Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022 – 2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 178 қаулысы

      Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022 – 2024 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 178 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022 – 2024 жылдарға арналған жоспары

Р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Түпкі нәтиже

1

2

3

4

5

6

1. Азық-түлік тауарларының физикалық қолжетімділігі

1.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамыту

1.

Жоғары рентабельді (майлы, көкөніс, бақша, жемшөп) дақылдардың алқаптарын ұлғайтуды көздейтін өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

басым дақылдардың алқаптарын ұлғайту:
2022 жыл:
майлы дақылдар бойынша – 3 млн га;
көкөніс дақылдары мен картоп бойынша – 200 мың га;
жемшөп дақылдары бойынша – 3,6 млн га;
2023 жыл:
майлы дақылдар бойынша – 3,2 млн га;
көкөніс дақылдары мен картоп бойынша – 205 мың га;
жемшөп дақылдары бойынша – 3,9 млн га;
2024 жыл:
майлы дақылдар бойынша – 3,5 млн га;
көкөніс дақылдары мен картоп бойынша – 215 мың га;
жемшөп дақылдары бойынша – 4,2 млн га

2.

Суарудың су үнемдеуші технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің алқаптарын ұлғайту

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ЭГТРМ, ЖАО

суармалы жерлердің алқаптарын 2022 жылы 265 мың га дейін;
2023 жылы 300 мың га дейін;
2024 жылы 373 мың га дейін ұлғайту

3.

Вегетация кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат

жыл сайын

ЭГТРМ, СІМ, ЦДИАӨМ, АШМ, ЖАО

жылдың сулылығын ескере отырып, су пайдалану лимитінің шегінде

4.

Суаруға арналған барлық деңгейдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын автоматтандыру және цифрландыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

АШМ-ге ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

ЭГТРМ, ЖАО, ЦДИАӨМ

су шаруашылығы саласын цифрлық форматқа ауыстыру нәтижесінде су шығысын есепке алуды жақсарту және оңтайландыру

5.

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын көбейту және мал шаруашылығындағы өнімділікті арттыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭГТРМ, ЖАО, ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын:
2022 жылдың қорытындысы бойынша:
ірі қара мал 8 300 618 басқа дейін;
қой мен ешкі 18 657 820 басқа дейін;
жылқы 3 601 548 басқа дейін;
түйе 256 751 басқа дейін;
шошқа 785 428 басқа дейін;
құс 48 803 600 басқа дейін;
2023 жылдың қорытындысы бойынша:
ірі қара мал 8 657 545 басқа дейін;
қой мен ешкі 19 329 501 басқа дейін;
жылқы 3 799 633 басқа дейін;
түйе 272 156 басқа дейін;
шошқа 801 136 басқа дейін;
құс 51 341 387 басқа дейін;
2024 жылдың қорытындысы бойынша:
ірі қара мал 9 047 134 басқа дейін;
қой мен ешкі 20 102 681 басқа дейін;
жылқы 4 027 611 басқа дейін;
түйе 289 846 басқа дейін;
шошқа 817 159 басқа дейін;
құс 54 165 163 басқа дейін көбейту
мал шаруашылығындағы өнімділікті:
2022 жылдың қорытындысы бойынша:
сиыр етін өндіру көлемін 4 %-ға;
сүт өндіру көлемін 3,3 %-ға;
қой етін өндіру көлемін 2 %-ға;
тағамдық жұмыртқа өндіру көлемін 1,1 %-ға;
құс етін өндіру көлемін 8 %-ға;
2023 жылдың қорытындысы бойынша:
сиыр етін өндіру көлемін 4,3 %-ға;
сүт өндіру көлемін 3,6 %-ға;
қой етін өндіру көлемін 2,4 %-ға;
тағамдық жұмыртқа өндіру көлемін 1,3 %-ға;
құс етін өндіру көлемін 10 %-ға;
2024 жылдың қорытындысы бойынша:
сиыр етін өндіру көлемін 4,8 %-ға;
сүт өндіру көлемін 4 %-ға;
қой етін өндіру көлемін 2,8 %-ға;
тағамдық жұмыртқа өндіру көлемін 1,5 %-ға;
құс етін өндіру көлемін 12 %-ға арттыру

6.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар тарту

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, СІМ, ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы – 80 жоба;
2023 жылы – 85 жоба;
2024 жылы – 65 жоба

7.

Картопты, көкөністер мен жемістерді сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, ЖАО

көкөністерді, картоп пен жемістерді сақтау қуаттарын 2022 жылы 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы 19,6 мың тоннаға ұлғайту

8.

Заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт салу

ҚР Үкіметіне ақпарат

2022 – 2024 жылдар

АШМ, ИИДМ ЖАО

2024 жылы зауытты пайдалануға беру

9.

АӨК-те мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру

ҚР Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2023 жылы АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 1,5 есеге ұлғайту

10.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кепілдендірілген арзандатылған ЖЖМ-мен қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат

2022 жылғы ақпан – қазан

ЭМ, АШМ, ЖАО

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін арзандатылған ЖЖМ-мен 100 % қамтамасыз ету

11.

Ішкі нарықта негізгі азық-түлік тауарларының (алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант, құс еті) импортын алмастыру жөніндегі шараларды 2024 жылға қарай 100 %-ға, қант бойынша 80 %-ға іске асыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО, ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

нарықты отандық азық-түлік тауарларымен 80 % деңгейінде молықтыру

12.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде және тұтастай республика бойынша АӨК өнімін өндіру мен тұтынудың нақты және болжамды теңгерімінің мониторингі

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

азық-түлік тауарларының тапшылығын жабу мақсатында олардың өңіраралық орын ауыстыруын қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдау

13.

ҚР АШМ және СИМ жүйесіне қолжетімділікті ұсына отырып, тиісті өңірдегі, оның ішінде мамандандырылған қоймалардағы және сауда объектілеріндегі (көкөніс-жеміс, бакалея және ет-сүт өнімдері) азық-түлік тауарларының қорларын автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу

АШМ-ге ақпарат

тоқсан сайын

ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

азық-түлік тауарларын есепке алу үлесі 2022 жылы – 5 %,
2023 жылы – 20 %, 2024 жылы – 50 %

1.2. Аграрлық ғылымды, білім беруді және АӨК-те білім тарату жүйесін дамыту

14.

Инновациялық тәсілдерді (ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті бағдарламалық-нысаналы, гранттық және базалық қаржыландыру) қолданумен агробизнестің қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, АӨК-ті ғылыми қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне ақпарат

жыл сайын

АШМ, БҒМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ

жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа 10-15 сұрыпы мен буданы.
3 жылдың ішінде барлығы 10-11 агротехнология, ауыл шаруашылығы жануарларының 5-10 желісі мен типі, құстардың 3-5 кросы, ветеринариялық 3-5 препарат, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің 5-7 тәсілі мен технологиясы, АӨК-тегі цифрлық 1-2 шешім және т.б.

15.

Аграрлық мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

БҒМ-ге
ұсыныс
 

2022 жылғы 2-тоқсан

АШМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша)
 

ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын 30 %-ға ұлғайту

16.

Білім тарату жүйесін дамыту және АӨК-те инновациялық тәжірибені ендіру

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині

2025 жылға қарай АӨК субъектілерін 25 %-ға дейін қамти отырып, ұлттық білім тарату жүйесін құру.

17.

Аграрлық ғылыми-зерттеу ұйымдары мен тәжірибелік-өндірістік кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңғырту

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

жыл сайын

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині

2025 жылға қарай шамамен 20 – 25 аграрлық ғылыми-зерттеу ұйымы мен тәжірибелік-өндірістік кәсіпорнының материалдық-техникалық базасын жақсарту

18.

Бизнес-құрылымдар мен шетелдік сарапшыларды тарта отырып, аграрлық мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың құзыреттілік тәсіліне көшу

білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу

2022 жылғы 3-тоқсан
 

АШМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

цифрландыруға байланыстыра отырып, 5 білім беру бағдарламасын жаңарту

2. Азық-түлік тауарларының экономикалық қолжетімділігі

19.

Бағалар бойынша іс-жүзіндегі деректер және баға белгілеуге әсер ететін өзге де факторлар негізінде неғұрлым маңызды тауарларға шикізат құнынан бөлшек сауда бағасына дейін баға болжау алгоритмін әзірлеу

АШМ-ге
ақпарат
 

2022 жылғы қараша
 

ҰЭМ, АШМ, СИМ, ИИДМ, ЭМ, ДСМ, ЭГТРМ
 

неғұрлым маңызды тауарлардың бағасын 1,5 – 2 ай бұрын болжау

20.

Сауда базарларымен ӘМАТ өткізушілері үшін жалдау ақысын төмендету туралы мәселені пысықтау

АШМ-ге
ақпарат
 

2022 жылғы сәуір

СИМ

ӘМАТ өткізушілері үшін жалдау ақысын орташа нарықтық құннан 15 %-ға төмендету

21.

Бағаны әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдауға көшу жөніндегі шаралар тұжырымдау (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін арнайы купондар немесе төлем карталарын шығару арқылы халықты әлеуметтік атаулы қолдауды енгізу)

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы маусым

СИМ, Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, Қаржымині,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау бойынша ұсыныс

22.

Тұрақтандыру қорлары қызметінің тиімділігін олардың жұмыс істеуінің орындылығы бөлігінде бағалауды жүргізу

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы сәуір

АШМ, СИМ, ЖАО

тұрақтандыру қорлары қызметінің орындылығы туралы ұсыныс

23.

Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа нысандары, сондай-ақ жаңа суармалы жерлерді игеру арқылы кемінде 25 мың шаруашылық құру жолымен ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2022 – 2024 жылдар

АШМ, ЭГТРМ, ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, ЖАО

етті (ІҚМ, ҰҚМ және жылқы өсіру) және сүтті мал шаруашылығында, бақ шаруашылығында, көкөніс шаруашылығында кемінде 25 мың жаңа шаруашылық құру, ауыл халқының тұрақты қосымша табысы

24.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын тамақ өнімдерін өндірушілердің босату бағалары негізінде оларға белгілі бір тіркелген үстемеақыны қоса отырып, шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2022 жылғы сәуір

СИМ, АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
 

ӘМАТ өткізу бағаларын тұрақтандыру

3. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

25.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

АШМ-ге
ақпарат

жыл сайын

ЖАО

2022 жыл:
160,5 млн манипуляция мен 69,2 млн диагностикалық зерттеу жүргізу
2023 жыл:
231 млн манипуляция мен 72,8 млн
диагностикалық зерттеу жүргізу
2024 жыл:
232,8 млн манипуляция мен 72,8 млн
диагностикалық зерттеу жүргізу
ескертпе: манипуляциялар мен зерттеулер саны мал басына және эпизоотиялық жағдайға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін

26.

Ветеринариялық және биопрепараттар өндіретін қолданыстағы отандық кәсіпорындарды жаңғырту немесе жаңаларын құру, шетелдік өндірушілерді (трансферт-технологиялар) тарту

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2024 жылғы маусым

АШМ, ЖАО

ішкі нарықта отандық өндірістегі ветеринариялық және биопрепараттардың үлесін ұлғайту 2022 жылы – 70 %, 2023 жылы – 75 %, 2024 жылы – 80 %

27.

Бұрмаланған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету

АШМ-ге
ақпарат

жыл сайын

ДСМ, СИМ, АШМ

зерттелетін импорттық өнімнің үлесін 75-тен 80 %-ға дейін және зерттелетін тамақ өнімдері сынамаларының санын 40 мыңнан 50 мың сынамаға дейін ұлғайту

28.

Жануарлардың инфекциялық ауруларының өршуін қадағалау, эпизоотиялық мониторингтеу және болжау ақпараттық жүйесін енгізу

ҚР
Үкіметіне
ақпарат

2023 жылғы желтоқсан

АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

диагностикалық зерттеулермен 100 % қамту

29.

Халықаралық стандарттарды тікелей қолдану рәсімдері бойынша түсіндіру жұмысы

мүдделі мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы ақпарат

2022 – 2023 жылдар

СИМ, АШМ,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

интернет-ресурстарда 2024 жылға қарай халықаралық стандарттарды енгізу туралы кемінде 50 жарияланым орналастыру

30.

Тамақ өнеркәсібі саласындағы ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде стандарттар қабылдау

АШМ-ге
ақпарат

жыл сайын

СИМ, ДСМ, АШМ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар

тамақ өнеркәсібі саласында кемінде 20 стандарт қабылдау

31.

Сертификаттау жөніндегі органдар көрсететін қызметтердің сапасын тамақ өнімдерінің сәйкестігін растайтын құжаттарды берудің анықтығы бөлігінде тиімді мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету

АШМ-ге
ақпарат

жыл сайын

СИМ,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

профилактикалық бақылау шеңберінде кемінде 40 тексеру жүргізу


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Атамекен" ҰКП
АШМ
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
БҒМ
ДСМ
Еңбекмині
ЖАО
ИИДМ









"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жергілікті атқарушы органдар
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині
ҚР


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы

СИМ
СІМ
"ҰАҒБО" КеАҚ
ҰЭМ
ЦДИАӨМ
 





Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады