Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығын және Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығын және Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 682 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады) екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытудың ортақ ниетіне сәйкес достық консультациялары нәтижесінде төмендегілер туралы келіскенін растайды:
1. Қытай Халық Республикасының Үкіметі Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашуға келісімін білдіреді, консулдық округ Шэньси, Ганьсу, Сычуань, Хубэй провинцияларын, Нинся-Хуэй автономиялық ауданын және Чунцин қаласын қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ақтөбе қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашуға келісімін білдіреді, консулдық округ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды.
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ Бейжің қаласы |
3. Тараптар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын, 1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Консулдық келісімді негізге ала отырып, сондай-ақ өз мемлекеттерінің заңнамасына және тепе-теңдік қағидатына сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында консулдық мекемелер ашу және консулдық функцияларды орындау үшін барлық қажетті көмек пен мүмкіндіктерді ұсынады.
4. Тараптар екі мемлекет арасындағы консулдық мәселелерді халықаралық құқық пен практика, атап айтқанда 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы және 1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Консулдық келісім негізінде, сондай-ақ тепе-теңдік қағидатына сәйкес достық консультациялар арқылы шешеді.
Қытай Халық Республикасының Үкіметі атынан Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, осы нота мен Қытай тарапының жауап нотасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын және Ақтөбе қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімді жасайды, ол дипломатиялық арналар арқылы Қытай тарапының жауап нотасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы нота мен Қытай тарапының жауап нотасы күші бірдей қазақ және қытай тілдерінде жасалады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзінің зор ілтипатын тағы да растайды.
Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі |
|
№ 682 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің _______ (күні) № _________ мынадай мазмұндағы нотасын алғанын растайды:
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің құрметін білдіреді және Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметінің (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады) екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту ортақ ниетіне сәйкес достық консультациялары нәтижесінде төмендегілер туралы келіскенін растайды:
1. Қытай Халық Республикасының Үкіметі Сиань қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашуға келісімін білдіреді, консулдық округ Шэньси, Ганьсу, Сычуань, Хубэй провинцияларын, Нинся-Хуэй автономиялық ауданын және Чунцин қаласын қамтиды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ Нұр-Сұлтан қаласы |
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ақтөбе қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашуға келісімін білдіреді, консулдық округ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды.
3. Тараптар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын, 1992 жылғы 10 тамыздағы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Консулдық келісімді негізге ала отырып, сондай-ақ өз мемлекеттерінің заңнамасына және тепе-теңдік қағидатына сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында консулдық мекемелер ашу және консулдық функцияларды орындау үшін барлық қажетті көмек пен мүмкіндіктерді ұсынады.
4. Тараптар екі мемлекет арасындағы консулдық мәселелерді халықаралық құқық пен практика, атап айтқанда 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы және 1992 жылғы 10 тамыздағы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Консулдық келісім негізінде, сондай-ақ тепе-теңдік қағидатына сәйкес достық консультациялар арқылы шешеді.
Қытай Халық Республикасының Үкіметі атынан Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, осы нота мен қытай тарапының жауап нотасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын және Ақтөбе қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімді жасайды, ол дипломатиялық арналар арқылы қытай тарапының жауап нотасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы нота мен қытайлық тараптың жауап нотасы күші бірдей қазақ және қытай тілдерінде жасалады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің жоғары құрметін қайта білдіру үшін осы мүмкіндікті пайдаланады.".
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда айтылғандарды растауды және онымен келісуді мәртебе санай отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ______ нотасы және Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің осы жауап нотасы Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын және Ақтөбе қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді білдіреді.
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор ілтипатын тағы да растайды.
Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жылғы " "