Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 55 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Министрлікке өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері";

      14-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдау;

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер және нұсқаулық-әдістемелік құжаттар қабылдау;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашыл жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      сотқа жүгіну;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;

      2) міндеттері:

      бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      өтініштерді қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;

      әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

      әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны, күні мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;

      әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;

      тексерілетін субъектілерді тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін жүргізу;

      Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге өкілеттіктерді де жүзеге асыра алады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Функциялары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді;

      3) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады;

      5) шет елдерге ізгілік көмек көрсетуге қатысады;

      6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      8) жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;

      9) Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсынады;

      10) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;

      11) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

      12) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;

      13) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу орнықтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітеді;

      14) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      15) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштерін басқарады;

      16) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      17) жедел резервтің материалдық құралдарын бөледі және пайдаланады;

      18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды, қалпына келтіруді және оңалтуды қамтамасыз етеді;

      19) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және құлақтандыруды қамтамасыз етеді;

      20) республикалық құлақтандыру жүйесін құрады, оның дереу пайдалануға үнемі әзірлігін, жарақтандыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      21) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы жұмысын үйлестіреді;

      22) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелерді бекітеді;

      23) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекітеді;

      24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар қорларын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу, оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;

      25) мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық желілері мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;

      27) материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құрады және пайдаланады;

      28) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымын айқындайды;

      29) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің ең төмен нормаларын әзірлейді;

      30) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;

      31) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      32) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекітеді;

      33) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекітеді;

      34) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери жанжалдар туындаған кезде немесе осы жанжалдар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытудың оқу бағдарламасын бекітеді;

      35) азаматтық қорғау саласында даярлаудан немесе қайта даярлаудан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификаттың нысанын бекітеді;

      36) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекітеді;

      37) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламасын бекітеді;

      38) азаматтық қорғау органдарының және Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін белгілейді;

      39) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы арнаулы оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      40) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау жөніндегі оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекітеді;

      41) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекітеді;

      42) құтқарушылардың денсаулық жағдайының сәйкестігіне және медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекітеді;

      43) азаматтық қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;

      44) мониторинг жүйелерінен, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдаланатын мемлекеттік органдармен, ұйымдармен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері және туындауы туралы ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      45) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және олар қабылдап жатқан шараларды талдауды ұйымдастырады;

      46) сел және көшкін жай-күйінің мониторингін ұйымдастырады;

      47) тау баурайларының, биік таулы, мұздық және мұздақ көлдердің қауіптілігін төмендету жөніндегі алдын алу іс-шараларын бекітеді және жүзеге асырады;

      48) құпиялылық режимін және қорғалған байланысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      49) құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;

      50) ұйымдардың қызметкерлері мен халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

      51) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекітеді;

      52) бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекітеді;

      53) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      54) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

      55) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      56) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларын бекітеді;

      57) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      58) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

      59) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      60) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекітеді;

      61) еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;

      62) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақы төлеу қағидаларын бекітеді;

      63) халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекітеді;

      64) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;

      65) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      66) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;

      67) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекітеді;

      68) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекітеді;

      69) Қазақстан Республикасының аумағында кезекші диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіру қағидаларын және "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің өкілеттіктерін бекітеді;

      70) сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

      71) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері санының нормативтерін бекітеді;

      72) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      73) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;

      74) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекітеді;

      75) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;

      76) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      77) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      78) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;

      79) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кезекшілікті атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен шығыстарды төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

      80) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

      81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілік нормаларын бекітеді;

      82) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді;

      83) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;

      84) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

      85) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекітеді;

      86) зерттеу сынақ өрт зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      87) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      88) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекітеді;

      89) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекітеді;

      90) қалаларды – азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбені бекітеді;

      91) жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;

      92) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы актілердің нысандарын бекітеді;

      93) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру және білімін тексеру тәртібін бекітеді;

      94) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін қызмет түрлері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      95) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      96) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу, жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      97) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      98) қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      99) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      100) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      101) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      102) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      103) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      104) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      105) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      106) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      107) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      108) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды;

      109) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;

      110) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;

      111) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

      112) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;

      113) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      114) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      115) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      116) қызмет ету мерзімі өткен жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      117) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      118) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      119) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      120) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      121) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      122) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      123) қызмет ету мерзімі өткен қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      124) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      125) қызмет ету мерзімі өткен мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      126) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      127) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      128) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      129) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      130) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      131) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      132) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      133) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;

      134) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;

      135) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптарды белгілейді;

      136) қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы актінің нысанын бекітеді;

      137) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      138) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      139) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      140) Министрлік қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      141) оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлене отырып, Министрліктің білім беру ұйымдарына, Министрліктің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      142) Министрліктің арнаулы оқу орны қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143) Министрліктің арнаулы оқу орнында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      144) Министрліктің арнаулы оқу орнында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      145) Министрліктің арнаулы оқу орны білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      146) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      147) Министрліктің арнаулы оқу орнында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, байқаудан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      148) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Министрліктің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      149) Министрліктің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      150) Министрліктің арнаулы оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      151) азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, Министрліктің арнаулы оқу орнындағы педагогтер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

      152) азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, Министрліктің арнаулы оқу орнының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      153) Министрліктің арнаулы оқу орнының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      154) Министрліктің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      155) Министрліктің арнаулы оқу орнында білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      156) Министрліктің арнаулы оқу орнының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;

      157) Министрліктің арнаулы оқу орны тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) ақылы негізде ұсынылатын бағаларын бекітеді;

      158) Министрліктің жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      159) азаматтық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрларынан шығару қағидаларын бекітеді;

      160) азаматтық қорғау органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидаларын бекітеді;

      161) азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      162) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекітеді;

      163) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      164) азаматтық қорғау органдарында лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарын бекітеді;

      165) кадр резервін, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды қалыптастыру және азаматтық қорғау органдарының кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      166) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау органдарына қызметке кіру кезінде конкурстық негізде орналасатын азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдар тізбесін, конкурс пен тағылымдама өткізу шарттары мен қағидаларын бекітеді;

      167) азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекітеді;

      168) ротацияға жататын азаматтық қорғау органдарының басшы лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      169) азаматтық қорғау органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекітеді;

      170) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының мазмұны мен оны ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      171) аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекітеді;

      172) Министрліктің арнаулы оқу орнының түлектерін бөлу қағидаларын бекітеді;

      173) азаматтық қорғау органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      174) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекітеді;

      175) бірыңғай кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      176) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;

      177) өз құзыреті шегінде қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, нұсқамалары мен талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;

      178) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;

      179) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асырады;

      180) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;

      181) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындайды;

      182) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіреді;

      183) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

      184) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізеді;

      185) ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде апаттар медицинасының жасақтары мен далалық жылжымалы госпитальдарын, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы коммерциялық емес арнаулы ұйымдарды, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      186) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;

      187) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      188) азаматтық қорғау органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      189) заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      190) өрттің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастырады;

      191) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған және белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізеді;

      192) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптамаларын әзірлеуді жүзеге асырады;

      193) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      194) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      195) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      196) азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз етеді;

      197) "Халықаралық дәрежедегі құтқарушы" біліктілігін береді;

      198) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

      199) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды, басқарудың барлық деңгейлерінде сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметкерлері мен жұмыскерлері жүктемесінің ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасы үшін, олардың объективтілігі мен практикада қолдану мүмкіндігін қоса алғанда, жауапты болады;

      200) ғылыми негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейлерінде сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штат санын айқындайды және оны қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      201) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық жоспарлауын, есепке алуын, қаржыландыруын және есептілік (мерзімді және жылдық) жасауын ұйымдастырады;

      202) азаматтық қорғау саласында құқықтық қамтамасыз етуді, соттарда, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өкілдікті ұйымдастырады;

      203) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      204) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен босатуды, өз құзыреті шегінде әскери және арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;

      205) ведомстволық наградалармен марапаттайды және мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынады;

      206) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;

      207) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және олардың салдарын бағалау үшін Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;

      208) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;

      209) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      210) уәкілетті органның жедел резервін ұстауды қамтамасыз етеді;

      211) азаматтық қорғау органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      212) орталық аппараттың, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың ішкі мемлекеттік қаржылық аудитін жүзеге асырады;

      213) құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді;

      214) құпия ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      215) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқарады;

      216) мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімдерін келіседі;

      217) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажеттілігі туралы ұсыныстарын сауда қызметінің субъектілерін – алушыларды, шығарылатын материалдық құндылықтардың сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып келіседі;

      218) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;

      219) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдерін әзірлейді және бекітеді;

      220) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

      221) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттегіш құрал енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;

      222) жаңарту, кәдеге жарату тәртібімен мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімдер қабылдайды;

      223) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы шешімдер қабылдайды;

      224) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;

      225) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талаптар қояды;

      226) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, төсбелгісінің, нөмірлік мөртабанының және пломбирінің үлгілерін белгілейді;

      227) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      228) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      229) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      230) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның номенклатурасы басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өзгерген кезде жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды өтеусіз негізде беру туралы шешімдерін келіседі;

      231) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;

      232) ізгілік көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;

      233) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;

      234) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      235) жарты жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      236) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      237) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;

      238) Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізеді;

      239) елді мекендердің аумақтарын және мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;

      240) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіреді;

      241) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;

      242) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      243) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердің алдын алу және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар береді;

      244) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұрады, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салады;

      245) елді мекендерде және объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күресуге әзірлігін бақылауды жүзеге асырады;

      246) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      247) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      248) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға нұсқамалар береді;

      249) ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;

      250) сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығарады;

      251) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады;

      252) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;

      253) мемлекеттік резервке жеткізілетін және онда сақтауда тұрған материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады;

      254) кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді ұйымдастырады;

      255) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      256) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      257) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алу мен сапалық және сандық сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      258) қарыз беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушымен шарттар (келісімшарттар) жасасады;

      259) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      260) мемлекеттік материалдық резерв саласында түгендеу жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады;

      261) сақтау пункттерінде сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізеді;

      262) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді;

      263) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізеді;

      264) жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастырады;

      265) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      266) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      267) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың аварияларды және олардың салдарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстарына және техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      269) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      270) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      271) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      272) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      273) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда сот шешімінсіз қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап-арыз береді;

      274) жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы актілерді, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актілерді береді;

      275) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;

      276) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

      277) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттаудан өткізеді;

      278) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;

      279) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      280) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;

      281) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін жүргізеді;

      282) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеуді жүргізеді;

      283) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      284) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығулар өткізуге қатысады;

      285) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынауларына, техникалық куәландыруларға қатысады;

      286) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне тексеру (емтихан) жүргізеді;

      287) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарға бақылау және қабылдау сынауларын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;

      288) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      289) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар береді;

      290) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

      291) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарларын келіседі;

      292) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобаларын келіседі;

      293) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде лицензия беруді келіседі;

      294) Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      295) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      296) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      297) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      17-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Министрлікті басқаруды Төтенше жағдайлар министрі жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Министрліктің аппарат басшысы немесе лауазымды адамы басқарады.";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 70-1-жолмен толықтырылсын:

      "70-1. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.";

      "Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі".

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады