"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағыдағы № 159 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар уақытша сипаттағы, оның iшiнде әлеуметтiк-экономикалық саладағы реттеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленгеннен ерекшеленетін өзге тәртiбiн көздейтiн актiлер қабылдауға құқылы деп айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) заңнамалық актілерге осы Жарлықты іске асыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және бір жыл бойы қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады