"Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 184 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау тәртібін айқындайды.

      5-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компанияның даму жоспары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады