"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 318 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ

      1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тiзбесiнде:

      мына:

      "

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары, Ұлттық ұлан академиясының бастығы

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      ";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      17-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы; Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары; өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары; бас басқармалар бастықтары; Ұлттық ұлан академиясының бастығы;".

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. Құпия.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады