Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жасалған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қосымша хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 373 қаулысымен бекітілген |
2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға 2015 жылғы 9 желтоқсандағы қосымша Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға (бұдан әрі – Хаттама) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы қосымша хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Жалпы ережелер
1. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі:
1) полицияны реформалау бағдарламасын ілгерілетуде, атап айтқанда, сервистік полицияны енгізуді қолдауда, полиция академиялары мен басқа да бағыттар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеуде;
2) Қазақстан Республикасында Интернет желісінде жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша әлеуетті дамытуда (киберқылмысқа қарсы іс-қимыл);
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстық істерді анықтауда, тергеуде және қарауда, сондай-ақ қылмыстық сот төрелігі саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту іс-шараларын жүргізуде құқық қорғау әлеуетін дамытуда Қазақстан Республикасын қолдау үшін әзірленген жаңа жобаларды жасау үшін 2326000 АҚШ долларын бөледі.
2. Жобалардың және оларды іске асыру мақсаттарының толық сипаттамасы осы Хаттаманың 2 және 3-баптарында келтірілген. Осы қосымша хаттама 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумда (бұдан әрі – Меморандум) санамаланған жобаларға қолданылатын тиімділік көрсеткіштерін өзгертпейді. Меморандумда жазылған барлық басқа міндеттемелер, шарттар мен ережелер күшінде қалады және толық көлемде қолданылады.
3. Америка Құрама Штаттары Үкіметінің осы Хаттамаға сәйкес ағымдағы қаржы жылынан кейін қаржы қаражатын беруі Меморандумда санамаланған жобалардың мақсаттарына қол жеткізудегі қанағаттанарлық прогреске, сондай-ақ бөлінуі жыл сайын Америка Құрама Штаттарының Конгресімен мақұлданатын және берілетін және Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті бекітетін қаржы қаражатының болуына негізделген. Тараптар қаржы құралдарын ұсынылған қаржы құралдарының сомасын көрсету үшін Меморандумға өзгеріс енгізудің одан әрі қажетсіздігімен енгізілген түзетулермен Меморандумда баяндалған шарттарды сақтаған жағдайда осы Хаттамаға сәйкес ұсынатын болады. АҚШ Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметін осы Хаттамаға сәйкес қаржы қаражатын беру туралы хабардар етеді.
2-бап. Жобалардың сипаттамасы Құқық қорғау реформасы
1. Құқық қорғау қызметін реформалау жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Халықпен жұмыс істеуге бағдарланған сервистік полицияны әзірлеуде және институттандыруда, сондай-ақ полиция қызметкерлерін қабылдау рәсіміне және оқыту ұзақтығына өзгерістер енгізуге байланысты қолдау көрсетілетін болады, жоба шеңберінде Ішкі істер министрлігінің полиция академиялары үшін оқу бағдарламаларын әзірлеуде және басқа да бағыттарды дамытуда қолдау көрсетілетін болады. Бұл жобаның нәтижесі стандартталған оқу бағдарламалары мен ұлттық сервистік полиция бағдарламасын әзірлеу болады, ол құқық қорғау органдарына қоғамдық сенімнің ажырамас бөлігі болып танылады.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
2. Интернет желісіндегі қылмыстарға қарсы іс-қимыл жобасы тергеушілерден судьяларға дейінгі қылмыстық сот төрелігі жүйесін қамтиды. Жоба шеңберінде ағымдағы заңнаманы бағалау, жедел құрам мен тергеушілерді киберқылмыстарды анықтау және тергеу әдістеріне оқыту, сондай-ақ прокурорлар мен судьяларды Интернет желісіндегі қылмыстық іс-әрекетке қатысты қылмыстық қудалау және сот шешімдерін шығару үшін қажетті дәлелдемелер туралы хабардар ету жүргізіледі. Осы жоба аяқталғаннан кейін қылмыстық сот төрелігі органдары интернетте жасалатын қылмыстар бойынша анықтау, тергеу және қылмыстық қудалау мәселелерінде көбірек хабардар болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
3. Жоба шеңберінде қылмыстық сот төрелігі жүйесінің барлық буындарының өкілдері үшін оқыту іс-шараларын жүргізу арқылы тергеушілердің, прокурорлар мен судьялардың әлеуетін нығайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсетілетін болады. Жоба шеңберінде қылмыстық сот төрелігі органдарының өкілдері үшін мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі мәселелері бойынша оқыту іс-шаралары жүргізіледі.
4. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін АҚШ Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі осы күш-жігерді қолдау үшін өздерінің заңнамалық рәсімдеріне сәйкес жыл сайынғы негізде іс-қимыл жасайды және ресурстар бөледі.
3-бап. Жобалардың тиімділігін бағалау және мақсаттарына қол жеткізу
1. Осы жобалардың ұзақ мерзімді мақсаты бір мезгілде қылмыстық қудалау институттарына қоғамдық сенімді одан әрі нығайтуды қолдай отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық сот төрелігі органдарының кәсібилігін жоғарылату және әлеуетін арттыру болып табылады.
Осы Хаттамаға сәйкес бөлінетін қаржыландырудың мақсаты есірткінің заңсыз айналымы, сыбайлас жемқорлық, заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстату, адам саудасы және киберқылмыс сияқты трансұлттық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының, сот төрелігі органдарының және үкіметтің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Құқық қорғау реформасы
2. Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі жетістік Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп әзірленген полиция академияларының оқу бағдарламаларын қабылдауымен және Қазақстанның жекелеген ірі және орта қалаларында сервистік полицияның енгізілгенін анықтаумен бағаланады. Жоба шеңберінде тренингтердің тыңдаушыларымен жүргізілген сұхбаттар оқытудың қолданылу ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
3. Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс 2020 күнтізбелік жылға қамауға алу, қылмыстық қудалау және айыптау үкімдерін шығару жөніндегі базалық статистикалық көрсеткіштерді белгілеу арқылы өлшенетін болады. Жобаның алғашқы 24 айдағы мақсаты белгіленген базалық деңгеймен салыстырғанда 20 пайызға ұлғайту болады. Жоба шеңберінде оқыту іс-шараларының тыңдаушыларымен өткізілген сұхбаттар өткізілген оқыту іс-шараларының қолданылуы мен тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
4. Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс жоба қаржыландыратын оқыту нәтижесінде алынған және қолданылатын біліммен өлшенетін болады. Білімді алу және қолдану қатысушылар оқу кезінде және оқудан кейін алты ай ішінде толтырған сауалнамалар негізінде анықталады. Мақсат – бұл білімді орта есеппен 50 пайызға арттыру және осы білімді жылына 40 пайызға қолдану болып табылады. Тараптар оқыту нәтижесінде алынған білімді қолдану мүмкіндіктері оқудан кейін белгіленген кезең ішінде пайда болмауы мүмкін екенін түсінеді.
4-бап. Іске асыруды бағалау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Америка Құрама Штаттары Үкіметінің ресми өкілдері осы Хаттаманың 2-бабында көрсетілген жобалардың іске асырылу барысын талқылау үшін жылына кемінде екі рет кездеседі.
5-бап. Қосымша хаттамамен арақатынасы
Осы Хаттама Қосымша хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады.
6-бап. Күшіне енуі
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап қолданылады және Қазақстан Тарапы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оның орындағаны туралы хабарлама жіберген күннен бастап күшіне енеді.
2021 жылғы 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жасалды, екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Америка Құрама ШтаттарыныңҮкіметі үшін |
_____________________________ | _____________________________ |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев |
Елші Уильям Мозер |