Босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 54 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы жалпы алаңы 1002,0 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік ұлттық парктердің ормандары" мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      мына:

      "

37

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

12219

Медеу, Бостандық аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

37

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

13221

Медеу, Бостандық аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 7 ақпандағы
№ 54 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесіне берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Атауы

Жалпы алаңы, гектармен

Оның ішінде:

орманды алқаптар

орманды алқаптардың жиыны

ормансыз алқаптар

ормансыз алқаптар жиыны

орман көмкерген, барлығы

орман көмкермеген, барлығы

жолдар

өзге алқаптар

Алматы қаласы Медеу ауданының босалқы жерлері

1002,0

310,0

0

310,0

1,2

690,8

692,0

Барлығы:

1002,0

310,0

0

310,0

1,2

690,8

692,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады