Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 233 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Темір триумф" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.

      2. "Soft Art" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 50 (елу) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Integrity Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.

      3. "Акмолит", "Мархит" және "Топаз-НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Bridge capital investments limited" жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын.

      4. Қоғамның акциялары, сондай-ақ осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады