпті аймақтарды, ұшу шектелген аймақтарды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы (бұдан әрі – ӘҚБ БО) белгілейді және NОТАМ хабарламасы арқылы пайдаланушылардың назарына жеткізеді немесе аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Мүддесіне орай қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ белгіленетін әуе кеңістігін пайдаланушылар қауіпті аймақты, ұшуға шектеу қойылған аймақты белгілеу үшін қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ іске қосылғанға дейін 9 тәуліктен кешіктірмей ӘҚБ БО-ға қауіпті аймақты, ұшуға шектеу қойылған аймақты олардың тік және көлденең шекараларын, әрекет ету кезеңін және жүзеге асырылатын қызметтің сипатын көрсете отырып белгілеуге сұрау салуды жібереді.

      22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

      1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;

      2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;

      3) электр магниттік сәулелену;

      4) жарықтық сәулелену;

      5) басқарылмайтын аэростаттарды немесе зондтарды іске қосу аудандары (83-1-тармаққа сәйкес жеңіл ретінде сыныпталатын басқарылмайтын аэростаттарды немесе зондтарды қоспағанда);

      6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Егер мүддесіне орай қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ белгіленген қызмет тұрақты сипатта болмаса, қауіпті аймақтың, ұшуға шектеу қойылған аймақтың әрекеті уақыт кезеңімен шектеледі.

      Уақыт кезеңімен шектелген қауіпті аймақтардағы, ұшуға шектеу қойылған аймақтардағы қызмет туралы мәліметтер осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарламалардың түрлеріне сәйкес NOTAM хабарламасы арқылы жеткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстіндегі әуе кеңістігінде ұшуы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын қорғау, қылмыстардың жолын кесу және ашу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында әуе кемелерінің белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекендердің үстінен ұшуы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байланатын аэростаттардың көтерілуі осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен, көрсетілген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін биіктікте орындалады.

      Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын қорғау, қылмыстардың жолын кесу және ашу жөніндегі іс-шараларға байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзет іс-шараларын жүргізуі шеңберінде орындалатын ұшуларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекендердің үстінен ұшуды орындауын келісуді және мемлекеттік әуе кемелерінің және авиацияның барлық түрлерінің пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуына рұқсат беруді ұшу жоспары ұсынылған кезде ӘҚБ орталықтары осы Қағиданың 4-бөлімінде көзделген тәртіппен жүргізеді.

      ӘҚБ орталықтары осындай ұшуларды келісу кезінде:

      1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсаты берілген ұшуларды қоспағанда, тыйым салынған аймақтарға және шектеу аймақтарына кіруді болдырмайды;

      2) осы Қағиданың 82-2-тармағында көзделген қажетті келісулердің болуын тексереді.

      Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. ӘҚБ БО операциялық әуе қозғалысы үшін ұсынылған барлық ұшу жоспарлары, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшу жоспарлары, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер негізінде әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауды жүзеге асырады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ұшу жоспары А, B, С, D және E кластарының әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ пайдаланушының сұрау салуы бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарын хабардар ету және ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында G класының әуе кеңістігін пайдалану кезінде ұсынылады.

      Осы Қағиданың 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары туралы хабарлама, сондай-ақ басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігінің класына қарамастан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

      Пилотсыз ұшу аппараттарының немесе басқарылатын аэростаттың күзетілетін объектілер үстінен ұшуларын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшулар басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚБ орталығына:

      1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуымен;

      2) атыс, зымырандар ұшыруды, жарылыс жұмыстарын өткізумен;

      3) планерлер (дельтапландар және парапландар) ұшумен байланысты қызметті орындаған жағдайда ұсынады.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Басқарылмайтын аэростаттар ұшырылатын, атыс, зымырандар ұшыру, жарылыс жұмыстары өткізілетін, планерлер (дельтапландар мен парапландар) ұшырылатын қызметті жүзеге асыруға әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚБ орталығына әуе кемелерінің қозғалысы және осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарламалар түрлеріне сәйкес ұсынады.";

      82-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан 5,5 км-ден жақын болмаса (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км-ден жақын болмаса), пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары ӘҚБ орталықтарына жіберілмеуі тиіс.";

      82-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-2. Пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы:

      1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен кемінде 1500 метр көріну және тігінен кемінде 300 метр бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

      2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерден басқа) – осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтарының қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

      Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

      3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда, әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км алыс орналасқан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) әуе кеңістігінде;

      4) мыналарда:

      G сыныбындағы әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен келісу бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған жағдайда);

      бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда орындалады.";

      82-3, 82-4 және 82-5-тармақтар алып тасталсын;

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. 83-1-тармаққа сәйкес жеңіл деп жіктелетін метеорологиялық зондтардың немесе басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуы осы Қағиданың 84-93-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. Басқарылмайтын аэростаттар мынадай болып жіктеледі:

      1) жеңіл – егер осы тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші немесе төртінші абзацына сәйкес ол ауыр жүк ретінде жіктелмесе, жалпы салмағы 4 кг кем бір немесе одан көп орамада пайдалы жүкті көтеретін басқарылмайтын аэростат;

      2) орташа – егер осы тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші немесе төртінші абзацына сәйкес ол ауыр жүк ретінде жіктелмесе, жалпы массасы 4 кг және одан көп, бірақ 6 кг кем екі немесе одан да көп орамдағы пайдалы жүкті көтеретін басқарылмайтын аэростат;

      3) ауыр – басқарылмайтын аэростат, ол:

      жалпы салмағы 6 кг немесе одан көп пайдалы жүкті көтереді;

      салмағы 3 кг немесе одан көп қаптаманы қамтитын пайдалы жүкті көтереді;

      салмағы 2 кг немесе одан да көп, шаршы сантиметрге 13 г нақты жүктемесі бар қаптаманы қамтитын пайдалы жүкті көтереді (нақты жүктеме граммдағы пайдалы жүк қаптамасының жалпы массасын шаршы сантиметрдегі ең кіші беттің ауданына бөлу арқылы есептеледі);

      аспалы жүкті аэростаттан бөлу үшін 230 Н немесе одан да көп соққы жүктемесіне төтеп беретін пайдалы жүкті ілу үшін тросты немесе басқа құрылғыны пайдаланады.";

      129-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129-9. Іргелес ӘҚҚ органдары және ӘҚБ орталықтары арасында осы органдардың басшылары бекітетін өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әуе кемелерінің ұшуын қауіпсіз және кедергісіз жүргізуге қатысты ақпарат алмасу жүргізіледі.

      Өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық:

      1) әуе кеңістігі құрылымының осы өзгерісі кезінде ұшу қауіпсіздігіне бағалау жүргізуді ескере отырып, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызмет үшін (полигон, атыс алаңы, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) жаңадан енгізілетін ұшуға шектеу қойылған аймақтарды ӘҚҚ органының келісуі кезіндегі іс-қимылдардың сипаттамасын;

      2) ӘҚБ БО басшысы бекіткен қысқа мерзімді шектеулерді және уақытша режимдерді әзірлеу мен белгілеу жөніндегі әдістемеге сәйкес есептелген қызметтің әрбір түрі (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ орталығы жоспарлаған шектеулерді;

      3) операциялық әуе қозғалысында әуе кемелерінің ұшуы үшін қысқа мерзімді шектеулерді енгізу кезіндегі іс-қимылдардың сипаттамасын қамтиды.

      Операциялық әуе қозғалысындағы әуе кемесінің ұшу маршруты бойынша қысқа мерзімді шектеу ӘҚБ орталықтарының екі және одан да көп жауапкершілік ауданын қозғаса, шектеу ӘҚБ орталықтарымен және ӘҚҚ органдарымен келісілген өзара іс-қимыл негізінде азаматтық-әскери үйлестірудің тұрақты жұмыс істейтін тобымен келісіледі.";

      143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіздердің іргелес акваторияларының үстінен:

      1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын, Қазақстан Республикасының Президентін немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау бойынша аса маңызды ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының әуе трассаларында, маршруттар мен аймақтарда;

      2) оқу-жаттығулар (атыстардың барлық түрлері), әуе шерулері (көрсету және демонстрациялық ұшулары, оның ішінде парашютпен жаппай секіру), ғарыш объектілерін ұшыру және қондыру, авиациялық және зымыран техникасын сынау, әуе кемелерін (топтарды) көлденең және тік жазықтықта маневрлеу арқылы ұшу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін басқа да қызмет аудандарында;

      3) сынақтық (зерттеу) ұшу, рекорд орнатуға арналған ұшу, зымырандарды практикалық түрде жіберуді орындау, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарының сынақтық (демонстрациялық) ұшу маршруттарында;

      4) халықаралық келісімде айқындалған, берілген әуе кеңістігінде әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілейді және NOTAM хабарлама арқылы әуе кеңістігін пайдаланушыларға жеткізіледі;

      NOTAM хабарламасын шығаруға өтінім әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін енгізу мақсатында осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабар түрлеріне сәйкес осындай қызмет басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей NOTAM-офиске жіберіледі.

      144. Қазақстан Республикасы аумағының үстінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіздердің іргелес акваторияларының үстінен қысқа мерзімді шектеулерді ӘҚБ орталықтары өз жауапкершілік аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының әуе трассаларында мынадай мақсаттарда:

      1) операциялық әуе қозғалысында ұшу үшін;

      2) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және кенеттен (күтпеген) мәртебесі бар қызметті қамтамасыз ету үшін;

      3) оқу-жаттығулар, атыстардың барлық түрлері, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстары өткізілетін аудандарда;

      4) ӘҚҚ және ӘҚБ органдарымен алдын ала келісілген арнайы аудандарда планерлердің (дельтапландар және парапландардың) ұшуы кезінде;

      5) осы Қағидада анықталған өзге де жағдайларда белгілейді.

      Қысқа мерзімді шектеулер әуе кеңістігін пайдаланушыларға ӘҚҚ органдары арқылы, сондай-ақ осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабар түрлеріне сәйкес NOTAM хабарламасын шығару арқылы жеткізіледі.

      Халықаралық келісімде айқындалған, берілген әуе кеңістігіндегі қысқа мерзімді шектеулер NOTAM хабарламасы арқылы белгіленеді және әуе кеңістігін пайдаланушыларға жеткізіледі.";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Уақытша режимді орнатуға ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын жіберіледі. Мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құпия мәліметтері жоқ уақытша режимдерге ұсыныстар құпия емес жеделхаттармен немесе құпия емес поштамен берілуі мүмкін.";

      167-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 168-1-тармақпен толықтырылсын:

      "168-1. Әуеайлақтарды толық жабу көзделетін іс-шараларды (оқу-жаттығулар, әуе шерулері, көрмелер, демонстрациялық және сынақ ұшуы) жоспарлау кезінде іс-шараны ұйымдастырушы ӘҚБ БО-ға әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілеуге ол енгізілгенге дейін күнтізбелік 60 күн бұрын және шұғыл жағдайларда кемінде 7 тәулік қалғанда ұсыным жібереді.

      ӘҚБ БО жоспарланатын шектеулер туралы тұрақты рейстерді қамтамасыз етуге тартылған Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын пайдаланушыларға хабарлайды.";

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 994 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидасына
3-қосымша

Әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарламалар түрлері

Р/с № Хабарламаның атауы Авиациялық тіркелген байланыс желісі бойынша хабарлама беру кезіндегі шұғылдық сериясы Беру мерзімі Кім хабарлайды Кімге хабарланады
Қазақстан Республикасындағы ішкі ұшу бойынша Қазақстан Республикасынан тыс орындалатын халықаралық ұшу бойынша
1 2 3 4 5 6 7

1.

Қолданушының (пайдаланушының) (немесе оның уәкілетті өкілінің) немесе ӘК командирінің хабарламалары

1.1.

РПЛ – қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan)

КК

Ұшу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 күн қалғанда

ӘК-ні қолданушы (пайдаланушы) немесе оның уәкілетті өкілі

1. ӘҚЖ БО

1. ӘҚЖ БО

1.2.

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған (RPL) негізгі ұшу жоспарының деректеріне қандай да бір өзгеріс енгізу керек болған жағдайда беріледі

КК

Ұшу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 күн қалғанда

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. ӘҚЖ БО

1. ӘҚЖ БО

1.3.

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – тұрақты емес ұшуларға; кесте бойынша тұрақты рейстерге, қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға; шекара жолағындағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша ұшуға дейін кемінде 60 минут қалғанда және 120 сағаттан асырмай;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – 3 сағаттан кешіктірмей

ӘК-ні қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі немесе
командирі

1. Брифинг
1. Брифинг

1. Брифинг
1. Брифинг

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшу жоспары

Ұшу уақытына дейін кемінде 3 сағат қалғанда

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуына ұшу жоспары

Осы Қағиданың 17-2-тармағына сәйкес, бірақ ұшу уақытына дейін кемінде 3 сағат қалғанда

1. ӘҚБ БО

1. ӘҚБ БО

1.4.

ДЛА – кешігу (Delay – DLA).
Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген әуе кемесінің ұшуы кесте (жоспар) бойынша ұшудың есептік уақытынан 30 минуттан артық кешіктірілген жағдайда беріледі

ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытына дейін кемінде 30 минут қалғанда

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. Брифинг

1. Брифинг

1.5.

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұран берілген FPL деректерінде қамтылған ұшу жоспарының негізгі деректеріне бір мәртелік қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі. Хабарлама осы өзгеріс оларға қатысты болатын ұшу жоспарының негізгі деректерді алушыларына жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері бұл өзгеріске қатысты болатын, бірақ осындай ақпаратты бұрын алмаған тараптарға беріледі.

ФФ

Ұшу жоспарында (FPL) көрсетілген кесте (жоспар) бойынша ӘК-нің есептелген ұшып шығу уақытына дейін кемінде 30 минут қалғанда

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. Брифинг

1. Брифинг

1.6.

ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel – CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі.

ФФ

Жоспар бойынша ӘК ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. Брифинг

1. Брифинг

1.7.

СПЛ – қосымша ұшу жоспары (Supplementary flight plan – SPL). Хабарлама CPL немесе FPL хабарламасында бұрын берілгеннен басқа қосымша ақпаратқа сұрату (RQS) түскен кезде беріледі

ФФ

Сұрату түскен кезде

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. Брифинг

1. Брифинг

1.8.

АФИЛ үлгідегі ФПЛ – ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL)

ФФ

Әуе трассасына шығу үшін ұшып өтуге дейін кемінде 10 минут қалғанда

ӘК-ні пайдаланушы (командирі)

1. ӘК орналасқан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналасқан жері бойынша ЖДП

1. ӘК орналасқан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналасқан жері бойынша ЖДП

1.9.

ДЕП – әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure – DEP). Хабарлама бақыланбайтын әуеайлақтан немесе бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі алаңнан ұшып шыққан FPL ұшу жоспарының негізгі деректері бұрын таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

Ұшқаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. ӘШҚ әскери органы


1.10.

АРР – келу (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК бақыланбайтын әуеайлаққа, бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі алаңда қонған кезде беріледі

ФФ

Отырғызудан кейін 5 минуттан кешіктірмей

Қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1. ӘШҚ әскери органы


1.11.

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR). Авариялық хабарландыруға қатысты хабарлама әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептелген кезде беріледі.


Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

ӘК-ні қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі немесе
командирі, немесе басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша



Апатқа ұшырау кезеңі –
DЕТRЕSFА

CC

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органы (авиациялық оқиға кезінде ғана)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органы (авиациялық оқиға кезінде ғана)

Дабыл кезеңі – АLЕRFА

СС

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана)

Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

CC

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана)

2.

Брифинг хабарламалары

2.1.

АЛР – авариялық хабарлау (Alerting – ALR). Авариялық хабарлауға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі. Үш кезеңнің бірінде көрсетіледі:

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

Брифинг немесе басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша



Апатқа ұшырау кезеңі –
DЕТRЕSFА

CC

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органы (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органы (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

Дабыл кезеңі – АLЕRFА

СС

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

CC

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

2.2.

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure – RCF), ӘҚҰ органына оның ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радиобайланыстың істен шығуы орын алғаны белгілі болған жағдайда беріледі

СС

Хабарлама алынғаннан кейін дереу

Брифинг немесе басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. АДО (АДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4. Маршрут бойынша ЖДП (ҰАО);
5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5. ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

2.3.

АНВ – ANV – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

Брифинг немесе басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4. ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4. ӘҚБ БО

2.4.

АНП – ANP – әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

Брифинг немесе басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4. ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4. ӘҚБ БО

2.5

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – тұрақты емес ұшуларға; кесте бойынша тұрақты рейстерге, қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға; шекара жолағындағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша ұшуға дейін кемінде 60 минут қалғанда және 120 сағаттан асырмай;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – 3 сағат қалғанда.

ӘК ұшу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Бірінші қону әуеайлағының брифингі;
3. Әуежайдың ӘДҚ ұшуы және бірінші қонуы;
4. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5. ӘҚБ БО (басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшуларын қоспағанда, авиациялық жұмыстар бойынша, шекара маңындағы жолақпен ұшуы, бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу, мемлекеттік авиация ӘК);
6. Ұшу маршруты бойынша қонатын пунктіне дейін ЖДП (ҰАО);
7. АДО (АДП) бірінші қонатын әуеайлаққа дейін

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР-ның бірінші қону әуеайлағының брифингі;
3. ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5. ӘҚБ БО (басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшуларын қоспағанда, авиациялық жұмыстар бойынша, шекара маңындағы жолақпен ұшуы, бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу, мемлекеттік авиация ӘК);
6. ҚР ұшу бағыты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП (ҰАО);
7. АДО (АДП) ҚР бірінші қонатын әуеайлаққа дейін;
8. АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшу жоспары

Ұшудан кемінде 3 сағат бұрын

ФПЛ (FPL) ұшу жоспарын 24 сағаттан астам уақыт бұрын ұсынған кезде "Өзге ақпарат" деген 18-жолда әуе кемесінің ұшу КҮНІ/ және күні көрсетіледі, мысалы КҮНІ/2205.

2.6

ДЛА – кешігу (Delay – DLA).
Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген әуе кемесінің ұшуы кесте (жоспар) бойынша ұшудың есептік уақытынан 30 минуттан артық кешіктірілген жағдайда беріледі

ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

ӘК ұшу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6. АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.7

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұрын берілген деректерінде қамтылған негізгі деректерге бір мәртелік қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі (FPL). Хабарлама осы өзгеріс қатысты болып табылатын ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларға жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері (FPL) осы өзгерістер оларға қатысты болған, бірақ бұрын осындай ақпарат алмаған тараптарға беріледі.
ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel – CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (RPL немесе FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі.

ФФ

ДЛА белгіленген уақытында немесе одан ерте болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытына дейін кемінде 30 минут қалғанда

Ұшу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
7. АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.8

ДЕП – әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure – DEP). Хабарлама бұдан бұрын ұшу жоспарының (RPL немесе FPL) негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

ӘК ұшып шыққаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

Ұшу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты және бірінші қону әуеайлағына дейінгі қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
3. Бірінші қону пунктіне дейін ұшу бағыты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. Ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтардан ӘШҚ әскерлері органына

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР ұшу маршруты және бірінші қону әуеайлағына дейінгі қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
3. ҚР бірінші қону пунктіне дейін ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. ҚР ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5. ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтардан ӘШҚ әскерлері органына;
6. АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.9.

АРР – келіп жету (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК келіп жету әуеайлағына, қосалқы немесе басқа әуеайлаққа қонуды орындаған жағдайда беріледі

ГГ

ӘК қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

Қону әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына

2.10.

ЦПЛ – ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді қоса алғандағы (әуеайлақ ауданында ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) ұшу жоспары  

ФФ

Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5. Брифинг, ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
6. Брифинг, әуежайлар ӘДҚ, ӘК қайда жіберілді

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. Бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5. Брифинг, ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
6. ҚР шегінен тыс ӘК жіберілген әуежайдың брифингі

2.11.

АПЗ – метеожағдайларды қоспағанда, әуеайлақта ӘК-ні қабылдауды шектеу, тоқтату (ұзарту)

ФФ

Әуежайдың ӘДҚ-дан келіп түскен ақпаратқа сәйкес шектеудің басталуына дейін кемінде 2 сағат қалғанда, ал ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірген ерекше жағдайларда дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. АДО (АДП);
3. ЖДП (ҰАО);
4. Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР АДО (АДП);
3. ҚР ЖДП (ҰАО);
4. ҚР брифингі

2.12.

АПВ – бұрын жабылған әуеайлаққа ӘК қабылдауды қайта бастау

ФФ

Шешім қабылданғаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. АДО (АДП);
3. ЖДП (ҰАО);
4. Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР АДО (АДП);
3. ҚР ЖДП (ҰАО);
4. ҚР брифингі

2.13.

СПС – диспетчерлік пункттердің (секторлардың) өткізу қабілеті туралы хабарлама

ФФ

Өткізу қабілетінің нормативтері өзгерген кезде 10 минут ішінде

Брифинг

1. АДО (Көршілес ӘҚҚ органы);
2. NOTAM-офисі

1. ҚР АДО (Аралас ӘҚҚ органы);
2. NOTAM-офисі

3.

АДО (АДП) хабарламалары

3.1.

ЕСТ – есептік деректер (Estimate – EST). Ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген жағдайда EST хабарламасы әр АДП немесе ұшу ақпараты орталығы ұшу маршруты бойынша келесі АДП немесе ұшу ақпараты орталығына береді

ФФ

ӘҚҚ нүктесінің ұшып өтуіне дейін 10 минуттан кешіктірмей, бірақ 30 минуттан ерте емес

АДО (АДП)

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. Шектес мемлекеттің ӘҚҚ органы

3.2.

ЦДН – үйлестіру (Coordination – CDN). Хабарламаны қабылдаушы орган тарату органына үйлестіру диалогы барысында біріншісі бұрын алынған CPL немесе EST хабарламасындағы үйлестіруге қатысты деректерге өзгеріс ұсынған кезде береді

ФФ

ӘҚҚ нүктесінің ұшып өтуіне дейін 10 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. Шектес мемлекеттің ӘҚҚ органы

3.3.

РЩП – Ұшу жоспарына сұрау салу (Request flight plan – RQP). Хабарлама ӘҚҚ органы бұдан бұрын ешқандай тиісті ұшу жоспары деректерін алмаған әуе кемесі туралы хабарлама алған кезде ұшу жоспарының деректерін (RPL немесе FPL) алуға ниет білдірген жағдайда беріледі

ФФ

Оған қатысты бұрын ұшу жоспарының ешқандай тиісті негізгі деректері алынбаған әуе кемесі (EST) туралы хабарлама алған кезде

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3. Брифинг;
4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО)

1. ӘҚЖ БО;
2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3. Брифинг;
4. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5. Шет елдің ӘҚАЖ органы

3.4.

ЦПЛ – ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді (ӘҚҚА-да ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) қоса алғандағы енгізілген ұшу жоспары. Хабарлама осы әуе кемесінің оның қозғалысын басқару басқа ӘҚҰ органына берілетін басқаруды беру нүктесіне дейін есептелген ұшу уақытына дейін немесе ӘҚҚ-ның тиісті уәкілетті органы алдын ала өзге уақыт мерзімін белгілемесе беріледі

ФФ

Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. Брифинг;
5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. ҚР бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. Брифинг;
5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
6. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органына

3.5.

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR). Авариялық хабарландыруға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі:

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)



Апатқа ұшырау кезеңі –
DЕТRЕSFА

СС

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

Дабыл кезеңі – АLЕRFА

СС

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

СС

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

3.6.

АНВ – ANV – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. АО ӘҚБ;
5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
7. Қону әуеайлағының брифингі

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. АО ӘҚБ;
5. Ұшу маршруты бойынша шектес мемлекеттің ӘҚҚ органына;
6. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
7. Қону әуеайлағының брифингі

3.7.

АНП – ANP – әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

Факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. АО ӘҚБ;
5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4. АО ӘҚБ;
5. ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО)

3.8.

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure – RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның жауапкершілік ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радиобайланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі

СС

Хабарлама алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. АДО (АДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4. Маршрут бойынша ЖДП (ҰАО);
5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. АО ӘҚБ;
7. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4. ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5. ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. АО ӘҚБ;
7. Бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

3.9.

ФЛИ – "А" литерін орындағанда Мемлекеттік шекарадан, ӘҚҚА шекарасынан және ПОД ұшып өту

ФФ

ПОД-тан ұшып өткеннен кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП немесе жауапкершілік аймағында мемлекеттік шекара орналасқан ӘҚҚ органы)

1. ӘҚЖ ОБ.

1. ӘҚЖ ОБ;
2. ӘҚҚ әскери органы (Мемлекеттік шекараны ұшып өту)

3.10.

РЖМ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ ОБ.
2. Брифинг;
3. АДО (АДП);
4. ЖДП.

1. ӘҚЖ ОБ;
2. ҚР-дағы брифинг;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП

3.11.

РЖИ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ ОБ.;
2. Брифинг;
3. АДО (АДП);
4. ЖДП.

1. ӘҚЖ ОБ.;
2. ҚР-дағы брифинг;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП

4.

ӘҚЖ БО хабарламалары

4.1.

ПЛН – алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінділер.

ГГ

Алдағы тәуліктерге – жергілікті уақытпен 21.00-ден кешіктірмей
Ағымдағы тәуліктерге – ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу бойынша дереу

ӘҚЖ БО

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП

1. ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. ҚР ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы
4. ҚР маршрут бойынша ЖДП

4.2.

ППН – ұшу жоспарын бекітпеу, әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу

ГГ

Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей

ӘҚЖ БО

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚБ БО;
4. ӘК пайдаланушысы

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚБ БО;
4. ӘК пайдаланушысы

4.3.

УЛС – литерлік рейстерді орындау

ГГ

Ұшатын күн қарсаңында – ұшуды орындауға дейін бір тәулік қалғанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан нұсқау алғанда;
Дереу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан ұшатын күні нұсқау алғаннан кейін.

ӘҚЖ БО

1. ҚР ӘК пайдаланушыға;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. ӘҚБ БО;
5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтарының бойынша ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ.

1. ҚР ӘК пайдаланушыға;
2. ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. ҚР маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4. ӘҚБ БО;
5. ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтарының бойынша ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
6. ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ.

4.4.

РЖМ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі

ДД

Дереу ӘҚБ БО-дан белгілеу туралы ақпарат алынғаннан кейін

ӘҚЖ БО

1. АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. Брифинг;
4. ЖДП (ҰАО)

1. ҚР АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. ҚР брифинг;
4. ҚР ЖДП (ҰАО)

4.5.

РЖИ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін алып тастау

ДД

ӘҚБ БО-дан күшін жою туралы ақпарат алынғаннан кейін дереу

ӘҚЖ БО

1. АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. Брифинг;
4. ЖДП (ҰАО)

1. ҚР АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. ҚР брифинг;
4. ҚР ЖДП (ҰАО)

5.

ӘҚБ БО хабарламалары

5.1.

РЖМ – әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар

ДД

Режим белгіленгеннен кейін дереу

ӘҚБ БО

1. ӘҚЖ БО

1. ӘҚЖ БО

5.2.

РЖИ – әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды алып тастау

ДД

Режим алып тасталғаннан кейін дереу

ӘҚБ БО

1. ӘҚЖ БО

1. ӘҚЖ БО

5.3.

ППН – ұшу жоспарын бекітпеу (FPL)

ГГ

Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей

ӘҚБ БО

1. ӘҚБ органы;
2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері)

01. ӘҚБ органы;
2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері)

6.

ӘҚБ орталықтарының хабарламалары

6.1.

РЖМ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу:
операциялық әуе қозғалысында ұшу кезінде;

ГГ

Қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

ӘҚБ орталығы

1. АДО (АДП)

1. АДО (АДП)

ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және кенеттен (күтпеген) мәртебесі бар қызметті қамтамасыз ету үшін;

Қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

оқу-жаттығуларды, атыстардың барлық түрлерін, зымырандарды ұшыруды және жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде (белгіленген полигон шегінде (ұшуға шектеу қойылған аймақ);

Осындай қызмет басталғанға дейін кемінде 12 сағат қалғанда (егер 12 сағаттан аз болса, онда ӘҚҚ органының келісімі бойынша);

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

планерлердің арнайы аудандарында ұшу кезінде (дельтапландарының және парапландарының);

Осындай қызмет басталғанға дейін кемінде 12 сағат қалғанда;

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

осы Қағидада белгіленген өзге де жағдайларда

Қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

6.2

РЖИ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ДД

Қысқа мерзімді шектеуді алып тастағанда дереу

ӘҚБ орталығы

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

1. АДО (АДП)
2. NOTAM-офисі

7.

Қолданушылардың (пайдаланушылардың) зондтар шарлары туралы хабарламалары және атыс жүргізуге, зымырандарды ұшыруға, жарылыс жұмыстарына, планерлерге (дельтапландар мен парапландарға) байланысты хабарламалар

7.1

Пилотсыз аэростаттарға әуе кеңістігін пайдалануға өтінім

ДД

Ұшу басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын

Пайдаланушы

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ орталығы

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ орталығы

7.2

Атыстарды өткізуге, зымырандарды ұшыруға, жарылыс жұмыстарын өткізуге байланысты хабарлама (белгіленген полигон шегінде)

ДД

Қызмет басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын

ӘК-ні қолданушы

1. ӘҚБ орталығы

1. ӘҚБ орталығы

7.3

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты хабарламалар (азаматтық жеке және заңды тұлғалар)

ДД

Өтінім нақтылауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын

ӘК-ні қолданушы

1. ӘҚБ орталығы

1. ӘҚБ орталығы

7.4

Зымырандарды ұшыруды жүргізуге байланысты хабарламалар (полигонның шегінен шығатын әуе кеңістігінің мәлімделген көлемі шегінде)

ДД

Өтінім нақтылауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын

ӘК-ні қолданушы

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ орталығы

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ орталығы

7.5

Планерлердің (дельтапландарының және парапландарының) арнайы аудандарында ұшуларға байланысты хабарламалар

ДД

Қызмет басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын

ӘК-ні қолданушы

1. ӘҚБ орталығы

1. ӘҚБ орталығы

8.

Әуежайлардың диспетчерлік қызметтерінің (ӘДҚ) хабарламалары

8.1.

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR – ӘК-нің бұзылуы, жердегі төтенше оқиға туралы бастапқы хабарлама, сондай-ақ ӘК қауіпсіздігі, экипаж және жолаушылар туралы кез келген ақпарат)

СС

Мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

ӘДҚ

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ІҚҮО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының орналасқан жері, жұмыс кестесі және байланыс деректері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинақтарында жарияланады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АДО – аудандық диспетчерлік орталық;

      АДП – аудандық диспетчерлік пункт;

      ӘАДП – әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті;

      ӘДО – әуеайлақтық диспетчерлік орталық;

      МХП – міндетті хабарламалар пункті;

      ІҚҮО – іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы;

      ҰАО – Ұшу ақпараты орталығы;

      ACC – Әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы – ӘҚҚА (Air Control Centre);

      ATFMU – Әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау органы (Air Traffic Flow Management Unit);

      CAA – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (Civil Aviation Authority);

      CFMU – Әуе қозғалысын жоспарлаудың орталық органы (Central Flight Management Unit);

      FMP – әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру пункті (Flow Management Position).

      ____________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады