"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 618 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 27 тамыздағы
№ 618 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-191-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-191. "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 375-9-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "375-9-1. "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      4. "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 225 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласының (бұдан әрі – бағдарлама) жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады