Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 180 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (2021 жылғы 20 желтоқсанда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2022 ж., № 1, 1-құжат)
Бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Банк)
бұдан бұрын Тараптар жасасқан 2020 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бөлімнің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасына қол қоюға уәкілетті ресми тұлға (Үкімет атынан) ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрін тағайындайды.";
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) Үкімет тиісті жұмыс кезеңіне арналған тиісті Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасының ережелері мен оның шарттарында және Банк форматы бойынша ақы төлеуге сұрау салуға сәйкес (инвойс) Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасын орындағаны үшін Банкке сыйақы төлейді. Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасында көрсетілетін бюджеттік бағдарламада көзделген қаражаттан тиісті сыйақылар/төлемдер жүргізетін болады.";
а) тармақшасына ескертпе алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттама оған барлық Тараптар қол қойғаннан кейін оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Үкіметтің орындағаны туралы Банкке жазбаша түрде хабарланған кезден бастап күшіне енеді.
Келісімнің осы Хаттамаға қайшы келмейтін барлық қалған ережелері күшінде қалады.
2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының |
Халықаралық Қайта Құру жән |