Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 372 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – табиғи парк) жалпы алаңы 28,93 гектар жерлері "Батыс" коллекторы бар Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Түркістан облысының әкімдігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі табиғи парктің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 6 маусымдағы
№ 372 қаулысына
қосымша

"Батыс" коллекторы бар Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің
экспликациясы

Атауы

Жалпы алаң, гектармен

Оның ішінде:

орманды жерлер

орманды жерлер жиыны

ормансыз жерлер
жиыны

орман көмкерген,
барлығы

оның ішінде

жинақталмаған орман
дақылдары

орман көмкермеген,
барлығы

орман дақылдары

"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлері

28,93

9,31

0

0

0

9,31

19,62

Барлығы:

28,93

9,31

0

0

0

9,31

19,62


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады