"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 шiлдедегi № 515 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.
            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабар алмасу сервисінен бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрату;

      онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындау;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектеу;";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу және осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру;";

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 259-1), 259-2), 259-3), 259-4), 259-5) және 259-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "259-1) сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      259-2) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      259-3) байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-1-бабының 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма;

      259-4) интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      259-5) шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу;

      259-6) шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, алтыншы, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады