"Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 281 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

"Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы
№ Жарлығына
  ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 148 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы

      Мазмұны

      1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының паспорты

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      4-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесіндегі даму пайымы

      5-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      6-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асырудың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері

      7-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (Тұжырымдамаға қосымша)

1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының паспорты

Тұжырымдаманың атауы

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында берген 2018 жылғы 24 мамырдағы № 18-35-3.1 хаттамалық тапсырмасының "Жаңғырту басымдықтарын, әлеуметтік саясатты, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу" деген 3-тармағы

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

Іске асыру мерзімдері

2022 – 2025 жылдар

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      Тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) қазақстандық патриотизм, азаматтық тең құқықтық, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, "бірлігіміз – әралуандықта" идеясы, ұлттың ұдайы жаңғыруы, сондай-ақ "интермәдениеттілік" саясаты қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Қазіргі уақытта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдегі табысты модельдердің бірі деп танылған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяға елдегі этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру жүктелді.

      2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде айқындап, оның Парламенттегі кепілді өкілдігін қамтамасыз етті.

      2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан халықтары Ассамблеясының атауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді.

      2008 жылы "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда оның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

      Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Ассамблеяның орта мерзімді кезеңге арналған (2011 жылға дейінгі) стратегиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы іске асырылды.

      Этносаралық келісімді нығайту саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы ұйымдастырылды.

      Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігері біріктірілді.

      Этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі тиімді жұмыс істеуде және осы саладағы алдын алу тетіктері белсенді пайдаланылуда.

      2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ассамблея туралы ереже бекітілді, онда Ассамблеяның және оның қоғамдық құрылымдарының мәртебесі мен өкілеттіктері бекітілді.

      2018 жылы оның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

      Ассамблеяның инфрақұрылымы нығайтылды, оның азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік органдары жүйесіне интеграциялануы қамтамасыз етілді.

      Ассамблея жанында қоғамдық қорлар жұмыс істейді, көпфункциялы веб-портал дамуда, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Ассамблея депозитарийі құрылды.

      Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2009 жылы Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесі құрылды. Еліміздің барлық өңірлерінде жоғары оқу орындарының базасында Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары жұмыс істейді.

      Ассамблеяның республикалық журналистер клубы құрылды және өңірлік деңгейде де осындай құрылымдар құрылды.

      Еліміздің барлық өңірлерінде Ассамблеяның тиісті: қоғамдық келісім, аналар, медиация кеңестері құрылды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ассамблеяның атқарушы органы ретінде "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қоғамдық келісім" РММ) құрылды. Өңірлік деңгейде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің аппараттары жанынан "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – "Қоғамдық келісім" КММ) құрылды.

      2020 жылы "Қоғамдық келісім" РММ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қарамағына, өңірлік деңгейде "Қоғамдық келісім" КММ жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат және қоғамдық даму басқармаларының қарамағына берілді.

      Сондай-ақ 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомствосы болып табылатын, мемлекеттік этносаралық саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын аталған Министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізетін, осы салада мемлекеттік саясатты жетілдірудегі ғылыми көзқарасты және жаңа әдістерді қолдануды қамтамасыз ететін "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС құрылды.

      Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің бірегей элементтері қалыптастырылды.

      Біріншіден, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың нысаналы саясатының арқасында этностық және діни тиесілілігіне қарамастан, азаматтық тең құқықты іске асырудың тетіктері жасалды және жетілдірілуде.

      Екіншіден, Ассамблеяның Төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі – ел Президенті болып табылатындықтан, Қазақстандағы этностардың өкілдік етуі және мүдделерінің іске асырылуы ең жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады.

      Ассамблеяның жоғары органы – оның сессиясының шешімдерін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға тиіс.

      Үшіншіден, ел Парламентіндегі этностар мүдделерінің кепілді өкілдігін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 5 депутаты қамтамасыз етеді.

      Ел Парламентіндегі Ассамблеядан сайланған депутаттық топ заң жобаларын ұлттық этностық тиесілігіне қарамастан, азаматтардың құқықтарын сақтау, этностық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу саласындағы стандарттарға заңнаманың сәйкестігі тұрғысынан қарауға белсенді қатысады.

      Ассамблеядан сайланған депутаттар этностық топтардың құқықтарына қатысты сауалдарды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдарға жібереді, этносаралық қатынастар саласын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасайды, Ассамблеяның іс-шараларына қатысады, Ассамблея Сессиясы мен Кеңесінің жұмысына қатысады, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

      Төртіншіден, Қазақстан Республикасында жалпыазаматтық қағидаттарға, ортақ рухани-мәдени құндылықтар мен жалпыұлттық тарихи санаға сүйенетін құндылық негізі қалыптастырылды.

      Бесіншіден, мемлекет Қазақстан этностарының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа жағдай жасады және қолдау көрсетуде.

      Қазақстан Республикасының тіл саясаты саласындағы заңнамасы азаматтардың ана тілін қолдану, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдау құқығын көздейді.

      Ассамблея еліміздің барлық этностары арасында мемлекеттік тілді дамытуға және дәріптеуге ықпал етеді. Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктер жанында 174 жексенбілік мектеп бар, онда Қазақстан этностарын мемлекеттік тілде оқыту бойынша 124 топ жұмыс істейді.

      Алтыншыдан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі азаматтық бастама және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік органдарының сындарлы диалогы негізінде дамуда.

      Жетіншіден, этносаралық мәселелермен саяси мақсатта манипуляция жасауға жол бермеу Қазақстанның берік ұстанымы болып табылады.

      Қазақстанда этносаралық қатынастар саласында жалпыға бірдей танылған нормалар енгізілді.

      Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі – ЕҚЫҰ) қатысушы елдердің 56 тілінде таныстырылды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктерінде практикада қолданылады.

      Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен, Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығымен, бірқатар елдердің мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен ынтымақтастық туралы, Ассамблея мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

      Жалпы елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мен нығайтудың тиімді саяси-құқықтық және институционалдық-басқару жүйесі жұмыс істейді.

      Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты 2020 – 2021 жылдары жүргізген қоғамдық пікірдің әлеуметтанушылық мониторингінің деректері бойынша Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастардағы тұрақтылықтың "негізгі өзегі" 94 % деңгейінде сақталуда. Біздің азаматтарымыздың 88,3 %-ы көпэтностық идеяны қолдайды. Республика халқының 93,7 %-ы басқа этнос өкілдеріне оң көзқараста. Жалпы азаматтар этносаралық келісімді сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдайды және мұндай қолдау деңгейі 85,9 %-ды құрайды.

      Бұл көрсеткіштер бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің жұмыс істеуінің жалпы тиімді екенін куәландырады.

      Сонымен бірге, елдегі этносаралық қатынастардың дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды бөліп көрсеткен жөн.

      Сыртқы факторлар арасында XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлерін – әлемдік экономиканың құбылмалылығын, геосаяси текетірестің өршуін, қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардың туындауына этнодіни фактор ықпалының өсуін, көші-қон легінің күшеюін және босқындар санының өсуін атап өту маңызды.

      Қазақстанның геосаяси қоршаған ортасы күрделеніп, жағдай шиеленісе түсуде. Атап айтқанда, әлемнің аса ірі мемлекеттері арасындағы санкциялық текетірестер, жақын орналасқан елдердегі ахуалдың шиеленісуі және Ауғанстаннан босқындар санының өсуі Орталық Азия өңіріндегі халықаралық ахуалдың қалыптасуына келеңсіз ықпалын тигізеді.

      Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу тегі елдеріндегі, оның ішінде әзербайжан-армян және қырғыз-тәжік шекараларындағы оқиғаларға байланысты жекелеген қақтығысты жағдайлар, сондай-ақ Ресей-Украина қарым-қатынасының нашарлау факторы, жекелеген шетелдік саясаткерлердің арандатушылық мәлімдемелері Қазақстандағы этносаралық қатынастарға келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін.

      Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды кейбір сыртқы күштер геосаяси текетірес жағдай туындаған кезде Қазақстандағы этносаралық қатынастарды шиеленістіру үшін пайдалануы мүмкін.

      Осының бәрі Қазақстан халқының бірлігін, ұйымшылдығын және патриотизмін одан әрі нығайтуды, этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді, Ассамблеяның қызметін жандандыруды талап етеді.

      Ішкі факторлар арасында мыналарды атап көрсетуге болады:

      Елдің этнодемографиялық жағдайының өзгеруі.

      2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 млн 5 мың адамды құрады, олардың ең көбі қазақтар (69,01 %), одан кейін орыстар (18,42 %), одан әрі өзбектер (3,29 %), ұйғырлар (1,48 %), украиндар (1,36 %), татарлар (1,06 %), немістер (0,92 %), түріктер (0,61 %), кәрістер (0,57 %), әзербайжандар (0,61 %), дүнгендер (0,40 %), белорустар (0,28 %), тәжіктер (0,27 %), күрдтер (0,25 %), шешендер (0,18 %), поляктар (0,15 %), башқұрттар (0,09 %), басқа этнос өкілдері 1,04 %-ды құрады.

      Жалпы халық саны жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Айталық, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға өсті.

      Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныс-жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшелігін күшейтуге байланысты этноәлеуметтік процестер серпінінің күрделенуі байқалады.

      Ақпараттық өріс

      Ақпараттық өрісте елдегі этносаралық ахуалдың жай-күйі туралы келеңсіз дүниетанымдық көзқарастардың белгілі бір таралуы байқалады, ол қазақстандық азаматтар арасындағы этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін.

      Елдегі этносаралық татулық пен бірлікті кеңінен жария етумен қатар, "дұшпандық тілі", елдегі этносаралық ахуалды теріс түсіндірудің бар екендігі байқалады.

      Осы тұрғыда әлеуметтік желілерде контентке жүргізілген талдау олардағы этносаралық дискурстың артқанын көрсетеді. 2019 жылғы 1 қарашадан бастап 2020 жылғы 1 қараша аралығындағы кезеңде этносаралық ахуал мәселесі бойынша 474 849 мақала жарияланды, бұл елдегі этносаралық процестерді қоғам жіті назарда ұстайтынын және осы саладағы жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетеді.

      Саланың түйінді проблемалары ретінде мыналарды айтуға болады:

      біріншіден, этносаралық қатынастарды саясиландырудан, сондай-ақ елдегі этносаралық ахуалға сыртқы деструктивті ықпалдан туындайтын тәуекелдер;

      екіншіден, қазақстандық қоғам этностарының, әсіресе, олар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік-мәдени интеграцияның жеткіліксіз деңгейі;

      үшіншіден, ақпараттық өрісте, әсіресе, әлеуметтік желілерде жекелеген этностарға қатысты теріс дүниетанымдық көзқарастардың таратылуы, бұл қоғамдық пікірдің бөлінуіне және этностар арасында жаңа тосқауылдар мен қашықтықтардың қалыптасуына ықпал етеді;

      төртіншіден, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтудың түйінді институты ретінде Ассамблеяның және барлық қоғамдық құрылымдардың жұмысын қайта форматтап өзектілендіруге әлеуметтік-саяси сұраныстың туындауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бірлік пен келісім саясаты мәселелері бойынша оның толыққанды ақпараттық жұмысын ұйымдастыру.

      Жалпы әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық дамуда болып жатқан күрделі процестер мен өзгерістер аясында қоғамдағы мәдениет-тіл айырмашылығы жағдайында этносаралық қатынастар мен интеграция саласында мемлекеттік саясатты жүргізудің, халықтың азаматтық бірегейлігін нығайтудың, сондай-ақ Ассамблея қызметін жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдерін одан әрі жаңарту талап етіледі.

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      Этносаралық қатынастар – әлеуметтік және халықаралық қатынастардың ең күрделі түрлерінің бірі. Ғасырлар бойы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың күш-жігері этносаралық қақтығыстарды болғызбаудың жолдары мен құралдарын іздеуге, этноұлттық топтардың бейбіт ынтымақтастығына жағдай жасауға бағытталды. Халықаралық нормалар мен әлемдік тәжірибе жалпы барлық елдер үшін аса құнды болып табылады және этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы қателіктерден сақтандыра отырып, шешімдерді ұсынады.

      Бүгінгі күні әлемде 2000-нан астам ұлт пен ірі этностық топ бар, ал мемлекеттер саны 200-ге жуық. Қазіргі заманғы мемлекеттердің басым көпшілігінде этникалық тұрғыдан халық құрамы күрделі болып табылады және күрделі болмақ, бұл кейде этносаралық қайшылықтар тудырып, қақтығыстарды ушықтырады.

      Қазақстан Республикасында 100-ден астам этнос тұрады, осыған байланысты мемлекет елде қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені, халықаралық құқықтық нормаларды зерделейді және қолданады.

      Қазіргі кезде әлемде "балқыту қазандығы" және мультимәдениеттілік модельдерімен қатар интермәдениеттілік тұжырымдамасы қалыптасуда.

      Интермәдениеттілік әртүрлі мәдениеттерді біріктіретін мүдделерді іздеуді және әртүрлі этнос өкілдері арасында оң өзара іс-қимыл орнатуды бірінші орынға қояды. Мәдени айырмашылықтарды мойындай отырып, интермәдениеттілік жабық мәдени қауымдастықтар құруға қарсы. Еуропа мемлекеттерінде аз этнос өкілдері өзінің белгілі бір мемлекеттің азаматтық қоғамына, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы да интеграциялануына жауапты болады. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі интермәдениеттіліктің бұлжымас шарты болып табылады.

      Оң халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда қолданылып жүрген "бірлігіміз – әралуандықта" идеясы бүгінде интермәдениеттілік қағидатымен объективті түрде толығуда.

      Іс жүзінде көптеген елдер этностық топтарды саяси шешімдер қабылдау процестеріне тарту арқылы олардың саяси өмірге қатысуына жағдай жасауды қолдауға ұмтылады. Арнайы белгіленген рәсімдер арқылы ұлттық парламенттерде аз этностардың өкілдігін қамтамасыз ету маңызды құрал болып табылады. Парламенттерде арнайы орындар санын бөлу ең көп таралған практика болып табылады. Бұл тәсіл Данияда, Жаңа Зеландияда, Сингапурда, Словенияда, Черногорияда және басқа да елдерде қолданылады.

      Аталған шараны Қазақстан Республикасы Ассамблея арқылы іске асырады, ол ел Парламентінде этностық топтардың мүдделерін білдіруді, олардың депутаттарының заң шығару қызметіне және этностық тиесілігіне қарамастан, қазақстандық азаматтардың құқықтарын сақтау, оларды этностық қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық орган болып табылады.

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері аз этнос өкілдерінің, әсіресе, этностық топтар белгілі бір өңірлерде жинақы тұрған жағдайларда жергілікті өкілді органдардың жұмысына қатысуын кеңейту үшін жағдайлар жасауға көп көңіл бөледі.

      Атқарушы биліктің функцияларын жүзеге асыру шеңберінде көптеген елдерде үкіметтер құрылымында этностардың дамуы мен этносаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін арнайы бөлімшелер құру әдетке айналған.

      Адамдарды жергілікті қоғамдастықты дамыту және әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелерінің кең ауқымын шешуге тарту азаматтық бірлікті және этноәлеуметтік өзара іс-қимылды қалыптастырудың тиімді тетігі болып танылды. Әлеуметтік қолдауды күшейту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын одан әрі дамыту азаматтық бірлікті қалыптастырудың басым бағыттары болып табылады. Азаматтық бірлікті нығайту құралдарының бірі –волонтерлік жұмыс. Азаматтарды волонтерлер қозғалысына тартудың жоғары деңгейі Ұлыбританияға, Германияға, Нидерландыға, Ирландияға, АҚШ-қа тән. Волонтерлер қозғалысы Қазақстанда, әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезеңінде жақсы дами бастады.

      Көптеген елдер 1965 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны (бұдан әрі – Конвенция) ратификациялады, ол елдерді Біріккен Ұлттар Ұйымының нәсілдік кемсітушілікті жою комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ Комитеті) Конвенция нормаларының орындалуы туралы жиынтық мерзімді баяндамалар ұсынуға міндеттейді. Елдердің бұл міндеті жекелеген мемлекеттердің ұлттық саясатын халықаралық тануды қамтамасыз етудің, аталған мәселені саясиландыру әрекеттерін және сыртқы қысымды бейтараптандырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияны 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялады және Конвенция нормаларының орындалуы туралы тиісті жиынтық мерзімді баяндамаларды БҰҰ Комитетіне белгіленген тәртіппен ұсынып отырады.

      Халықаралық тәжірибені талдау Ассамблея институттарының бұрынғы кеңестік кеңістікте табысты жұмыс істеп келе жатқанын және халық бірлігін нығайтуда, сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыруда этносаралық келісім мен тұрақтылықтың маңызды рөлін паш етіп отырғанын көрсетеді.

      Айталық, 1992 жылы Татарстан халықтарының бірінші съезі өтті, онда ұлттық-мәдени қоғамдар қауымдастығын құру туралы қарар қабылданды. Қазіргі уақытта Татарстан халықтары Ассамблеясы 37 ұлттық-мәдени қоғамды, "Татарстан халықтарының жастар ассамблеясы" жастар қанатын, осы республикада құрылатын халықтар достығы үйлері мен орталықтарын біріктіреді.

      1998 жылы Ресей халықтарының ассамблеясы құрылды, ол ерікті, өзін-өзі басқаратын бүкілресейлік қоғамдық ұйым болып табылады және Ресей Федерациясы халықтарының 160-тан астам өкілін біріктіреді. Оның қызметі мемлекеттік билік органдары мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы диалогты жолға қоюға, осындай бірлестіктердің заң шығару процесіне және бітімгершілік қызметке қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Бірқатар шет елдерде этносаралық қатынастар саласындағы және қоғамдық құрылымдарды реформалауға қоғамдық және әлеуметтік-саяси сұраныс бар екенін атап өтуге болады.

      Көптеген жылдар бойы қоғамдық ұйым ретінде қызмет еткен Ресей халықтары ассамблеясы 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен "Ресей халықтары ассамблеясы" бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымы болып қайта құрылды. Оның мақсаты мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, бүкілресейлік азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету болды.

      Әлемнің 27 елін біріктіретін Еуропалық Одақ (бұдан әрі – ЕО) ұлтаралық қатынастар саласындағы реформалаудың жарқын мысалы болып табылады. Оның негізінде ЕО халықтарының мүдделерін білдіретін бірқатар бірлескен органдар құрылды және жұмыс істейді. Заңнаманы қатаң сақтау негізінде ЕО-ға кіретін елдер арасында ұлтаралық қатынастарды қалыптастырған бірыңғай еуропалық құқық әзірленді. Бұл ретте ЕО елдері халықтарының жақындасу және өзара ықпал ету процесі үнемі тереңдетіліп тұрады әрі үздіксіз болып табылады.

      Этносаралық коммуникация мен қоғамның бірлігін қамтамасыз ету басымдықтарын ескерсек, қазіргі уақытта көпэтностық мемлекетті басқарудың тиімділігі көп жағдайда мемлекеттік ақпараттық саясаттың қаншалықты толық реттелгеніне байланысты.

      Аталған мәселені шешу үшін бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірқатар елдер (Грузия, Украина, Беларусь, Түрікменстан, Балтық жағалауы елдері) БАҚ туралы заңдардың жалпы сипаттағы шектеулерді көздейтін баптарын қандай да бір дәрежеде қолданады, оның ішінде БАҚ-ты ұлттық, әлеуметтік, діни төзбеушілікті немесе алауыздықты тудыру үшін пайдалануға жол берілмейді.

      Этносаралық жағдайға сыртқы деструктивті ықпал ету проблемасын шешу жөніндегі халықаралық тәжірибе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948), Хельсинки уағдаластықтары (1975), Париж хартиясы (1990) сияқты және т.б. халықаралық құжаттар негізінде шешіледі. Аталған құжаттарда ұлттардың тең құқықтылық қағидаты және адам құқығының ұлт пен мемлекет құқығынан басымдығы жария етілген.

      Аталған нормалардың сақталуын бақылауды беделді және танымал халықаралық ұйымдар (БҰҰ-ның Адам құқықтары, Аз ұлттарды қорғау комиссиясы, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою кеңесі, Гаага халықаралық соты және т.б.) жүзеге асырады.

      Ресей Федерациясында этносаралық жағдайға сыртқы деструктивті ықпал мәселесі бірнеше аспектіні қамтиды: саяси-дипломатиялық шеңберде жүзеге асырылатын бітімгершілік қызмет, делдалдық, басқа елдермен өзара іс-қимыл элементтері, нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ әскери-күш әдістері.

      Еуропа елдері Ресей қолданатын аспектілерден басқа Еуропалық Одақ базасындағы олардың тығыз кооперациясынан, интеграциясынан, экономикалық және мәдениетаралық өзара іс-қимылынан, сондай-ақ жалпы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдан көрінетін біріктіруші қағидатты пайдаланады.

      Осылайша, әлемдік тәжірибені қысқаша талдау этносаралық қатынастарды реттеу мемлекеттік саясаттың және көпұлтты қоғамдар мен мемлекеттердің бейбіт қатар тіршілік етуінің аса маңызды факторы болып табылатынын көрсетеді.

      Қазақстанда мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде елімізде тұратын барлық этностардың мүдделері ескеріліп, этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің жоғарыда көрсетілген шаралары мен құралдары практикада қолданылады. Ассамблея мемлекеттің этносаралық қатынастар саласындағы саясатын іске асырудың орталық буындарының бірі ретінде әрекет етеді.

      4-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесіндегі даму пайымы

      Ассамблея Қазақстанда халық мәдениеттерінің, тілдерінің, дәстүрлерінің әралуандылығын мойындай отырып, интеграцияланған азаматтық қауымды одан әрі нығайтуға, қоғамды еліміздің даму басымдықтары төңірегіне шоғырландыру мен біріктіруге жәрдемдесетін болады.

      Ассамблея бұдан әрі де азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен қоғамдық келісімнің конституциялық қағидатын іске асырудың түйінді тетігі, мемлекет пен азаматтық қоғамның диалог алаңы ретінде қызмет ете береді.

      Бірінші кезекте Тұжырымдама Ассамблеяның қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім саясатын қамтамасыз етудің түйінді идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған.

      Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың қоғамды интеграциялау, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту мәселелері бойынша кең ауқымды өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Ассамблеяны әлеуметтік және ақпараттық алаң ретінде дамытуға ықпал ететін болады.

      Тұжырымдама этностарды интеграциялау, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын қоғамда түсіндіру мен іске асыру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.

      Этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамыту Ассамблеяның барлық институттарын жан-жақты жаңғырту, сондай-ақ олардың қазақстандық қоғамның рухани жаңаруына белсенді қатысуы арқылы азаматтық, "Қазақстан – 2050" стратегиясының міндеттерін шешуге бағдарлану қағидаттарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда Ассамблеяның рөлін күшейту тұрғысынан жүзеге асырылатын болады.

      Осыған байланысты этносаралық саладағы мемлекеттік саясат жүйесінде Ассамблеяны, оның институттарын түйінді бағыттар бойынша институционалдық және инфрақұрылымдық нығайту жалғасатын болады:

      1) кез келген сыртқы қақтығыс әлеуетін Қазақстан Республикасының аумағына және оның азаматтарына ығыстыру әрекеттеріне қарсы жүйелі іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша Ассамблеяның шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      2) этносаралық ахуалдың шиеленісуіне, этникалық кеңістікке ұласуы мүмкін қақтығыстарға жедел ден қою жөнінде құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жандандыру және жаңғырту, сондай-ақ олардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі алдын алу шаралары жүйесін құру;

      3) этносаралық өзара іс-қимыл мен келісімді нығайтудың маңызды құралы ретінде Ассамблеяның қызметін жандандыру арқылы барлық этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау жөніндегі жан-жақты жұмысты, сондай-ақ оның барлық институттарының қоғамдағы бірлік пен келісім саясаты, этностарды интеграциялау, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту мәселелері бойынша ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

      4) ақпараттық алаңда таратылатын этносаралық қатынастар саласындағы теріс дүниетанымдық көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында халық арасында Ассамблея институттарының, достық үйлерінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын іске асыру;

      5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      6) жұмысты жүйелендіру және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту тетігі ретінде Ассамблеяның этносаралық қатынастарды нығайтудағы, әлеуметтік саладағы қайырымдылықты, медиацияны, волонтерлікті дамытуға жәрдемдесудегі рөлін күшейту;

      7) Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту басымдықтарын іске асыру, қоғамда прогрессивті адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі қызметін жетілдіру.

      5-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Ассамблеяның негізгі қағидаттары:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

      2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;

      3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.

      Ассамблеяның бұл қағидаттары этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың жалпы қағидаттарына сәйкес келеді және 2021 жылғы 28 сәуірде Ассамблеяның XXIX сессиясында айтылған негізгі ережелермен толықтырылады:

      азаматтық қоғам мен мемлекеттің сенімі мен өзара іс-қимылына негізделген қазақстандық патриотизм;

      мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі;

      ұлтты тұрақты жаңғырту, "бірлігіміз – әралуандықта" идеясын дамыту және саяси ойлаудың жаңа нысандарын енгізу;

      барлық этностық топтардың ортақ құндылықтары мен мүдделеріне негізделген интермәдениеттілік.

      Ассамблея қызметінде:

      біріктіруші мүдделерді іздеуге және әртүрлі этностар өкілдерінің арасында жағымды өзара іс-қимылды орнатуға;

      халықтың барлық топтарының ортақ құндылықтары мен мүдделерін іздеуге;

      азаматтық бірегейлікті және бірлескен қызметті нығайту процесінде мәдени және этностық шекараларды еңсеруге;

      этностар өкілдерін бірыңғай қоғамға, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы интеграциялауға баса назар аударылатын болады.

      Мәдени айырмашылықтарды мойындау жабық этномәдени қауымдастықтар құруға ықпал етпеуге тиіс. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері этностардың біртұтас қазақстандық қоғамға әлеуметтік-мәдени интеграциясына жауапты болады.

      Ассамблеяның қызметі мынадай түйінді бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) Ассамблея құрылымдарын қоғамды интеграциялау, интермәдениеттілік саясатын жүргізу негізінде қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі жобаларға кеңінен тарту;

      2) Ассамблеяның медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау саласындағы қызметін интеграциялау тетіктері ретінде дамыту;

      3) мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету, қазақстандық этностар тілдерінің дамуына жәрдемдесу;

      4) Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және танымал ету;

      5) Қазақстанның көпэтносты халқының қалыптасу тарихы және тәуелсіздікті нығайтудағы этностардың рөлі туралы білімді тарату;

      6) азаматтық қоғам мен жастар ұйымдарын дамыту;

      7) этностық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жәрдемдесу.

      Ассамблеяны дамыту тәсілдері:

      1) халықаралық ынтымақтастық:

      Ассамблеяның шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық тетіктерін дамыту;

      халықтық дипломатия құралдарын, оның ішінде Ассамблеяның достық елшілері институтын дамыту, Ассамблеяның халықаралық іс-шаралары шеңберінде онымен өзара іс-қимыл жасасу;

      Қазақстан этностары арасындағы этносаралық жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында Ассамблея институттарының сыртқы ықтимал қатерлерді жою жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;

      2) елдің этноәлеуметтік топтарының біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялануы:

      Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен интермәдениеттілік саясатын ілгерілету бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;

      Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен өзге де қоғамдық бірлестіктер үшін қоғамның интеграциясы, сондай-ақ Қазақстанның барлық этностарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі жұмыста жағдай жасау;

      аналар кеңестерін, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді отбасы институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, қазақстандық қоғамдағы достық пен бірлікті дәріптеуге және нығайтуға тарту;

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында ұсыныстар тұжырымдау, ұлттық жобаларды, стратегиялық даму жоспарларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      мемлекеттік басқару органдарының қызметін және олар Қазақстан этностарының құқықтары мен мүдделерін сақтауға және қоғамның интеграциялану процестерін кеңейтуге байланысты қабылдайтын шешімдерді қоғамдық бақылау тетіктерін практикаға енгізу;

      3) этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы:

      қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында, әсіресе, әлеуметтік желілер, БАҚ және интернет-кеңістікті пайдалану арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

      этносаралық қатынастар саласына жүйелі мониторинг жүргізуді және елдегі, оның ішінде ақпараттық өрістегі этносаралық ахуалды талдауды қамтамасыз ету;

      этносаралық шиеленістің туындауының алдын алу, медиация мен қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту мақсатында елдің медиа кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын кеңейтуге және жандандыруға жәрдем көрсету;

      мемлекеттік органдар мен ел халқының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары базасында диалог алаңдарын құру;

      этносаралық қатынастар саласында бірыңғай стандарттар мен әлеуметтік-лингвистикалық ұғымдарды әзірлеу, олардың біркелкі пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      4) Ассамблея институтын оның қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру арқылы нығайту және дамыту:

      Ассамблея және оның қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаның тиімділігіне мониторинг жүргізу;

      өңірлік ассамблеялардың, "Қоғамдық келісім" КММ-нің, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының қызметіне менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      өңірлік деңгейде консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түріндегі тұрақты жұмыс істейтін ынтымақтастық тетіктерін дамыту;

      орта мерзімді кезеңге арналған жұмыс жоспарларын үлгі ретінде әзірлеу арқылы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары жұмысының бірыңғай жүйесін енгізу;

      мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің этносаралық қатынастар мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

      өңірлердегі ассамблеялар арасында медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтастық және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы Ассамблеяның депутаттық тобымен ынтымақтастық тетіктерін дамыту.

      6-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асырудың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері

Р/с

Нысаналы индикатор

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2020
жыл
(факт)

2021жыл (бағалау)

Жоспарлы мәні

2022жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл

1.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту деңгейі

%

әлеуметтік зерттеу

-

80
%

80,2%

80,4%

80,6%

80,8%

2.

Қазақстан этностары арасындағы толеранттылық деңгейі

%

әлеуметтік зерттеу

-

67%

67,5%

68%

68,5%

69%

3.

Қазақстан этностарының әлеуметтік көңіл-күйінің деңгейі

%

әлеуметтік зерттеу

-

75%

75,5%

76%

76,5%

77%

      Күтілетін нәтижелер:

      Осы Тұжырымдамада әзірленген нысаналы индикаторлар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарының "Патриотизм құндылықтарын дәріптеу" алтыншы жалпыұлттық басымдығын имплементациялайды, оның мәні мықты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру болып табылады және мыналарды болжайды:

      1) этносаралық қатынастар саласында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде Ассамблеяның рөлін арттыру;

      2) Ассамблеяның жұмысына халықтың қалың тобын, әсіресе қазақтың шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның топтастырушы рөлін арттыру, сондай-ақ Ассамблеяның медиация, волонтерлік және қайырымдылық саласындағы рөлін күшейту;

      3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты осы бағыттағы талдамалық зерттеулер мен практикалық жұмыс негізінде жетілдіру.

      Ассамблея институтын одан әрі дамыту, табысты жаңғырудың және мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне қол жеткізудің түйінді факторлары ретіндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау осы Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижелеріне айналуға тиіс.

  Қазақстан халқы
Ассамблеясының 2025 жылға
дейінгі) даму тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары

Р/с №
 

Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар


1

2

3

4

5

1-бағыт. Халықаралық ынтымақтастық
1-нысаналы индикатор. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту деңгейі, %: 2022 жылы – 80,2; 2023 жылы – 80,4; 2024 жылы – 80,6;
2025 жылы – 80,8.

1
 

Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру:
 

АҚДМ-ға ақпарат

жыл сайын
 

АҚДМ, СІМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

1) саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихқа тағылым – өткенге тағзым" жобасы
 

жоба
 

Жылына 1 рет, II тоқсан
 

2) ҚХА достық елшілерінің онлайн отырысы
 
 

отырыс

жылына 1 рет, II тоқсан

3) "Бірлік" жастар лагері

жоба

жылына 1 рет, IIІ тоқсан

1.2-бағыт. Ассамблея институтының қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру арқылы оны нығайту және дамыту

2
 
 
 
 
 
 
 

ҚХА-ның жыл сайынғы сессиясын дайындау және өткізу
 
 
 

сессия хаттамасы
 
 
 
 
 

жыл сайын, 1 мамырға дейін
 
 
 

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, МСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент





қалаларының әкімдіктері

3

ҚХА кеңесінің отырыстарын өткізу
 

отырыс хаттамасы

жылына 3 рет

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ


1) ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы
 
 
 
 

отырыс хаттамасы
 
 
 
 
 
 

4 отырыс, тоқсан сайын
 
 
 
 
 

АҚДМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС, БҒМ,
ҚХА ҒСК (келісім бойынша)


2) ҚХА республикалық және өңірлік аналар кеңесінің отырысы

отырыс хаттамалары

18 отырыс, жыл сайын

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 
 
 
 
 
 

3) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ және өңірлердегі ҚХА қоғамдық құрылымдары қызметінде менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізу бойынша республикалық және өңірлік әдістемелік кеңестердің отырысы
 
 

атқарылған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4) ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы

отырыс

жылына 1 рет, IV тоқсан
 


5) ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы

отырыс хаттамасы

жылына 1 рет

АҚДМ, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

6) ҚХА кафедраларының отырыстары

атқарылған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет

БҒМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС

7) ҚХА этномәдени бірлестіктерін тарта отырып, жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша ҚХА "Ассамблея жастары" РҚБ жастар қозғалысын дамыту

атқарылған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет

АҚДМ, БҒМ, "Қоғамдық келісім" РММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

8) достық үйлерінің материалдық-техникалық базасы (көлік, ұйымдастыру техникасы, лингафон кабинеттері және т.б.)

атқарылған жұмыс туралы есеп
 

жарты жылда 1 рет
 
 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының әкімдіктері


9) ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үшін практикалық семинар-тренинг өткізу

семинар- тренингтер

жыл сайын

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

5

ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің тізілімін жаңарту

2022 және 2025 жылдар

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

6

Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен "Бейбітшілік және келісім жолымен" ҚХА-ның халықтық экспедициясы" жобасын ұйымдастыру және өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

жыл бойы

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, СІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

7
 

ҚХА-ның медиация институтын жетілдіру мәселесін қарау:
 

АҚДМ-ға ақпарат

2022 және 2025 жылдар

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

1) ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырыстарын өткізу
 

отырыс хаттамасы

жылына 2 рет

2) медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг ұйымдастыру

семинарлар-тренингтер
 

жылына 4 рет
 


3) медиаторларды оқыту үшін бағдарлама дайындау мәселесін пысықтау

атқарылған жұмыс туралы есеп

2022 жылы

АҚДМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС, "Қоғамдық келісім" РММ

8

Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу:

АҚДМ-ға ақпарат

жыл сайын

"Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісім бойынша)

1) ҚХА "Қайырымдылық керуені" жобасы шеңберіндегі республикалық акция

акция

жыл сайын

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2) Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған ҚХА волонтерлерінің жалпыұлттық акциясы

акция
 

жыл сайын, 1 мамыр
 

"Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея
жастары" РҚБ (келісім бойынша


3) ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық қызметін үйлестіру

орындалған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

9

Интеграциялау мен интермәдениеттілікті дамытуға, этникалық ортада мемлекеттік тілді, азаматтық бірегейлікке негізделген қазақстандық патриотизмді, өткен бай тарихты, ұлттық мәдениетті және рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға бағытталған "Ел бірлігі" негізгі жобасының шеңберінде кемінде
6 іс-шара өткізу:

АҚДМ-ға ақпарат

жыл сайын

АҚДМ, СІМ, МСМ, "Қоғамдық келісім" РММ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

1) ҚХА журналистер клубының қызметін қамтамасыз ету
 

орындалған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет,
IV тоқсан

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2) Қазақстанның ұлттық (этникалық) театрларының республикалық фестивалі

 
фестиваль

екі жылда бір рет, ІІ тоқсан

МСМ
 


3) ҚХА-ның "Жомарт жан" қоғамдық наградасын және этносаралық қатынастарды дамытуға, жалпыазаматтық бірегейлікті және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан үлесі үшін басқа да көтермелеулерді беру

наградаларды беру рәсімі

жылына 1 рет, IV тоқсан

"Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

4) этножурналистика саласындағы "Шаңырақ" конкурсы
 

конкурс

жылына 1 рет, IV тоқсан

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ

5) ҚХА аясында республикалық Достық үйінің іс-шаралары
 

орындалған жұмыс туралы есеп

жыл сайын кемінде 5 іс-шара

6) ҚХА аясында жетекші отандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, этносаралық қатынастар және ұлт бірлігін нығайту мәселелері жөніндегі жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция

конференция

жылына 1 рет

АҚДМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС"

2-бағыт. Елдің этноәлеуметтік топтарының біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялануы
2-нысаналы индикатор. Қазақстан этностары арасындағы толеранттылық деңгейі, %: 2022 жылы – 67,5; 2023 жылы – 68; 2024 жылы – 68,5; 2025 жылы – 69.

10

Ел аумағында тұратын этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған
ҚХА-ның 5 жобасын ұйымдастыру және өткізу:

АҚДМ-ға ақпарат

жыл сайын

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

1) мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен "Ұлы даланың – ұлтаралық тілі" форумы

форум

жылына 1 рет, 2- жартыжылдық

2) "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
 

жоба

жылына 1 рет, IV тоқсан

3) Қазақстан этностарының өкілдері үшін жағдаяттық қазақ тілі

орындалған жұмыс туралы есеп

2022 жыл


4) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың достық үйлері базасындағы "Мәміле" қазақ тілі пікірталас клубы

орындалған жұмыс туралы есеп

20 клуб, жыл сайын

облыстардың,

5) ҚХА этномәдени бірлестіктеріне арналған тіл мектебі

көшпелі лагерь

жылына 1 рет

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ

6) мемлекеттік тілді және қазақстандық этностардың тілдерін үйрену курстары

орындалған жұмыс туралы есеп

жылына 1 рет

БҒМ, АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

11

Қазақстан халқы Ассамблея аясында 7 жобаны іске асыру:
 

АҚДМ-ға ақпарат

жылына 9 рет

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісім бойынша)
 

1) Алғыс айту күніне арналған форум
 

форум
 

жыл сайын, 1 наурыз

2) өңірлік қоғамдық келісім кеңестері негізінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар

өткізілген іс-шаралар туралы есеп
 

жыл сайын, 1 мамыр
 

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

3) өңірлік аналар кеңестері негізінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық акция

акция

жыл сайын, 1 маусым

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

4) ҚХА республикалық жастар сессиясы
 

сессия
 

жылына 1 рет, I тоқсан

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісім бойынша)

5) ҚХА-ның "Бір ел" тарихи-ағартушылық жобасы

жоба

жыл ішінде

6) қайырымдылық ұйымдары өкілдерінің және демеушілердің қатысуымен ҚХА "Қайырымдылық керуені" республикалық форумы

форум
 

жыл бойы

7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі республикалық дәрістер

дәрістер

жылына 4 рет

12

"Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" өңірлік жобасын іске асыру

АҚДМ-ға ақпарат

2022 жыл

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

13

Қазақ зиялылары өкілдерін: мәдениет және ғылым қайраткерлерін, журналистер мен блогерлерді тарта отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі республикалық дәрістер шеңберінде "Қазақтану" жобасын іске асыру

АҚДМ-ға ақпарат

жылына 4 рет

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

14
 

Қазақ ұлттық өнерін (домбыра, қобыз, би) жетік меңгерген этностық топтар өкілдерінің

фестиваль
 

жылына 1 рет
 

МСМ
 


"Өнеріміз саған – Қазақстан!" фестивалін өткізу




15

Этносаралық қатынастар саласында әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу:
 

талдамалық есеп

жыл сайын

АҚДМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС

1) елдегі этносаралық ахуалды әлеуметтанушылық зерттеу

жылына 4 рет

2) "Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық теңсіздігінің этникалық аспектілері" зерттеуі

жылына 4 рет

3) "Сәйкестік формуласын айқындау" зерттеуі
 

жылына 4 рет

4) "Бұқаралық коммуникациялар құралдарының қақтығыс әлеуеті деңгейіне және этносаралық қатынастарға әсері" зерттеуі

жылына 4 рет

5) "Этностар өкілдері арасындағы этноцентризм және оның этносаралық интеграция процесіне әсері" зерттеуі

жылына 4 рет

6) "Ұлтшылдық: оның көрініс нысандары және этносаралық қатынастарды үйлестіру" зерттеуі

жылына 4 рет

7) "Этностық аумақты қалыптастырудың негізгі факторлары" зерттеуі

талдамалық баяндама

жылына 2 рет

3-бағыт. Этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы
3-нысаналы индикатор. Қазақстан этностарының әлеуметтік көңіл-күйінің деңгейі, %: 2022 жылы – 75,5; 2023 жылы – 76; 2024 жылы – 76,5; 2025 жылы – 77.

16
 

ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу:
 

ақпараттық ресурстарда орналастыру

жыл сайын

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
 

1) ҚХА мүшелерінің, этностар өкілдерінің республикалық телеарналардағы тақырыптық бағдарламаларға қатысуы

республикалық телеарналар
 

жыл ішінде
 

 
 
 
 

2) елдегі этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту тақырыбында радиорепортаждар мен радиобағдарламаларды, ынталандырушы радиороликтерді трансляциялау

республикалық радиоарналар

жыл сайын кемінде 10 материал

қалаларының әкімдіктері

3) тақырыптық бейнероликтер мен басқа да медиа өнімдерді өндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ оларды ақпараттық ресурстарда орналастыру

ақпараттық ресурстардағы бейнероликтер

жыл ішінде 5 ролик

4) Орталық коммуникациялар қызметі алаңында этносаралық тақырыптың өзекті мәселелері бойынша ҚХА ресми өкілінің брифингтерін ұйымдастыру

брифинг

жыл сайын кемінде 2 брифинг

5) ҚХА ұйымдастырған іс-шаралар мен акциялардан тікелей эфирлер жүргізу
 

"Youtube" бейнехостингі, "Facebook", "Instagram" әлеуметтік желілері

кемінде 10 тікелей эфир

6) республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік тақырыбында мақалалар жариялау

жарияланымдар графигі
 

тоқсанына 2 жарияланым

АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

7) өңірлік ҚХА төрағаларының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мақалаларын жариялау

жарияланымдар графигі
 

жыл сайын 17 жарияланым, (графикке сәйкес)

8) бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде ҚХА қызметінің негізгі бағыттары туралы БАҚ-та материалдар жариялау

материалдарды жариялау

жыл сайын кемінде 50 жарияланым

9) ҚХА мультимедиалық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

ҚХА ресми сайтына мониторинг

үнемі

17

ҚХА ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша материалдар әзірлеу және жариялау

АҚДМ-ға ақпарат

жыл сайын

АҚДМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС

1) ҚХА ҒСК, өңірлердің ҒСТ және ҚХА кафедралары қауымдастығы мүшелерінің зерттеу нәтижелері мен жарияланымдары бар этносаралық қатынастар, этностар саласындағы ақпараттық-талдамалық басылымды шығару

ақпараттық-талдамалық басылым

жарты жылда 1 рет

2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптық ақпараттық-анықтамалық материалдар шығару
 

ақпараттық-анықтамалық материалдар

жыл сайын кемінде 20 материал, IV тоқсан

3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар

әдістемелік құрал
 
 

жыл сайын кемінде 3 әдістемелік құрал

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Ассамблея жастары" РҚБ

"Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ҚХА
ҚХА ҒСК


Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі

ҚХАХ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы

МСМ
"Қоғамдық келісім" КММ


 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
"Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Қоғамдық келісім" РММ


 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі

"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС


 
 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

СІМ


 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады