Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 345 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін калыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Қалдыбекұлы Элимановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 345 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жоніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге қатысушы мемлекеттер

      көрсетілген Келісімнің 13-бабын басшылыққа ала отырып,

      ынтымақтастықты дамытуға зор мән бере отырып және кылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылда өзара іс-қимылды үйлестіруге ұмтыла отырып,

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топты одан әрі дамыту қажеттігін негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге енгізілетін өзгерістер

      1. Кіріспеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1.1. 1-абзац мынадай редакцияда жазылсын.

      "Бұдан әрі Тараптар немесе мүше мемлекеттер деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Үндістан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қытай Халық Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, Ресей Федерациясының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі.".

      1.2. 4, 6 және 7-абзацтарда тиісті септіктегі "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісті септіктегі "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАТ-тың негізгі мақсаты ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ФАТФ халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ФАТФ стандарттары) және оларды дамыту үшін қабылданған өзге де ережелерге, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және катысушылары мүше мемлекеттер болып табылатын басқа да халықаралық ұйымдардың жаппай қырып-жою қаруын таратуын қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың өзге де шараларына сәйкес ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттердің) қаржы жүйелері мен экономикаларын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлерінен қорғау үшін жағдайларды жетілдіру және өңірлік деңгейде тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

      ЕАТ-тың негізгі міндеттері:

      мүше мемлекеттердің ФАТФ стандарттарын енгізуіне жәрдемдесу;

      бірлескен іс-шараларды әзірлеу және өткізу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін дамытуға бағытталған үздік практикаларды енгізу;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қабылданатын заңнамалық және өзге де шаралардың тиімділігін зерделеуді қоса алғанда, ФАТФ стандарттарының базасында мүше мемлекеттердің өзара бағалау бағдарламасын жүзеге асыру;

      мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, құрылымдармен және мүдделі мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық және техникалық жәрдемдесу бағдарламаларын үйлестіру;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы типологияларды, тәуекелдер мен үрдістерді талдау, мүше мемлекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, тәжірибе алмасу және осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл шараларын тұжырымдау болып табылады.".

      3. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-қа мүше мемлекеттер" деген сөздер тиісті септіктердегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 4-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4.1. Баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пленарлық отырыс";

      4.2. 3-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пленарлық отырыс Пленарлық отырыстарды және ЕАТ-тың жұмыс топтарының отырыстарын өткізу регламентіне сәйкес осы Келісімде көзделген ЕАТ-тың жұмыс істеу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.".

      4.3. 4-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пленарлық отырыстың шешімі бойынша EAT қызметінің жекелеген бағыттары бойынша жұмыс топтары және өзге де жұмыс форматтары құрылуы мүмкін, олар белгіленген құзырет саласына сәйкес Пленарлық отырысқа есеп береді. ЕАТ жұмыс топтарын және өзге де жұмыс форматтарын қалыптастыру тәртібі мен олардың өкілеттіктерін Пленарлық отырыс айқындайды.".

      5. 5-баптың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАТ-тың төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Пленарлық отырыстың шешімімен екі жылдық кезеңге бекітіледі. Төраға мүше мемлекеттің азаматы болуға және жоғары мемлекеттік лауазымда болуға тиіс. Төраға лауазымына кандидатураларды мүше мемлекеттердің делегациялары ұсынады, бұл ретте бір кандидатураны да, бірнеше кандидатураны да ұсынуға жол беріледі.".

      6. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-тың Төрағасы" деген сөздер "Төраға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ Төрағасының орынбасары" деген сөздер тиісті септіктердегі "Төрағаның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 6-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8.1. Баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хатшылық";

      8.2. 1-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хатшылық осы Келісімнің 2- бабында, сондай-ақ Пленарлық отырыстың, Жұмыс топтарының шешімдерін және Төрағаның тапсырмаларын іске асыру мақсатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған функцияларды тұрақты негізде орындайды.".

      8.3. 2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хатшылықты Пленарлық отырыстың шешімімен тағайындалатын ЕАТ-тың Атқарушы хатшысы (бұдан әрі - Атқарушы хатшы) басқарады.".

      8.4. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-тың Атқарушы хатшысы" деген сөздер тиісті септіктердегі "Атқарушы хатшы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8.5. 4 және 6-абзацтарда түрлі септіктердегі "персонал" деген сөз тиісті септіктердегі "қызметкерлер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. 7-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      9.1. 3-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде ФАТФ стандарттарына сәйкес келетін заңнаманы әзірлеу және қолдану бойынша белсенді қадамдар жасайтын.".

      9.2. 7-абзацтағы "ЕАТ-тың бюджетіне жыл сайын мүшелік жарна" деген сөздер "ЕАТ бюджетіне жыл сайын үлестік жарна" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. 8-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      10.1. 10-абзацтағы "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер "қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10.2. 11-абзацтағы "он жұмыс күнінен" деген сөздер "15 жұмыс күнінен" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. ЕАТ туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер

      1. Ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1.1. Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-қа мүше мемлекеттер" деген сөздер тиісті септіктердегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1.2. Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-тың Төрағасы" деген сөздер тиісті септіктердегі "Төраға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      1.3. Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "ЕАТ-тың Хатшылығы" деген сөздер тиісті септіктердегі "Хатшылық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      1.4. Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "бюджет" деген сөз тиісті септіктердегі "ЕАТ бюджеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1.5. Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "түсімдер" деген сөз тиісті септіктердегі "түсімдер (кірістер)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2.1. Бөлімнің "I. Жалпы ережелер" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Жалпы ережелер".

      2.2. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      а. ЕАТ бюджеті - ЕАТ-тың мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталатын ақша қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың негізгі қаржылық жоспары;

      б. қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңі;

      в. үлестік жарна - қаржы жылында ЕАТ бюджетін қаржыландыру мақсатында мүше мемлекет үшін белгіленген сома;

      г. ерікті жарна - мүше мемлекеттен ЕАТ бюджетінде қаржы жылына көзделген үлестік жарна сомасынан тыс ЕАТ қызметін қамтамасыз ету үшін түсетін түсімдер;

      д. нысаналы ерікті жарна - мүше мемлекеттен EAT бюджетінде қаржы жылына көзделген үлестік жарна сомасынан тыс оның бастамаларын іске асыру үшін түсетін түсімдер;

      е. өзге түсімдер (кірістер) - ЕАТ қызметін қамтамасыз етуге арналған, ЕАТ-тың мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін, ЕАТ-қа мүше болып табылмайтын мемлекеттер мен ұйымдардан түсетін басқа да түсімдер;

      ж. ішкі аудит - түсімдердің (кірістердің), сондай-ақ шығыстардың қалыптастырылуын бақылау, жоспарлы көрсеткіштер мен нормативтерден ауытқуларды анықтау, ауытқу себептерін талдау, қаржы-шаруашылық қызмет резервтерін іздестіру және Атқарушы хатшыны, сондай-ақ қажет болған жағдайда Төрағаны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      з. сыртқы аудит - Пленарлық отырыс мүше мемлекеттердің өкілдерінен тағайындаған тұлға (тұлғалар) немесе институт жүзеге асыратын Хатшылықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру;

      и. міндеттеме - Пленарлық отырыстың және/немесе Атқарушы хатшының тиісті рұқсаты алынған Хатшылықтың шарттық қатынастарға түсуі немесе ЕАТ-тың қаржылық жауаптылығына әкеп соғатын басқа да мәмілелер түрлері;

      к. түсімдер (кірістер) - ЕАТ бюджетіне үлестік жарналар, ерікті жарналар, нысаналы ерікті жарналар, сондай-ақ өзге де түсімдер (кірістер) түрінде түскен қаражат;

      л. қаржылық бақылау - ЕАТ бюджетін жасау, қарау және атқару, сондай-ақ бюджет қаражатының нысаналы бөлінуі мен пайдаланылуын ішкі және сыртқы тексеру және бақылау;

      м. Жалпы қор - ЕАТ бюджеті бойынша түсімдерді (кірістерді) және шығыстарды есепке алу үшін ашылған шот;

      н. Резервтік қор - ЕАТ қызметіне байланысты күтпеген және төтенше шығыстарды қаржыландыру мақсатында ақша қаражатының қозғалысын есепке алу үшін ашылған шот;

      о. Нысаналы қор - қажет болған жағдайда ЕАТ қызметімен байланысты жекелеген жобалар және/немесе бастамалар бойынша түсімдерді (кірістерді) және шығыстарды есепке алу үшін ашылған арнайы шот.".

      3. 2-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3.1. Бөлімнің "II. EAT бюджеті" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-бап. ЕАТ бюджеті".

      3.2. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАТ бюджеті үлестік жарналардан, ерікті жарналардан, нысаналы ерікті жарналардан, сондай-ақ өзге де түсімдерден (кірістерден) қалыптастырылады. Үлестік жарналар, ерікті жарналар, нысаналы ерікті жарналар, сондай-ақ басқа да түсімдер (кірістер) Ресей рублімен немесе АҚШ долларымен төленуі мүмкін және Хатшылықтың шотына түскен күнгі Ресей Федерациясы Орталық Банкінің бағамы бойынша есепке алынады.".

      3.3. 3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3.4. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАТ бюджеті олар жататын қаржы жылына арналған барлық болжамды түсімдерді (кірістерді) және жоспарланған шығыстарды қамтиды және Ресей рублімен қалыптастырылады. Үлестік жарналар Ресей рублімен және кезекті қаржы жылына арналған ЕАТ бюджетінде белгіленген бағам бойынша АҚШ долларымен есептеледі.".

      4. 3-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4.1. Бөлімнің "III. Жарналар" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Үлестік жарналар".

      4.2. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үлестік жарналар есебіне төленуге жататын сомалар Пленарлық отырыспен келісу бойынша Атқарушы хатшы айқындаған банктегі шотқа аударылады.".

      4.3. 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үлестік жарналар Атқарушы хатшыдан тиесілі жарналар туралы хабарлама алынған кезден бастап отыз күн ішінде немесе күнтізбелік жылдың бірінші айы ішінде не Атқарушы хатшымен келісу бойынша өзге мерзімдерде толық көлемде төленуге тиіс.".

      4.4. 10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      4.5. 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы жылы басталғанға дейін ЕАТ бюджеті бекітілмеген жағдайда мүше мемлекеттер EAT бюджеті бекітілгенге дейін ай сайын алдыңғы қаржы жылының ЕАТ бюджетінің 1/12 мөлшерінде жарналар аударып отырады.".

      5. 4-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5.1. Бөлімніц "IV. Бюджетті қалыптастыру және атқару" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. EAT бюджетін қалыптастыру және атқару".

      5.2. 12-тармақтағы "келесі" деген сөз "кезекті" деген сезбен ауыстырылсын.

      5.3. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы хатшы мүше мемлекеттерге үлестік жарналардың түскені туралы хабарлайды.".

      5.4. 16-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5.5. 17-тармақтағы "Атқарушы хатшы" деген сөздер "Хатшылық" деген сезбен ауыстырылсын.

      5.6. 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пленарлық отырыс ЕАТ бюджетін қаржы жылы басталғанға дейін бекітпеген жағдайда Атқарушы хатшы міндеттемелерді қабылдауға және ағымдағы қаржы жылына арналған ЕАТ бюджеті бекітілгенге дейін алдыңғы қаржы жылының ЕАТ бюджеті сомасының 1/12 шегінде ай сайынғы негізде төлемдерді жүргізуге уәкілетті.".

      6. 5-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6.1. Бөлімнің "V. Қорларды құру" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Қорларды құру.".

      6.2. 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАТ бюджеті бойынша түсімдерді (кірістерді) және шығыстарды есепке алу Жалпы қор арқылы жүзеге асырылады. Қорды қалыптастыру көзі үлестік жарналар, ерікті жарналар, нысаналы ерікті жарналар, сондай-ақ өзге де түсімдер (кірістер) болып табылады.".

      6.3. 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті жарналар, нысаналы ерікті жарналар, сондай-ақ ЕАТ бюджетіне түсетін басқа да түсімдер (кірістер) жоспардан тыс түсімдер болып табылуы мүмкін және осы қаражат мақсатының ЕАТ-тың мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмеуі шартымен ЕАТ бюджетінде ағымдағы (кезекті) қаржы жылына көзделген шығыстардан тыс ЕАТ-тың ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге арналған.".

      6.4. 21-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:

      "Ерікті жарналардың, нысаналы ерікті жарналардың, сондай-ақ өзге де түсімдердің (кірістердің) есебіне төленуге жататын сомалар Пленарлық отырыспен келісу бойынша Атқарушы хатшы айқындаған банктегі шотқа аударылады. Атқарушы хатшы қажет болған кезде ерікті жарналардан, нысаналы ерікті жарналардан және өзге де түсімдерден (кірістерден) түскен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу үшін арнайы шоттар аша алады.".

      6.5. 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы хатшы қажет болған кезде ЕАТ-тың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жекелеген жобаларды іске асыру үшін Пленарлық отырыстың келісуімен Нысаналы қорлар құра алады.".

      6.6. 22-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:

      "ФАТФ стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету мақсатында ЕАТ бюджеті сарапшыларды, оның ішінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік қызметшілерін тартуға арналған шығыстарды, егер бұл ұлттық заңнамаға қайшы келмесе, ерікті жарналар мен өзге де түсімдер (кірістер) есебінен көзделуі мүмкін.".

      6.7. 23-тармақ алып тасталсын.

      7. 6-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      7.1. Бөлімнің "VI. Бақылау және аудит" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Бақылау және аудит".

      7.2. 25-тармақтағы "Сыртқы аудитті ЕАТ мүше мемлекеттерінің өкілдері жүзеге асырады" деген соңғы сейлем алып тасталсын.

      8. 7-бөлімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8.1. Бөлімнің "VII. Өзге ережелер" деген атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Өзге ережелер".

      8.2. 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүше мемлекет белгіленген мерзімде төлемеген үлестік жарналардың сомалары осы мемлекеттің ЕАТ алдындағы міндетті өтеуге жататын берешегі болып табылады.".

      8.3. 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылына жататын үлестік жарналарды толық көлемде төлемеген мүше мемлекеттер үшін ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан бастап ол толық өтелген күнге дейін берешек сомасына айына 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептеледі, егер Пленарлық отырыс өзгеше шешім қабылдамаса, ол ЕАТ бюджетіне аударылады.".

      8.4. 28-тармақтағы "бюджеттік" деген сөз "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8.5. 32-тармақтағы "Жылжымалы" деген сөз "ЕАТ-тың қызметі тоқтатылған жағдайда жылжымалы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8.6. 32-тармақтағы "бюджеттік" деген сөз "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8.7. 33-тармақтағы "бюджеттік" деген сөз "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8.8. 34-тармақтағы "міндетті жарна" деген сөздер "үлестік жарна" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. Ереженің бүкіл мәтіні бойынша әрбір баптың нөмірленуі 1-тармақтан басталсын.

2.1-бап. Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын ЕАТ бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге қосымшаға енгізілетін өзгерістер

      1. Есептеу формуласының атауындағы "жыл сайынғы жарналарын" деген сөздер "үлестік жарналарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қолданылатын ұғымдар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет жарнасының сомасы - мүше мемлекеттер ЕАТ бюджетіне аударатын үлестік жарнаның сомасы.

      Мемлекеттің ЖІӨ - мүше мемлекеттің соңғы 5 жылдағы жалпы ішкі өнімінің орташа көрсеткіші, ЕАТ бюджетін қалыптастыру күнгі БҰҰ-ның статистикалық деректеріне сәйкес есептеледі.

      Барлық мүшелердің жан басына шаққандағы ЖЮ сомасы - барлық мемлекеттердің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіштерінің жалпы сомасы.".

3-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Хаттама ЕАТ туралы келісімнің 12-бабына сәйкес күшіне енеді.

      Осы Хаттама 2011 жылғы 16 маусымдағы ЕАТ туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      _____ жылғы      ____ ___ ____ қаласында орыс, ағылшын және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің заңдық күші бірдей. Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы ЕАТ Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитариі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін ______________________
      Үндістан Республикасының Үкіметі үшін ______________________
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ______________________
      Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін _____________________
      Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті үшін _____________
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін ______________________
      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін ______________________
      Түрікменстан Үкіметі үшін ______________________
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады