Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 234 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.

      2. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады