Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 87 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 ақпандағы
№ 87 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы КЕЛІСІМ

      Жоғары мәртебелі

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Сыртқы істер министрі

      Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге

      Нұр-Сұлтан қ.

      "____" _________ 2022 ж.


      Жоғары мәртебелі,

      Сізге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – ЮНЕП) атынан мынадай мазмұндағы хатты жолдауды өзіме мәртебе санаймын:

      "ЮНЕП-тің құрылуына негіз болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының "Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық іс-шаралар" туралы 1972 жылғы 15 желтоқсандағы 2997 (XXVII) қарарын ескере отырып,

      ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасындағы қызметі мен оның болуына қатысты қолданылатын нормативтік құқықтық базаны қабылдауға өзара мүдделілігін негізге ала отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры (ЮНИСЕФ), Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЮНЕП және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жобаларды жүзеге асыруы шарттарымен осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) 18-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,

      оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қос тарап қажет деп санайтын кез келген басқа қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Қазақстан Республикадағы ЮНЕП-тің қызметіне, мүлкіне, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды өзіме мәртебе санаймын.

      Осы хат және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын ұсынуды өзіме мәртебе санаймын, бұл Келісім 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіреді, демек 1992 жылғы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады және ЮНЕП дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.

      Дегенмен бұл Келісім ЮНЕП функцияларын кезең-кезеңімен тоқтату мәселелерін реттеу және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ықтимал дауларды шешу қажеттілігі туындаған жағдайда қосымша 6 (алты) ай мерзімге күшінде қалады.".

      Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.


      ЮНЕП-тің

      Атқарушы директоры

      Ингер Андерсен

      Жоғары мәртебелі

      ЮНЕП-тің

      Атқарушы директоры

      Ингер Андерсен ханымға

      Найроби қ.

      "___" _______ 2022 ж.


      Жоғары мәртебелі,

      Сіздің 2022 жылғы "___" _________ мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды өзіме құрмет санаймын:

      "Сізге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – ЮНЕП) атынан мынадай мазмұндағы хатты жолдауды өзіме мәртебе санаймын:

      "ЮНЕП-тің құрылуына негіз болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының "Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық іс-шаралар" туралы 1972 жылғы 15 желтоқсандағы 2997 (XXVII) қарарын ескере отырып,

      ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасындағы қызметі мен оның болуына қатысты қолданылатын нормативтік құқықтық базаны қабылдауға өзара мүдделілігін негізге ала отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры (ЮНИСЕФ), Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЮНЕП және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жобаларды жүзеге асыруы шарттарымен осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) 18-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,

      оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қос тарап қажет деп санайтын кез келген басқа қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Қазақстан Республикадағы ЮНЕП-тің қызметіне, мүлкіне, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды өзіме мәртебе санаймын.

      Осы хат және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын ұсынуды өзіме мәртебе санаймын, бұл келісім 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіреді, демек 1992 жылғы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады және ЮНЕП дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.

      Дегенмен бұл Келісім ЮНЕП функцияларын кезең-кезеңімен тоқтату мәселелерін реттеу және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ықтимал дауларды шешу қажеттілігі туындаған жағдайда қосымша 6 (алты) ай мерзімге күшінде қалады.".

      Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.".

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыдағы ұсыныспен келіскенімді растауды өзіме мәртебе санаймын.

      Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.

      Қазақстан Республикасы

      Премьер -Министрінің орынбасары –

      Сыртқы істер министрі

      Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады