Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Демалыс күндері:
2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге;
2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |