"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 650 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!     
      Осы қаулы 01.07. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы:";

      4-тармақта:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:";

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік қызметтері:".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады