2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы "Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 0,3909 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Павлодар облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің электр беру желілерін салу үшін "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "КEGOC" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – акционерлік қоғам) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Акционерлік қоғам (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 235 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскесінің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, | оның ішінде: | ||
орман |
орман көмкермеген |
жайылымдар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының "Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,3909 | 0,1146 | 0,269 | 0,0073 |
Барлығы: | 0,3909 | 0,1146 | 0,269 | 0,0073 |