"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілсін.
2. Мына коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауы өзгертілсін:
1) "Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 Қарауылкелді орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "ҚазССР 30 жылдығы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шеңгелши негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Крупская атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ащысай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |