Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2022 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 328 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2022 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,99 пайызынан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады